Электрқауіпсіздігінің ережелері А)Электр жабдықтары және барлық электр жүйесі жақсы күинде және сенімді изолятцияланған болуға тиіс.Корпусты жақсылап жермен немесе нулдеп жалғастыру қажет.Б)Электр тогі жүретін сымдарды кездейсоқ тиіп кетпейтіндей бекіте орналасуы тиіс.В)Оқушылардың электр жабдықтарын қоршауын,қабын ашуға,алып тастауға және электр тетіктерін дербес іске қосуға жөндеуге рұқсат етілмейді.
Құрал- саймандарды қайраған кезде Б)Шлифтейтін құмшарықты тексеру, қорғаныс маңдайшасының орнатылуын жәнебекіту ережелерін қатаң сақталуын қажет етеміз.Б)Құмшарық дөңгелегі мен қайрауға керек тірек арасындағы саңлау мөлшерін сақтау қажет.В)Міндетті түрде қайрағанда көзілдірік кию керек.
Слесарь-монтаж құрал-саймандары және жұмыс орнының жабдықталуы. Жекелеген слесарьлық операцияларды қарастырғанда сөз етілетін тілетін,соққылайтын құрал-саймандардан басқа слесарьлар әр түрлі монтаж құрал-саймандардың кеңінен қолданады. Слесарьлық жұмыстар металдарды кесудің суықтай өңдеу процесіне жатады.Бұл жұмыстарды қолмен де немесе механикаландырылған аспаппен де орындаболады.Слесарьлық жұмыстың мақсаты-берілген чертёж бойынша өңделетін детальға форма өлшем және беттік тазалық беру.Слесарьлық жұмыстардың сапасы слесарьдың шеберлігіне,қолданылатын аспапқа және өңделетін материалға байланысты болады.Жұмыс орнының жабдықталуы дегеніміз құрал – саймандары және тетіктері бар белгілі жұмысшыларға бекітілген өндірістік алаң участогі.Жұмыс орнының жабдықтаудың ережелері жасалған ветстак үстінде тек орындауға қажетті құрал – саймандар болуға тиіс; Жұмыс орнындағы тәртіп пен тазалық жұмысты тездетеді және оның сапасын арттырады.Сол қолмен ұсталып алынатындар верстак үстінде сол жақта,оң қолмен ұсталатыны оң жақта жатуға тиіс.Жиі қолданылатын құрал – саймандар мен тетіктер жақынырақ,сирек қолданылатыны алысырақ қойылады.Кесу құрал – саймандары арнаулы тағанға қойылу керек.Өлшеуіш аспаптар құндақта болуға тиіс.Жұмыс аяақталған соң құрал – саймандар,қысқыш және верстак жоңқадан тазартылып,сүртіледі.Ал пайдалан құрал – саймандардың жүзін,жұмыс атқарған бөлігін вазелинмен майлайды,олар құрал – саймандар жәшігінде ұйаларда сақталуға тиіс.Жиіқолданылатын құрал – саймандар жоғары жаққа қойылады.