Дәріс курсы қ останай, 2021 Пікір сарапшылар



бет19/47
Дата14.09.2023
өлшемі0,77 Mb.
#107721
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47
2-сұрақ. Патопсихологиялық зертеулер жүргізуде бірнеше этапты бөлуге болады.
Бірінші этапты психологпен танысқанға дейін науқаспен клиницист жүргізеді және клиникалық есеп қалыптасуына әкеледі. Дәрігер осы нақты жағдайда патопсихолог есеппен танысады. Ол әңгімеде емдеуші дәрігермен ауру ағымының оны қызықтыратын ерекшеліктері, жіктеу диогностикалық критерилері немесе эксперименті болжамдары нақтыланады. Егер емдеу нәижесін бақылау туралы сөз болса, психолог дәрігермен бірге әртүрлі психикалық процестерге терапевтикалық шаралардың әсер ету спецификалық мүмкіндіктері талқылайды, қайталап тексеру мерзімі белгіленеді. Науқаспен әңгімелесу алдында патопсихолог науқас тарихы материалдарымен танысады. Онда психологты қызықтыратын мәліметтер болмаса, қосымша анамнез жинауға мәжбүр етеді.
Психолог үшін тек анамнез ғана емес ауру ағымының ерекшеліктері, басқада лабараториялық зерттеулер нәтижелері (биохимиялық, серологиялық, электрофизиялогиялық) қызығушылық тудырады. Ары қарай ауру тарихында науқастың психикалық статусы туралы жазбамен танысады және осы материалдарды психолог лабараторияда салыстырады. Бұл өте маңызды: науқастың бөлімшедегі психикалық жағдайы дәрігер жазбасымен лабораториядағы оның тәртібі сәйкес келмеуі психологқа зерттеу басталғанда симуляция немесе зерттелінуші жағынан агровация деп ойлауға негіз болады. Сонымен кейде зерттелуші күнделікті жазбалар бойынша психомоториканың тірі темпі анықталады, лаборатория жағдайында сенсоматорлық реакцияларды кенет баяулығы көрініс береді [47]..
Науқаспен әңгімені паспорттық мәліметтерді сұраудан бастайды, соның негізінде науқастың мнестикалық қызметінің жағдайы туралы алғашқы пікірлер қалыптасады. Ары қарай әңгімеде ес (қысқа және ұзақ), зейін, сана жағдайы сипатталады. Науқастың уақытқа, орынға және жеке тұлғасы: өзінің жеке өмірінің және жалпыға белгілі тарихи мәліметтерінің қалай жақсы есте сақтауына арентировкасы анықталады. Бұл сұрақтар науқастың психикалық толықтығын анықтайтын болғандықтан емтихан түрінде емес, табиғи әңгіме болуы мүмкін. Естің бұзылысы болған жағдайда, науқас өзінің есін қалай бағалайтынын міндетті түрде анықтау керек. Әңгімеде ауру есінің бар немесе жоқтығын, науқастың психотриялық ауруханаға оны орналастыруға және патопсихологиялық зерттеулер жүргізу фактісіне көзқарасы анықталады. Сондықтан науқасқа мұндай зерттеулер ем тағайындау және т.б. түсіндіру қажет. Түсіндіру кезінде зерттеуші оның ақылының деңгейін анықтау керектігін алға тартпағаны жөн. Психикалық аурулар ес, зейін, сенсомоториканы зерттеуге тез келіседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет