Практикалық сұрақтары:
1. А.И.Щипилов бойынша топтастырылған конфликтілерді келтіріңіз.
2. Адамның өмірлік іс-әрекеттеріне байланысты пайда болған конфликтілерді атап, жеке-жеке сипаттама беріңіз.
3. Конфликтінің қандай қызметтері бар?
4. Конфликтілердің қандай белгілері болады?
5. Топтастырудың түрлеріне сипаттама беріңіз.
4. Дәріс. Тұлғаішілік конфликтілер
Мақсаты: ЖОО студенттерінде тұлғаішілік конфликтілер туралы теориялық білімді қалыптастыру.
Жоспары:
1. Тұлғаішілік конфликтіні түсіндірудің негізгі бағыттары
2. Тұлғаішілік конфликтілердің түрлері
3. Тұлғаішілік конфликтілердің генезисі мен салдарлары.
1. Ішкітұлғалық конфликтілерді ғылыми зертеу XIX ғасырдың соңында басталды. Моральдық ішкітұлғалық конфликт категориясы философиялық әдебиеттерде айтарлықтай көрнекті көрініс тапқандықтан, философ-этиктер бұл тұрғыда психологтардан озып кетті деп саналады. Критикалық ситуацияларды бастан кешіру нәтижесінде адамның психикасы мен ағзасындағы патологиялық өзгерістер проблемалары психатрия мен биологияда бұрыннан қарастырылып келе жатыр (Донченко, Титаренко, 1989). Психолгияда жиырмасыншы ғасырдың ішінде ішкітұлғалық конфликтілер проблемасына байланысты бірқатар теориялық және эмпирикалық материал жиналған.
Тұлғаішілік конфликт проблемасы шетел психологиясында белсенді түрде қарастырылып жатыр. Шетел зерттеулерінің ерекшелігі сол, ішкітұлғалық конфликтіні белгілі бір психологиялық мектептердің шеңберінде қалыптасқан тұлға түсініктеріне сүйене отырып қарастырылады.
Психоаналитикалық бағыт шеңберіндегі ішкітұлғалық конфликт концепциясында оның биопсихологиялық түсіндірмесіне ерекше көңіл бөлінеді. Ішкітұлғалық конфликт күйіндегі адамда тілектердің қайшы келіп қалуы болады, тұлғаның бір бөлігі белгілі бір тілектерді жақтайды, екіншісі оларды қабылдамайды (Фрейд, 1991). К.Юнг теориясында (1967) ішкітұлғалық конфликт бұл психиканың тым төмен деңгейіндегі регресс, яғни, ол санасыздық аймағында жүреді. К. Хорниде ішкітұлғалық конфликт екі позицияда талданады. Біріншіден, бұл тілектерді қанағаттандыру мен қауіпсізлікке деген ұмтылыстардың қайшы келуі. Екіншіден, ішкітұлғалық конфликт «невротикалық қажеттіліктердің» қайшылығы болып табылады, оларды қанағаттандыру басқалардың фрустрациясына әкеп соқтырады (1993).
Достарыңызбен бөлісу: |