Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-20 фр 03


Үлкен есептер және үлкен компьютерлер



бет34/46
Дата14.01.2023
өлшемі2,05 Mb.
#61250
түріКонспект
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   46
Үлкен есептер және үлкен компьютерлер.
Егер үлкен есептеу жүйелері құрылса, онда олардың қандай да бір пайда болған үлкен есептерді шешу үшін қажеттілігі болғаны. Мысалы, қауіпті аймақта қандай да бір биік үй салынып жатыр делік. Ол жер қыртысының тербелісіне және қатты дауылға төтеп бере ала ма? Жобасы дайындалып жатқан ұшақтың жаңа түрі әртүрлі ұшу режимдерінде өзін қалай көрсетеді? Жер шарымыздағы климат енді бір жүз жыл көлемінде қандай болмақ? Жер қойнауындағы мұнай, газ қорының болашағы қандай?
Осы сияқты сұрақтар әрбір салада жүздеп, мыңдап пайда болуда. Олардың жауабын іздеудің жалпы қағидалары өте ертеде құрастырылған. Бірінші, осы обьектінің немесе процестің математикалық моделін құрудан бастайды. Математикалық моделдеу объектінің белгілі бір болмысын немесе болып жатқан процестерді теңдеулер тілінде және басқадай математикалық құралдар арқылы көрсету. Яғни, математикалық модель зерттеу облысына қатысты қандай да бір дифференциалдық, интегралдық, алгебралық немесе басқа да бір өрнектер жиыны. Осы алынған математикалық модельді, яғни теңдеуді немесе әртүрлі теңдеулер жүйесін шеше отырып, біз қойылған сұрақтардың жауабын ала аламыз.
Әрине, компьютерлер қаншалықты қуатты болғанымен олар өз беттерінше берілген есептерді шеше алмайды. Олар тек қана өте қарапайым амалдарды ғана орындай алады. Ал олардың бүкіл интеллектуалдық күші адам құрастырған бағдарламалармен анықталады. Бағдарламалар қандай да бір мақсатқа құрылған қарапайым амалдар тізбегін іске асырады. Шешімді іздеу, қарапайым амалдар тізбегін орындау процесіне келіп тіреледі. Бұл алгоритмді құрастыру деп аталады.
Сонымен, егер, математикалық модель тұрғызылса, онда келесі қадам есепті шешудің алгоритмін құрастыру болмақ. Есептеу нәтижесінің сапасы осыларға тікелей байланысты.
Үлкен есептер және үлкен компьютерлерді бір жіптің екі ұшы сияқты өзара тығыз байланысқан әрекет өрісі десек болады. Егер бір ұшы үлкен есептер бар болса, онда екінші ұшы компьютерлер де пайда болуы керек. Үлкен есептерді шешу қажеттілігі, аса қуатты компьютерлерді құрастыруға, жетілдіруге итермелейді. Ӛз кезегінде, бұл компьютерлер математикалық модельдерді жақсартуға мүмкіндік бере отырып, одан да үлкен есептерді қояды. Соңында қарапайым компьютерлер параллель компьютерлерге өзгерді. Есептер бұдан параллель бола қойған жоқ, бірақ есептеудің параллель құрылымды алгоритмдері дами бастады. Нәтижесінде шешілетін есептердің өлшемін тағы да арттыру мүмкіндігі пайда болды. Ендігі кезекте оптикалық және кванттық компьютерлер тұр. Бұл процесс жалғаса берері анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет