Қауіпсіздік техникасыноқытудың мақсаты: – өндірістік оқу шеберханасында салауаттыда қауіпсіз еңбек етуіне жағдай туғызу және оқушылардың теориялық және практика –лық тұрғыда дайындау. Еңбек қауіпсіздігі – бұл заңдылық жүйе. Сабақты оқу барысында оқушылар еңбектіқорғау жөніндегі зиянды және қауіпті өндірістік факторларды,олардың адам ағзасына әсерін,олардан қорғану әдістерін,жұмыс орындарына қойылатын өндірістік санитарлық,техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі талаптарын,өндіріс үрдістері қауіптілігін бағалау мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді оңтайлы шешімдерді оз бетінше қабылдай білу керек. Еңбекті қорғауға оқушыларды жалпы білім беру және арнайыпәндерді оқып – үйрену үрдісінде алған білімін, шеберлігін және іскерлігін ескере отырып жүзеге асырылады. Механиктердің және жөндеуші жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы күрестің тиімділігі көп ретте жазатайым оқйғалардың болуы оның себептері жан-жақты зерттеу дәрежесін де байланысты.Өндірістік жарақат алудың себептерін жан – жақты талдау кәсіпорындағы қауіпсіздік техникасының жағдайын барынша обьективті түрде бақылауға және апаттық жағдайды болырмау немесе едәуір кемітудің пәрменді шараларын жасауға мүмкіндік береді.Әрбір жазатайым оқиға технологиялық үрдістерді орындау кезінде туатын қатерлі жағдайдың нәтижесі болып табылады.Кез келген жазатайым оқйғада көптеген себепші факторлардың арасынан оны тікелей тудырушы факторларды атап көрсетер болсақ,бұған қауіпті әрекет пен қауіпті жағдай жатады.Қауіпті әрекет – жұмысшының (оператордың,жүргізушінің ,слесарьдың,токарьдың,т.б.) нақты жағдайдағы кәсіптік қимыл нормасына сәйкес келмейтін күйі.Қауіпті жағдай - өндірістік ортаның (еңбекнысаны,машиналар,құралдар т.б.)қабылданған нормаға сәйкес келмитін күйі.Слесарьлық жұмыстарды атқарғанда жарақаттанып қалмау үшін слесарь техника қауіпсіздігін қатаң сақтау керек. Слесарь ісіне қатысты техника қауіпсіздігінің негізігі ережелері төменде көрсетілген. Слесарьлық жұмыстар кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелері 1)Слесарьлық шеберханасында
А)шеберхананың едені қабырғалары,төбесі жақсы,жеткілікті жарық температурасы
бірқалыпты және жақсы желдетіліп тұруы тиіс.
Б)Жұмыс істеитін адамның ара қашықтығы,жүретін жолдары мен өткелдердің кеңдігі
сақталуы тиіс.
В)Жұмыс орында басы артық кесінді заттар,дайындамалар,металдар болмау керек.
Г)Барлық жабдықтарды жақсы күйінде ұстау керек (машина станоктарындың
қозғалатын бөліктерін қоршаған жөн.
Д)Жұмыс верстактардың берік орнықты болуы тиіс.
Е)Жұмысты тек қана жарамды құрал – саймандармен істеу керек.Олардың ұратын,
кесетін,қысатын т.б. бөліктерінде майысқан сынған,жарылған жерлері болмауға тиіс.
Ж)Үшкір хвостовикті құрал – саймандар егеулер,шаберлер чертилкалар,балғалар
бұрандалар т.б. жақсы мықтап бекітілген сапты болу кере