Дәріс. Конфликтологияның басқа пәндер арасында алатын орны. Конфликт ұғымы Мақсаты



бет9/39
Дата30.03.2023
өлшемі356,37 Kb.
#77459
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39
Байланысты:
дәрістер кешені 2

3-кезең-1990жыл–қазіргі уақыт. Алғашқы пәнаралық зерттеулер пайда болды, конфликтология жеке ғылым болып, ал конфликт психологиясы–оның жетекші саласы болып бөлініп шыға бастайды. Публикациялардың жыл сайын санының шұғыл артуы байқалады (жылына 165-290-ға дейін), конфликтілерді зерттеуге және реттеуге байланысты психологиялық орталықтар, топтар құрылады. Бұған А.Л.Анцупов, Н.В.Гришина, Ю.А.Канатаев, М.М.Рыбакова, Б.И.Хасан, А.И.Шителов, В.А.Хащенко, Э.З.Хащенко және т.б. сияқты психолог зерттеушілер айтарлықтай еңбек сіңірді.
2. Ішкітұлғалық және әлеуметтік конфликтілерді зерттеуде шетел психологиясының айтарлықтай дәстүрлері бар. Шамамен 100-жылдық кезеңде жинақталған үлкен теориялық және эмпирикалық материал әр түрлі бағыттар мен теориялық плетформаларда көрініс табады. Конфликт психологияның тарихында екі кезеңді шартты түрде сынап көрсетуге болады. 20 ғасырдың басы-50 жылдар; 50-жылдардың соңы – қазіргі уақыт. Айырмашылықта негіз конфликт проблемасының психологияда қарастырылатын басқа проблемалар қатарынан бөлініп шығу дәрежесі болады. Ғасырдың бірінші жартысында конфликт зерттеудің жекелеген обьектісі ретінде бөлінбеді, анағұрлым кең концепциялардың (мысалы, психоанализдегі немесе социометриядағы) құрамдас бөлігі ретінде қарастырылды. Психологтарды зерттеудің орталық звеносы ретінде конфликтінің өзі емес, не болмаса конфликтілердің салдарлары, не болмаса оған әкелетін себептердің кейбіреуі қызықтырды.
50-60 жылдар аралығында психологтардың ғылыми қызығушылығы тікелей осы феноменге ауған зерттеулер пайда болады. Негізгі бағыттар бөлінеді, конфликтінің психологиялық теориясының түсінікті аппараты жасалады.
20 ғасырдың бірінші жартысында конфликтіні шетелдік психологиялық зерттеулердің негізгі бағыттарының ішінен төменднгілер бөлініп шығады:-психоаналитикалық (З.Фрейд, А.Адлер, К.Хорни, Э.Фромм);
-социотропты (У.Мак-Дугалл, С.Сигеле және т.б.);
-этологиялық (К.Лоренц, Н.Тинберген);
-топтық динамика теориясы (К.Ливин, Д.Креч, Л.Линдсей);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет