Дәріс. Конфликтологияның басқа пәндер арасында алатын орны. Конфликт ұғымы Мақсаты



бет12/39
Дата30.03.2023
өлшемі356,37 Kb.
#77459
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39
Типология деп конфликтінің маңызды белгісі негіз болатын топтастыру аталады. Бұл топтастырудың ең бағалы және күрделі түрі. Типологияның нәтижесінде конфликтілердің бірқатар түрлерін бөліп көрсетуге болады. Түрдің өзі көптеген конфликтілерді топтастырудың таңдалған негізі бойынша бөлу бірлігі болып табылады. Конфликтілердің базистік типологиясының 4-суретте көрсетілгендей түрлері бар.
4-суреттен байқағанымыздай, ол адамның қатысуымен болатын конфликтілер: әлеуметтік және ішкітұлғалық, сондай-ақ, зооконфликтілерден тұрады. Конфликт психологиясының негізгі обьектісі болып әлеуметтік конфликтілердің жеті түрі табылады. Тұлғааралық конфликтілер -бұл екі адамның мүдделерінің қақтығысуы. Егер бөлім бастығы өзін бағыныштылар тобына қарсы қойса, онда бұл «тұлға –топ» түріндегі конфликт болады. Орта мектептің мұғалімдер ұжымындағы директордың жақтаушылары мен оның қарсыластары арасындағы күрес шағын топтар арасындағы конфликт болып табылады. Егер конфликтіге қатысушылар саны бірнеше жүз адамнан көп болса, онда бұл үлкен әлеуметтік топтар арасындағы конфликт болады. Мемлекетаралық конфликтілер екі мемлекет немесе олардың коалициями арасындағы күрес болып табылады. Конфликтінің маңызды сипаттамасы оған қатысушы жақтардың (қарама) бір–біріне қарсы әрекеттердің шиелінісуі болып табылады. Батыс конфликтологиясында бұл сипаттама конфликтінің қарқындылығы (интенсивтілігі) деп аталады. Аталмыш негізге байланысты конфликтілерді төмен, орта және жоғары қарқындылықты деп бөледі. Қарқындылығы төмен конфликт оппоненттер арасындағы талас, керіс, талас, келіспеушілік, жаман сөздер айту түрінде өтеді. Ең жоғары қарқындылықтағы конфликт нкі жақтың бірін физикалық құртумен аяқталады.
Адамның конфликт болып жататын өмір сүру сферасына байланысты оларды жанұялық, тұрмыстық, өндірістік, экономикалық, саяси, педагогикалық, және т.б. деп бөледі.
Конфликтінің конструктивті және деструктивті функциялары бар. Конфликтілердегі жағымды және жағымсыз элементтердің арақатынасына байланысты оларды конструктивті, деструктивті және жағымсыз салдарлары бар деп бөледі.
Конфликтілердің әр түрлілігі көп жағдайда олардағы себепті – мотивациялық байланыстармен анықталады. Осыны ескере келе, Н.В.Гришина өндірістік конфликтілерді зерттеу нәтижесінде мынандай конфликтті түрлерін бөліп көрсетті: еңбек іс -әрекетінің бірінші мақсаттарына жету барысындағы кедергіге реакция ретінде пайда болатын конфликтілер; бірлескен еңбек іс-әрекетінің екінші жеке сипаты бар мақсаттарына жету барысындағы кедергіге реакция ретінде пайда болатын конфликтілер; қарым –қатынастың қабылданған нормаларына сәйкес келмейтін немесе адамдардың күткендеріне жауап бермейтін мінез–құлыққа реакция ретінде пайда болатын конфликтілер; еңбек ұжымы мүшелерінің жеке – психологиялық ерекшеліктеріне қарай пайда болатын тұлғалық конфликтілер.
Тұлғааралық конфликтілерді оппоненттер арасындағы бағыныштылық қатынастардың сипатына байланысты «тігінші», «көлденеңінен», және «диогоноль» бойынша оппоненттер жанама бағыныштылық қатынастарында болған кездегі конфликтілер.
Жоғарыда сипатталған типологиялар конфликтілердің мүмкін болатын топтастырудың барлық көп түрлігін жоғалтпайды .
Топтастырудың негізіне конфликтінің кез–келген белгісі жатуы мүмкін. Дәл сондықтан конфликтілердің бір топтастыруын құру өте қиын. Бұл қазіргі конфликт психологияның шешілмеген проблемаларының бірі.
Конфликтілерді С.М.Емельянов бойынша топтастыру





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет