Дәріс курсы қ останай, 2021 Пікір сарапшылар


Патопсихологиялық зерттеу тәсілдері



бет21/47
Дата14.09.2023
өлшемі0,77 Mb.
#107721
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47
1. Патопсихологиялық зерттеу тәсілдері. Патопсихологиялық зерттеу тәсілдеріне методологиялық сипаттама беру. Патопсихологиялық эксперименттің ерекшеліктерін анықтау. Патопсихологиялық лабороторияларда қолданған әдіс - тәсіл принциптерін түсіну
2.Сандық өлшеу әдісі.
Сандық өлшеу әдісін түсіндіру.Қолдану тәсілдерін меңгеру.
Психологиялық ғылымның барлық саласы сияқты, потопсихология эксперимент әдісін қолданады. Патопсихологиялық зерттеу тәсілдері, олар негізделетін жалпы психологиялық принципті (негізді) теориялық мақсаттарға байланысты болады. Сондықтан психологиялық зерттеудің нақты жолдарын таңдап алу тек әдістемелік қана емес, сонымен бірге методологиялық сипатта да болады. Патопсихологиялық эксперименттің ерекшеліктерін түсіну үшін жалпы психологияның зерттеу әдістеріне бірнеше сөзбен тоқталып өту қажет. Эксперимент әдісі психологиядағы танымның жалғыз жолы болып табылады. Ол психологияның даму шамасы бойынша дәл ғылым ретінде және оның жалпы теориялық ережелерімен байланысы ретінде басым болды.
Бәрімізге белгілі, психология - рационалистердің зейіні адам психикасында жекелеген «Шын жүректен шыққан қабілетін» шектеуге бағытталған, олардың әрқайсысын сырттан алынған материалды өз бетінше қайта өңдейді. Психология осы мүмкіндіктерді суреттеу жұмысына алып барады.
Адамның ішкі дүниесін ойша суреттеу өз көрінісін тек психология-рационалистте алған жоқ.Ол психологияны түсінетін деп аталатын өкілдерден өз орынын тапты.(Ә. Шпангер, В.Дильтей). Психиканың жекелеген процестерге немесе қызметтерге ұсақталуын (бөлінуін) жоққа шығара отырып, бөлінбейтіндігін, психологиялық бірлестігін (тұтастығын) мойындай отырып, осы бағыттың өкілдері, егер табиғатты түсіндіруге болатын болса, онда психиканы тек түсінуге болады, деп есептей отырып, психикалық ғылыми зерттеуден бас тартады.Түсінетін психологияның бұл ережелері өз көрінісін психолог-экзистенциалистер концепциясында тапты.
Тәжірибеде бұл, психология бар болғаны субъектіні өткізуді бақылау, оның айтқандарын және өзі бақылағандарың тіркеуі және эксперименттен бас тарту, сол немесе басқа процестің ағыны тәуелді болатын жағдаймен
қызметті өзгерту мүмкіндігінен бас тартуы тиіс екендігін білдіреді.Мәні басқаша, психолог-экзистенциалист құбылысты суреттеуге ұмтылады, бірақ оның мәніне үңілмеуге (байлауға)ұмтылады.Рационалистікпен алмасуға әкелген эмперикалық психология зерттеу әдісінің басқаша түсінігін алып келеді. Эмперикалық психологияның дамуымен, психофизологияның дамуымен психологияға невралогия және психиатрия тәжірибесінен енген (кірген) эксперимент әдісі қолданыла бастады (В.Вундт, Г.Әббин, Ә.Гауз Титчеенер). Ірі емханаларда (Ленинградтағы В.М.Бехтеревтың, Лейпцигтегі Ә.Крепеилнаның,С.С.Корсакованың мәскеудегі) психологиялық лабораториялар ашылды.
Лабороторияларда қолданған әдіс - тәсіл принциптері әртүрлі.Оларға қысқаша тоқталып өтейік.Ұзақ уақыт бойы емханаларда Вундтың психологияға сүйенген (негізделген) әдіс психикасының процестерді сандық өлшеу әдісі үстемдік етті.Туа біткен мүмкіндіктер сияқты, тек даму кезінде ғана өзгеретін психологиялық процестерге көзқарас, өлшеу психологиясын құру мүмкіндігі туралы идеяға алып келеді.Психикалық процестерді эксперименттік зерттеу оның тек сандық сипатын белгілеуге, дәлірек айтқанда, жекелеген психикалық мүмкіндіктерді өлшеуге алып келеді.
Туа біткен мүмкіндіктерін сандық, өлшеу принципі психиатриялық және неврологиялық емханаларда зерттеудің психологиялық әдістері негізіне жатқызылды.Қандайда бір (функциялардың) құлауын зерттеу оның қалыпты стандарттан сандық ауытқу деңгейін белгілеуге болады.
1910 ж көрнекті невропатолог Г.И. Россолио, оның пікірі бойынша, жекелеген психикалық функцияның субъектінің психологиялық процесін (белгілеугее) анықтауға мүмкіндік беретін сияқты психологиялық эксперименттің жүйесін жасады.Автордың пікірінше, мидың әртүрлі патологиялық жағдайы психодинамиканың өзгеруі белгілі бір типтік процесін тудырды. Бұл әдістің негізінде туа біткен оқшауланған мүмкіндіктердің болуы туралы эмперикалық психология концепциясы жатыр.Бұл жалған теория да солай, психикалық қызметтің бұзылуын талдауға жеңілдетілген сандық тәсіл сияқты, клиникалық тәжірибенің сұраныстарын,әдістемелерді қамтамасыз ете алады, психологияны клиникалық міндеттерді шешуге жақындатуға әрекет қылудың өзі, өз уақыты үшін прогресивті болады.
Жекелеген психикалық функцияларды сандық өлшеу әдісі,басында ақыл-ой мүмкіншілігін анықтау деңгейіне бағытталған Бин Силонның тест зерттеуінде көрінуге қол жеткізді.Оның тест зерттеуі, баланың ақыл-ой мүмкіндікті фатальды бөлінген тұқымқуалаушылық факторлармен бөлінген деңгейде оқу мен тәрбиелеу деңгейіне тәуелді болады. Әрбір балаға белгілі бір, көп немесе азырақ тұрақты жасқа сай интелектуалды коеффиценті тән.
Балаға ұсынылған міндеттер, өзін шешу үшін белгілі бір білімдерді, дағдыларды талап етті және жақсы жағдайда олардың ақыл - ой қызметінің сапалы ерекшеліктерінің құрылымы туралы емес, білімдердің саны туралы талдауға (пікір айтуға) мүмкіндік берді.
Осыған ұқсас, таза сандық өлшеуге бағытталған зерттеулер баланың әрі қарай дамуын болжауға мүмкіндік бермейді.Ал осы тесттің арасында кейбіреулерде, туа біткен «қабілетті» сияқты,басқалардан туа біткен мүмкіншіліктерден тәуелді деп жарияланған балалар бөлімшесі кейбір елдерде өткізілді және қазірде өткізіледі.Тестер әдісі біздің елдерде де балаларды мектептерде педагогикалық зерттеулер деп аталатын зерттеулерде қолданылады. Оларға ОК ВКП (б)-ң 4 шілде 1936ж қаулысымен жалған ғылыми әділ баға беріледі[49]..
Сандық өлшеу әдісі қазіргі уақытқа дейін шетелгі көптеген клиникалық психологияның еңбегінде негізгі болып қалады. Ауруларды экспериментальды психикалық зерттеуге арналған соңғы жылдары жарияланған көптеген монографиялармен мақалаларда есептеп шығаруға дейін осыған ұқсас тесттік зерттеулер өткізіледі.
Ауруларды функционалды өлшеуге бағытталған әдістер мен зерттеу кезінде ақыл-ой қызметінің ерекшеліктерінде бұзылудың сапалы емес жағыда талдау клиникалық міндеттерді шешу кезінде соншалықты қажетті, орнын толтыру мүмкіндігі де ескеріле алмайды.
Өлшеу жолымен тек жұмыстың соңғы нәтижесі ғана айқындалады, ал оның процесінің өзі, зерттеушінің тапсырмаға қатынасы, зерттеушінің сол немесе басқа іс -әрекет тәсіліне (оятатын) түрткі болатын мотивтер, жеке адамның мақсаты, тілегі - бір сөзбен айтқанда, зертеуші қызметінің сапалы ерекшеліктерінің көптүрлілігі байқалмауы мүмкін.
Таза сандық әдіспен қатар соңғы жылы шетел патопсихологиясында тек жеке тұлғаны анықтауға ғана бағытталған әдістемелерді пайдалануға тенденция байқалады.
Бұл бағыттың өкілдері өз зерттеулерінде негізгі жоба әдісін қолданады,зерттеушіге ұсынылатын тапсырма, шешудің қандай да бір тәсілін қарастырмайды.Міндеттерді (тапсырмаларды) орындауға сәйкес белгілі бір шарттарды орындауды талап ететін тесттен айырмашылығы, протективті әдіс, зерттеуші өз күйзелісін, өзінің жеке және өзгеше (сипатын) ерекшеліктерін көрсете алуына кез-келген міндеті қолданылады.
Нақты бір әдістеме ретінде белгісіз сюжеті бар Рошахтың ең ғажап (елес) түріндегі симетриялы орналасқан «Сия дақтары» атты әртүрлі конфигурациясы қолданылады.Сюжетті суреттеу үшін ұсынылатын картиналар, кейіпкерлердің іс-әрекеті немесе позасы болып табылады.Зерттеуші картинаны (суретті) суреттеуі, онда ненің бейнеленгенін, бейнеленген кейіпкерлердің не туралы ойлап тұрғанын, неге күйзеліп (қандай күйді бастан кешіп тұрғанын әңгімелеп беру), бейнеленген оқиға алдында не болғанын әңгімелеуі тиіс.Мұндайда «прожективті әдістің»кейбір автордың пікірі бойынша, зертеушіні бейнеленген кейіпкермен белгілі теңдестіру болады.Француз психологы А.Омбреданың айтуы бойынша, жеке тұлға экрандағы объекті сияқты, осы әдістің
көмегімен бейнеленеді (прожективті деген атта осы жерден шығады).Бұл әдісті «Сау адамның психикасына клиникалық тәсіл» деп жинақтайды.Демек, негізсіз жоба әдісі өз мәні бойынша өлшеу әдісінің антиподы болып табылатын,оның авторларының ойы бойынша зерттеушінің мінез - құлқына сапалы бағалау мүмкіндігін ұғынуы тиіс.Егер тест әдісі жұмыс нәтижесін бағалауға бағытталған болса, онда прожективтік әдіс кезінде қате немесе дұрыс шешу мәселесі мүлде туындамайды.Негізгі жоба әдісті қолданушы, зерттеуші, жіберілген қателерге немесе дұрыс шешімдерге емес, зерттеушінің жеке реакциясына, мұндайда пайда болатын сипатына көңіл бөледі.
Егер әңгіменің жеке адамның қандай күйзелісі және мақсаттары туралы болып отырғанына талдау жасау керек болса, онда зерттеушілердің осы әдістің көмегімен аурудың санадан тыс, жасырын мотивтерімен қалауын ашуға тырысады деген сөз.Зерттеушінің қабылдауының жекелеген ерекшеліктері (мысалы, ол қозғалып немесе тыныш тұрған объектіні көреді ме, ол Роршахтың дақтарды суреттеу кезіндегі суреттің ірі немесе ұсақ деталдарына және т.б. көңіл бөле ме)жеке ерекшеліктерінің көрсеткіші ретінде түсіндіріледі.
Демек,бұл әдіс жекеленген функцияларды қарама - қарсы сандық өлшеуге жеке тұлғаны толығымен сапалы талдауға мүмкіндік береді. «Негізсіз жоба» әдісте бар тиімді түйірі сөзсіз қолданылуы тиіс.Бірақ оның көмегімен күйзелістерді, ерекшелеуді анықтау оның мотиві мен қажеттіліктерінің тұрақты иерархиясының, жеке тұлға құрылымының индекаторлары бола алмайды.Прожективті әдістердің өз зерттеу объектісі болуы тиіс.
Кеңес патопсихологиядағы эксперименттік - психологиялық зерттеу принциптеріне тоқталайық.Материалистік психологияның психикалық процесстер туа біткен (мүмкіндіктер)қабілеттер болып табылмайды.Олар өмір бойы қалыптасатын іс - әрекет (қызымет) түрлері болып табылады, деген ережесі психологиялық эксперименттің психикалық бұзылыстарды іс -әрекеттің бұзылуы ретінде зерттеу мүмкіндігін беруді талап етеді.Ол психиканың құлауының әртүрлі формаларын сапалы талдауға, бұзылған қызметтердің механизімін ашуға және оны қалпына келтіру мүмкіндіктеріне бағытталуы тиіс.Егер әңгіме таным процестерінің бұзылуы туралы болатын болса, онда эксперименттік тәсілдер, аударудың өмір тіршілік әрекеті процесінде қалыптасқан ойлау операцияларының қалай құлайтынын жаңа байланыс табу процесі қалай өзгеретінін, ескі, бұрынға байланыс тәжірибелерде құрылған жүйелерді пайдалану мүмкіндігінің қандай формада бұрмаланатынын көрсетуі тиіс. Бұдан шығатыны барлық психикалық процесс белгілі динамика мен бағытты меңгерген, эксперименттік зерттеуді ол осы параметрлердің сақталғандығын немесе бұзылғанын көрсететіндей етіп, жасау керек.Демек, эксперимент нәтижесі тек сандық емес, психика сапалы сипатын беру тиіс.
Өз-өзінен түсінікті, алынған эксперименттік мәліметтер сенімді болуы тиіс, материалды статистикалық өңдеу қойылған міндет мұны талап ететін жерде қолданылуы тиіс,бірақ сандық талдау эксперименттік мәліметтердің сапалы сипатын ауыстырмауы, тартпауы тиіс.Сандық талдау айталық мәліметтерді мұқият сапалы психологиялық квалификациялау өткізілген кезде болады.Өлшеуге кіріспес бұрын, ненің өлшенетінін белгілеу керек.
Психологиялық эксперимент жасаудың негізгі принципі аурудың психикалық процесстердің бар болғаны олардың бір сандық өлшеу міндетіне қарама - қарсы (образ) даму ерекшеліктерін сапалы талдау болып табылады.
Бір және сол потопсихологиялық белгісі әртүрлі механизимдермен байланысты болуы,ол әртүрлі жағдайдың индикаторы болуы мүмкін.Мысалы, жанама естің бұзылуы немесе тарылулардың тұрақсыздығы аурудың бұзылған ақыл-ой жұмысқа қабілеттілігінің салдарынан пайда болуы мүмкін (бұның әртүрлі органикалық генездің астения кезінде орны бар), ол мақсатқа бағытталған мотивацияның бұзылуымен шартты болуы мүмкін (Мысалы, мидың маңдай бөлігі бұзылған кезде), ол іс-әрекеттің автоматтандырылуының бұзылуының психиканың құлауының әртүрлі формаларын сапалы талдауға, қызметтердің механизімін ашуға және оны қалпына келтіру мүмкіндіктеріне бағытталуы тиіс.Егер әңгіме таным процестерінің бұзылуы туралы болатын болса, онда эксперименттік тәсілдер, аударудың өмір тіршілік әрекеті процесінде қалыптасқан ойлау операцияларының қалай құлайтынын жаңа байланыс табу процесі қалай өзгеретінін,ескі, бұрынға байланыс тәжірибелерде құрылған жүйелерді пайдалану мүмкіндігінің қандай формада бұрмаланатынын көрсетуі тиіс.Бұдан шығатыны барлық психикалық процесс белгілі динамика мен бағытты меңгерген, эксперименттік зерттеуді ол осы параметрлердің сақталғандығын немесе бұзылғанын көрсететіндей етіп, жасау керек.
Бұзылу сипаты патогномикалық болып табылмайды, яғни сол немесе басқа ауруға тәщол бар болғаны олар үшін типтік болып табылады және біртұтас патопсихологиялық зерттеудің мәліметтерімен комтексті түрде бағалауы тиіс.
Патопсихологиялық эксперименттердің тек ауруларды ойлау операциясын ғана өзекті етуі тиіс емес, сонымен бірге жеке қарым -қатынасты да өзекті етуі тиіс екендігін атап өту керек.1936ж В.Н.Мясшцев бұл мәселені өзінің «жеке тұлғаның еңбекке қабілеттілігі және ауруы» деген мақалада қозғады. Ол психикалық және психопатологиялық құбылыстың адамның оның мотиві мен мақсаттарының жұмысқа қарым-қатынасын, өзіне-өзінің қарым-қатынасын, өзіне талап қою, еңбек нәтижесі және т.б. негізінде түсінікті болуы мүмкін екендігін көрсетеді.Психологиялық көрінулерге мүндай тәсіл, В. Н.Мясшцев айтқандай, біліммен жеке тұлға психологиясын зерттеуді талап етеді.
Бұл тәсіл психикалық қызметтің детерминациясын дұрыс түсінумен де айтылады.Психикалық детерминация механизімі туралы айта отырып, С.Л.Рубинштейн сыртқы жағдайлардың, адамдардың мінез-құлқымен іс-әрекеттерін тікелей анықтамайтынын, себептің «ішкі жаағдайлар арқылы» әсер ететін атап көрсетті.Бұл,тарылулардың, адам қылықтары, іс- әрекеттері сыртқы тітіркендіргіштерге тікелей реакциясы болып табылмайды, олардың, оның мақсатымен, мотивациясы,қажеттіліктермен жанама болатынын
білдіреді.Бұл мақсаттар өмір бойы тәрбиемен оқытудың әсерімен жасалады,бірақ, қалыптаса отырып олар сау және ауру адамның іс -әрекеттерімен қалыптасатынын анықтайды.
Адамның қарым—қатынасы жеке адамның құрылымымен, оның қажеттіліктері мен эмоциональды және ерікті ерекшеліктерімен байланысты.Соңғы психология процестерін қарастырғанына қарамастан, олар мәні бойынша жеке адам құрылымына кірістірілген болып табылады.Адамның материалдық және рухани қажеттіліктерінде оның қоршаған әлемін адамдармен байланысы көрсетіледі.Адамды бағалай отырып біз, ең алдымен оның мүдделерінің аясын, оның қажеттілігінің мазмұнын сипаттаймыз.Біз адам туралы оның қылықтарының мотивтері болып оның өмірлердің қандай құбылыстарына селсоқ екендігін, оның неге қуанатынына, ойлары мен тілектері неге бағытталғаны бойынша сипаттаймыз.
Жеке тұлғаның потологиялық өзгерісі туралы біз, аурудың әсерінен адамдағы қызығушылық азайған, қажеттіліктердің ұсақталған кезде, оны бұрын қызықтырған нәрсеге алшақ қараған кезде, іс-әрекеті оның мақсатқа сай бағытылығынан айырғанда, қылықтарын ойланбай жасайды, адам өз мінез-құлқын реттей алмаған кезде, өз мүмкіндігін бағалай алуға шамасы болмаған кезде, оның өзіне және қоршаған ортаға қарым - қатынасы өзгерген кезде айтамыз.
Мұндай өзгертілген қарым-қатынас өзгертілген жеке тұлғаның индикаторы болып табылады.
Бұл өзгертілген қарым - қатынас аурудың тек жұмыс қабілеттілігінің әлсіреуіне, оның ақыл-ой өнімдерінің нашарлауына ғана алып келмейді,сондықтан бұл өзі психопотологиялық синдромының құрылуына қатыса алады.
Ең алдымен, мынаны атап өту керек, эксперимент жағдайында аурулардың мінез-құлқын өзі бақылауы ауруды емханада бақылаудан сапалы ерекшеленеді.Мәселе мынада, емханадағы психологиялық зерттеу
жағдайын, ереже бойынша, аурулар олардың ақыл - ой мүмкіндігін зерттеп реттеп қабылдайды.Сондықтан эксперимент ситуацияларының өзі оған белгілі қарым — қатынасты актуализация (өзекті) етуге алып келеді:Мысалы, кейбір аурулар, оларды есте сақтау қабілетінің нашар екендігі білініп қалуынан сақтана отырып, өздерің сөзді нашар ести сақтайтынын айтады.Басқа жағдайларда есептеу операциясын орындау қажеттігі арифметиканы үнемі ұнатпағанын айтып ілікпе сөзді тудырады.Сондықтан, ауру тапсырманы қабылдағаннан кейін оның жеке мақсатарының барлығы туралы растауы мүмкін.
Тапсырманы орындаудың тәсілімен сапасының өзі, қателіктерінің саны, жұмыс қарқыны, мысалы шизофрения мен сау адамда бірдей болуы мүмкін.Оның үстіне аурулардың эмоционалды реакциялары, әсіресе қате шешімдер пайда болған кезде, әртүрлі.
Емханадағы психологиялық зерттеулердің тағы бір ерекшелігін атап өту керек.Тапсырманы орындау процесінің өзі қандай да бір өзін-өзі бақылаудың болмай қалмайтын сезімін тудырады аурулар өз есін өзі тексерген қызықты екендігін жиі айтады.Аурудың жұмыс процесінде өз ақыл есінің жеткіліксіздігін алғаш рет мойындауы жиі болады.Фразалар: «Мен, өзімнің есім нашар деп ойланыппын», «Мен нашар түсінемін деп ойламаппын»деген сияқты жиі болып табылады.
Мұндай «ашудың» өз бетінше, ауру үшін күйзелудің қайнар көзі болып табылатыны белгілі (рас).Сондықтан аурудың мінез-құлқы мен айтқандарын бақылау оның жеке көрінулерін талдаудың материалы болып табылады.
Жеке тұлғаның өзгеруін зерттеудің басқа әдістемелік жолы - бұл олардың таным процестерінің бұзылуын талдау арқылы жанама айқындау жолы.
Мидың маңдай бөлігі жарақаттанған аурулар, оларда интелектуалды операцияларды салыстырмалы түрде сақталып қалғандығына қарамастан, бірнеше қарапайым тапсырмаларды орындай алады.
Таңдауды, жоспарлауды, бақылауды талап ететін кез-келген қарапайым тапсырманы мұндай аурулар орындай алмас еді, және керісінше, бұл жағдайларды сақтау талап етілмейтін неғұрлым күрделі тапсырмаларды олар жеңіл орындады.Демек, тапсырмаларды қате шешу ойлаудың логикалық құрылымының бұзылуының салдары емес, субъектіге қалай болса солай қарауының нәтижесі болып табылады.
Бұл туралы педагогикалық психология саласындағы психологиялық зерттеулерді дәлелдейді.Л.И.Божович пен Л.С.Славинаның еңбегі, мектептегі көптеген балалардың оқу үлгерімі олардың таным процестерінің бұзылуымен емес, балалардың өзгерген қарым - қатынастарымен, оның өзгерген позициясымен байланысты екендігін көрсеткен.
Жеке адамды және оның ауытқушылығын жанама зерттеу жолы шексіз.
Ә.А Явлахева зерттеулері тіпті қарапайым сурет сюжетін суреттеу сияқты қарапайым тапсырмалардың өзі, зерттеушінің эмоциональды сферасының деңгейіне байланысты.Мұнымен, миының маңдай бөлігі зақымдалған балаларда суреттің эмоциональды мазмұнына реакцялардың жеткіліксіздігі байқалды.
Зерттеушілердің ереже бойынша, сурет сюжетіне өз қарым - қатынасы байқалды.Мысалы: «Маған оның бет жүзі ұнайды», «Адамның байсалды адамдар қатарынан елес екендігі көрініп тұр». Бұл ойланған сүйкімді жүзді адам т.б.
Осы әдістеменің көмегімен шизофрениямен ауыратындардан алынған мүлде басқа мәліметтер болып табылады.Бұл аурулардың суреттерді суреттеуі фактілерді таза формальды көрсетуге алып келеді. «Екі ер кісі», «Ер кісілер әңгімелесіп отыр», «Адамдар стол басында отыр».
Аурулардың есептерді (тапсырмаларды) шешудегі тағы бір ерекшелігі байқалды.Дені сау зерттеушінің кейбір экспериментальды тапсырмаларды орындау деңгейі (заттарды жіктеуі, шығару әдісі және т.б.) ереже бойынша, оған жеке қарым - қатынасына байланысты болады. Мысал ретінде
К.Левиннің шәкірті Ф.Хоппенің психологиялық әдебиетте танымал «Талаптану деңгейін зерттеу»сияқты әдістемесін көрсетеміз.Оның мәні мынадай болады:3ерттеушіге күрделілік деңгейі бойынша ерекшеленетін бір қатар тапсырмалар берілді (18-ге жуық).Тапсырма мазмұны олардың күрделілігінің өсу тәртібімен орынын карточкаларда берілді.Бұл әдебиет, өнер,математика салаларындағы білімдерді талап ететін тапсырмалар болуы мүмкін.Басқа сөзбен айтқанда тапсырма мазмұны зерттеушілердің білім деңгейіне, олардың мүдделеріне, мақсатына сәйкес келуі тиіс.Тек осы жағдайда ғана зерттеушілерде эксперимент ситуациясына салмақты қарым -қатынас жасалады.
Нұсқау берілді: сіздердің алдарыңызда артқы беттерінде тапсырма белгіленген карточкалар жатыр. Карточка нөмірлері тапсырма деңгейінің күрделілігін білдіреді. Әрбір тапсырманы шешуге сіздерге , белгілі бір уақыт берілген.Мен оны секундномер көмегімен бақылаймын.Егер сіздер берілген уақытта тәртіппен орналастырмасаңыздар мен тапсырма орындалған жок деп есептеймін.Тапсырманы сіздер өздеріңіз таңдауларыңыз керек, сөйтіп, зерттеушіге тапсырмалар күрделілігін өзі таңдауға құқық беріледі.Зерттеуші (Эксперимент алушы)өз шешімі бойынша тапсырманы орындауға берілген уақытты көбейте не азайта алады.
Ф.Хоппенің зерттеулері, табысты шешулерден кейін талаптану деңгейінің өсетінін, зерттеушінің неғұрлым күрделі тапсырмаға ұмтылғанын: және керісінше, сәтсіздіктен кейін талаптану деңгейінің төмендейтінін көрсетеді, зерттелуші неғұрлым оңайын таңдайды.
Талаптану деңгейінің орын алмасу заңдылықтары (Ф. Хоппе белгілеген),М.Юкнаттың «Жетістіктер, талаптану деңгейі және сана-сезім» атты зерттеуінде тексерілген.Ф.Хоппедегеі сияқты, бірнеше тапсырмалардың орынына, бірнеше өзгертілген әдістеменің көмегімен,ол Лабиринттің есептер сериясын жасады.Бірінші серия (10 лабиринтті тапсырмалар табысқа жетуге кепілдік берді, яғни зерттеушілер әрқашанда есепті шеше алады.
М.Юкнат зерттеушілердің екі тобын зерттеді.Бірінші топ жұмысқа, табысқа жетуге кепілдік берген сериялардан бастады, екінші топ екінші сериядан бастады (табыссыздық сериясы).Бірінші сериядан бастаған зерттеушілер, екінші серияны неғұрлым жоғары деңгейде бастады, және керісінше, «табыссыздық» сериялар тапсырмасын орындаған зерттеушілер, жұмысын жеңіл тапсырмалардан бастады. ( тіпті 14 күннен кейін) олармен басқа тапсырма түрімен қайталау тәжірибесі өткізілген кезде. «Табыс» сериясын орындаушы зерттеушілер, екі аптадан кейін күрделі тапсырманы таңдады.Сөйтіп, М.Юкнат, «талаптану деңгейінің»қалыптасуы алдыңғы тәжірибемен байланысты екендігін көрсетті.
Бірақ онда да, Ф.Хоппедегі сияқты, талаптану деңгейі өзін қоршаған адамдармен шынайы қарым-қатынастан, орындалған қызмет (жұмыс) мазмұнынан мүлде оқшауланған болып шықты.
Кеңестік авторлардың зерттеулерінде талаптану деңгейінің жұмыс мазмұнына тәуелділігін көрсетуге әрекет жасалды. Мұндай зерттеуге Е.А.Серебрякова М.С.Неймарктың жұмысы жатады.
Хоппеннің әдістемесін негізге ала отырып,Е-А.Серебрякова атқарған жұмыстың ролін ғана белгілеп қойған жоқ, сонымен бірге қоршаған ортаның өзін бағалауы мен өзіне - өзінің сенімділігін қалыптастыруды да белгіледі.Егер Ф.Хоппе өз әдістемесінде шынайы өмір жағдайларынан шекті абстрактыландырылса, Е.А.Серебрякова оған барынша жақындауға тырысты.Өз зерттеулерінің нәтижесінде Е.А.Серебрякова өзін-өзі бағалаудың бірнеше түрін белгіледі:
1.Тұрақты өзін-өзі бағалау.
2. Өзін емес төмен бағалау.
3. Өзіне емес жоғары баға беру.
4. Өзін-өзі түрақсыз (тиянақсыз)бағалау. Е.А.Серебрякованың қызыметтерінің жұмысымен осы әдістеменің көмегімен қояншық ауруымен ауыратын балаларды жеке ерекшелігін анықтады.
Біздің лабораторияда суреттелген зерттеу әдістемесінің әртүрлі варианттарының көмегімен әртүрлі психикалық ауруы бар адамдардағы талаптану деңгейінің қалыптасуын зерттеу өткізілді.Экспериментальды жұмыс ретінде зерттеушілерге орындалуы кейбір «мәдени деңгейдің»көрсеткіш ретінде қолданыла алатын тапсырмалар ұсынылды.
Біздің экспериментшілердің нәтижелері Ф.Хоппе мен Е.А.Серебрякованың зерттеу нәтижесін растады.Дені сау адамдардың тапсырманы таңдауы алдыңғы тапсырмаларды ойдағыдай орындау немесе орындамауына байланысты болады.
Мүлде басқа нәтижелер бұл әдістемені жүру процесі баяу шизофрения (жеңіл түрі) аурулармен ауыратын ауруларды зерттеу кезінде алынды.Б.И.Бежаншивмидің мәліметі бойынша, 30 аурудың 26-да тапсырманы таңдаудың алдыңғы шешімдерінің табысты немесе табысты орындалғандығына байланысты емес екендігі байқалды.Талаптану деңгейі оларда қалыптаспады; өз мүмкіндіктерін өзі бағалауда байқалмады.Аурулардың айтқандарында ешқандай эмоциональды бояулар болмады; Аурулар реніш білдірмейді, тіпті тәжірбиеші олардың сәтсіздіктерін айтса да.
Басқа картина психопаталогияның «талаптану» деңгейлерін зерттеу кезінде байқалды. Әрекет деңгейі оларда өте тез қалыптасты және ереже бойынша, өте жоғары болды. бірақ ол тез сынғыштық (нәзіктік), тұрақсыздықпен ерекшеленді сәл ғана сәтсіздікке де ол өте өзін тастап жіберді және дәл солай, табысты шешулер кезінде тез көңіл-күйі көтерілді. Л.В.Вукулованың зерттеулерінде олигофрен - балаға тән, әрекеттердің деңгейлерінің динамикасының өзіндік сипаты байқалды. Оқу жұмысының материалында (арифметика бойынша есептер сериясы, тарих, география және әдебиет бойынша сұрақтар), сол сияқты қолдану кезде және эксперименттік әдістемесінен, олигофрен - балаларда талаптану әрекетінің не өте баяу болатыны, өте қиындықпен және ақырғы жағында, не болмаса мүлде болмайтыны көрсетілген. Бұл бағалы тапсырманы талдау
ойсыздықпен жиі сипатталады, алдыңғы тапсырмаларды ойдағыдай орындаған, орындамағанын келесі таңдауға әсер етпейді. Жұмыстағы сәттілік пен сәтсіздікке бірдей қарым - қатынаста болады.
Яғни олар үшін бәрі-бір, еш уайым жоқ. Осы уақытта, олигрефен балалардың эксперименттік бағалауын өте сезімталдықпен қабылдайтыны, әсіресе теріс бағалауға, белгілі болды.
Патопсихологиялық эксперименттің тағы бір ерекшелігіне тоқталып өту қажет. Оның құрылымы тек өзгертілгеннің құрылымын байқауға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге аурудың психикалық қызметінің қалған сақталаған формаларын да ұсыну қажет. Мұндай тәсілдің қажеттігі бұзылған қызметтерін қалпына келтіру мәселесін шешу кезінде маңызды.
А.Р.Лурия, күрделі психикалық қызметтерді қалпына келтірудің табысты болуы, қалпына келтіру жұмыстарының психикалық қызметінің сақталған звеноларына қаншалықты сүйсінетініне байланысты екендігі туралы өз пікірін айтты: ол психикалық қызметтің бұзылған формасын қалпына келтіру функциональды жүйелерді қайта жасау типі бойынша өтуі тиіс деп атап көрсетті. Мұндай тәсілдердің жемістілігін көптеген кеңестік авторлар дәлелдеді.
Кенес функциясын қайта жасау (қалпына келтіру) сақталғанын дамытумен тығыз комплексте өтеді. Авторлар, қалпына келтіру сақталып қалған білімін тірілтуге негізделуі тиіс деп сендірерлікпен көрсетті. Қалпына келтіру жұмысы кезінде (бұл жағдайда сөйлеуін қалпына келтіру) байланысының адамдық мақсаттарының барлық жүйесі өзектелуі тиіс.
Сау адамның психикасын зерттеуге бағытталған, яғни жалпы психологиялық тәртіптегі мәселелерді шешуге бағытталған эксперименттің тағы бір қатар ерекшеліктерін атап өту керек.
Сау адаммен эксперимент өткізген кезде, олар тәжірбиешіні зейінмен тыңдайды, нұсқауды орындауға тырысады, тапсырманы қабылдайды, ал психикалық аурулар тапсырманы орындауға ұмтылмақ түгілі, тәжірбиені кері түсінеді немесе белсенді түрде нұсқауға қарсы тұрады. Сау адам
тәжірбиешінің айтқан сөзіне өз зейінін бағыттаса психикалық, ауру адам оны белсенді түрде тыңдағысы келмейді.
Кейде тәжірбиешіні өзіне «гипноздау» әдісімен әсер етіп отыр деп есептейтін, яғни тәжірбие жасауға тура келеді [50]..
Экспериментальды - психологиялық зерттеуді емханада жасау әдеттегі психологиялық тәжірбиеден тағы бір ерекшелігімен: көптүрлілігімен, қолданған әдістеменің санының көптігімен ерекшеленеді.
Психикалық жағынан жетілмей қалу немесе ауруы кезінде (баяу немесе бұрмаланаған болса да) бала әрі қарай дами береді.
Психикалық эксперимент ауру баланың психикалық процестердің құ-рылымын деңгейін белгілеумен шектеліп қоймауы тиіс, ол ең алдымен баланың потенциалды мүмкіндіктерін анықтауы тиіс.
Бұл нұсқауды 30ж. Л.С.Выготский алғаш рет өзінің жақын даму аймағы туралы ережелерде айтылды [51, 42б.]..
Қазіргі уақытта балалар жасындағы патопсихологиялық патологиялық құбылыстарды түзету әдісі жасалуда. Бұл түзету жолын табу баланың тек жасқа сай ерекшеліктерін білуді ғана емес, сонымен бірге олардың ауытқушылықтарында, баланың психикалық даму барысың бақылауды да талап етеді. Осындай түзету әдісінің бірі ретінде ойын алынады. Бұл түзету тәсілдері бір мерзімде диагностикалық мақсатқа да қызмет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет