Дәріс мақсаты: Студенттерге Еңбекті қорғау пәнін түсіндіру, еңбекті қорғау саласының міндеті мен қағидаларын оқытып үйрету. Дәріс мәтіні



бет5/15
Дата22.06.2023
өлшемі68,28 Kb.
#103011
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
енбек кешен

жұмыс беруші — басшысы (əкімшілігі) таныстыратын ұйым (заңды тұлға), немесе жұмысшы еңбек қарым-қатынасына тұратын жеке тұлға;
қызметкер —еңбек шарты (келісім-шарт) негізінде ұйымда жұмыс істейтін жеке тұлға;
ұйым — меншік жəне бағыну формасына қарамастан кəсіпорын, мекеме не басқа заңды тұлға
Техника қауіпсіздік ережелері

Өндірістегі өрттердің негізгі себептеріне құрал-жабдықтардың технологиялық жұмыс тәртібінің бұзылуы, электр жабдықтарының ақаулылығы, жабдықтардың жөндеу жұмыстарына нашар дайындылығы, әртүрлі материалдардың өздігінен жануы және т.б. жатады.

Жарылыс кезінде өртті болдырмау үшін ыстық жанғыш, жарылысқа қауіпті ортаның пайда болуына мүмкіндік бермей, оталдыру көзінің пайда болуына кедергі жасау керек.

Құрылыстық-жобалау шаралары ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігімен анықталады (конструкция материалдары жанғыш, қиын жанатын, жанбайтын болып бөлінеді). Отқа төзімділік шегі дегеніміз – бұл оттың әсерінен құрылыс конструкцияларының бірінші сызат пайда болғанға дейінгі шыдайтын уақыт интервалы. Барлық құрылыс конструкциялары отқа төзімділік шегі бойынша 8 деңгейге бөлінеді. Ғимараттардың отқа төзімділік деңгейіне байланысты өрт кезінде эвакуациялау үшін шығатын жерлерге дейінгі қашықтықтар белгіленеді.

Техникалық шараларына мыналар кіреді:

- өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т.б.) орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;

- құрал-жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестер парамертлерін сақтау;

- әртүрлі қорғану жүйелерін пайдалану.
Өрттің алдын алу шараларын мыналар кіреді:

- құрылыстық-жобалау;

- техникалық;

- ұйымдастырушылық;

- өрт сөндіру тәсілдері мен құралдары. Өрт сөндірудің келесі тәсілдері қарастырылады:

1. ыстық жанғыш затты тотықтырғыштан бөлектеу;

2. ауадағы оттегі концентрациясын азайту;

3. ыстық жагғыш заттың температурасын оталдыру температурасынан төмендету.

Өрт сөндіру заттары ретінде су, құм, көпіршіктер, ұнтақтар, өрт тудырмайтын газ тәріздес заттар, инертті газдар, булар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет