Дәріс мақсаты: Студенттерге Еңбекті қорғау пәнін түсіндіру, еңбекті қорғау саласының міндеті мен қағидаларын оқытып үйрету. Дәріс мәтіні


Еңбекті қорғау саласының міндеті және қағидалары



бет2/15
Дата22.06.2023
өлшемі68,28 Kb.
#103011
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
енбек кешен

2. Еңбекті қорғау саласының міндеті және қағидалары.Еңбекті қорғау саласының мінтеті – адамдарды жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйрету және қызметкерлердің жұмыстарды атқару кезінде еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын бұзушылықтарды болдырмау болып табылады.
Еңбекті қорғау саласының қағидалары мыналар болып табылады:
1. өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;
2. қызметкердің өмірі мен денсаулығына өндірістік факторлардың зиянды әсерінің қайтымсыз салдарына жол бермеу;
3. адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу;
4. қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықтарын қорғауға мемлекеттің кепілдік беруі;
5. еңбек бостандығы;
6. кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу;
7. нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау арқылы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай талаптарды белгілеу;
8. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу;
9. уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері және жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы келісілген iс-қимылдарды қамтамасыз ету;
10. еңбек қауіпсiздiгiнің және еңбекті қорғаудың жай-күйi туралы ақпараттың жариялылығы, толымдылығы және дұрыстығы;
11. мемлекеттiк бағдарламаларды қаржыландыруға, нормативтiк құқықтық актiлерді әзiрлеуге, еңбек қауiпсiздігі және еңбекті қорғау саласында ғылыми жұмыстар мен зерттеулер жүргiзуге мемлекеттiң қатысуы;
12. кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу;
13. қауіпсіздік және гигена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамассыз ету;
14. өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірімен денсаулығының басымдығы;
15. еңбегі үшін жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес, әділетті сыйақыға құқығын қамтамассыз ету;
16. тынығу құқығын қамтамассыз ету;
17. қызметкерлердің құқықтары мен мүмкүндіктерінің теңдігі;
18. қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамассыз ету;
19. еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу;
20. қызметкерлер өкілдерінің ҚР еңбек заңнемасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамассыз ету болып табылады;
21. қызметкерлер өкiлдерiнiң еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау жөніндегi мемлекеттік бағдарламаларды қалыптастыруға, еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау нормаларынан тұратын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға қатысуы.
1.2. Кәсіпорындағы еңбек қорғауды ұйымдастыру жұмыстары
Адамдар кез-келген ұйымның басты ресурсы болып табылады. Адамдар болмаса ұйым әрекет ете алмайды және көздеген мақсаттарына да жете алмайды. Сондықтан қызметкерлерді басқару барлық ұйымдар үшін маңызды мәнге ие болып отыр. Кәсіпорындағы еңбекті дұрыс ұйымдастыру – бұл еңбекті барынша жоғары пайдалана отырып ең төменгі еңбек шығындарымен өнім өндіруді қамтамасыз ету. Жұмыстардың жалпы көлемінің түрлері бойынша бөлінуі, ал түріне қарай орындаушылар арасында бөлінуі жұмысшылардың мамандануына әкеледі, дағдылардың жиналуына, біліктіліктің артуына, олай болса, еңбек өнімділігінің артуына ықпал етеді. Еңбектің дұрыс бөлінуі және шоғырлануы сапасына қарай әр түрліеңбек түрлері арасындағы сандық пропорционалдықты, жұмысшылардың дұрыс орналасуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар жекелеген орындаушылардың толық жүктелуіне және олардың жұмыс уақытын ұтымды қолдануына ықпал етеді, еңбектің мазмұндылығын арттырады.
Еңбектің ұтымды бөлінуі және шоғырлануына қойылатын негізгі талаптарға мыналар жатады: орындаушылардың анық өзара байланысын қамтамасыз ету, жұмыстарды білікті және үздіксіз жүргізу, жекелеген орындаушылардың жұмыс күнін толық жүктеу, өнім өндірісіне барынша аз шығын жұмсау. Бұл жерде еңбек шығындарын жиынтық түрде қарастырады, яғни негізгі цехтармен қатар, қосалқы-көмекші цехтардың да еңбек шығындарын ескереді.
Еңбекті ұйымдастыру нысандары техникамен, технологиямен және өндірісті ұйымдастырумен тығыз байланысты және олармен қатар жетілдіріліп отырылуы қажет.
Ұтымды бөлінген және шоғырланған еңбектен ең жоғарғы эффект алу үшін арнаулы бір ұйымдық-техникалық алғы шарттар қажет, және ең алдымен, еңбек процесін ұтымды ұйымдастыру қажет болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет