Дәріс №6 Арғытүркілердің мәдени мұрасы
1.Ғұндардың көшпелілік мәдениеті
2. Ғұн жазуы (әліпби, ғұндардың руна жазуы)
3. Ғұндардың өнері
4 Сақ мәдениеті
5 Түркілердің мәдени ескерткіштері
Ғұндардың көшпелілік мәдениеті. Ғұндардың мифтері мен діни нанымсенімдері. Қазақстандағы көшпелілік мәдениет дамуының ғұндық кезеңі. Ғұн жазуы (әліпби, ғұндардың руна жазуы). Ғұн батырлары Еділ (Атилла). Аттила туралы поэма («Атилланың Галлияға бірінші жорығы»). «Эдда» скандинав эпосындағы Аттила бейнесі («Атли туралы сөз»). «Нибелунгтар туралы сөз». Испан трагедиясындағы XVI ғасырдағы драматург Кристобала Вируестің Еділ батыр (Атилла) бейнесі – «Қаһарлы Аттила», Ц. Вернердің романтикалық драмасы «Аттила, ғұндар патшасы». Фольфганг Франк операсы «Аттила, ғұндар патшасы».
Ғұндардың өнері. Ғұндардың аңдық стилі. Көшпелі мәдениет дамуындағы прототүркі кезеңі. Руна жазуы. Руналық мәтіндер. Түркі кезеңінің мәдени ескерткіштері. Түркілердің мәдени ескерткіштері: Орхон-енисей, Ленско-Прибалтийлік, Алтай, Ертіс жағалауындағы, Шығыс-түркістандық, Орта Азиялық (жетісулық руналар, ферғандық руналар, сырдариялық руналар) және Шығыс еуропалық ескерткіштер. Орхон-Енисей эпиграфиялық шығармасы. «Күлтегін ескерткіші», «Тоныкөкке құрмет белгісі», «Білге Қағанға құрмет белгісі». Оғыз тайпаларының ескерткіштері: «Қорқыт Ата кітабы», «Оғыз-наме». Ежелгі түркі ақындары Йоллығ-тегін, Тоныкөк.
1. Қазақстандағы көшпелілік мәдениет дамуының ғұндық кезеңі.Ғұндар, хундар – ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарының арғы тегі. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта қалыптасқан. Ғұндар, хундар – ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарының арғы тегі. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта қалыптасқан. Бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Моңғолияда, Байкал өңірінде қоныстанып, Қытай жылнамаларында «гуй фаң», «гун руң», «хун ю», «шиан ю», «шиұң ну» секілді атаулармен берілген. Біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырдың соңына қарай ғұндар өздерінің мемлекетін құрды. 24 руға бөлінді. Жоғары билеушісі «тәңірқұт» қытай деректерінде «шаньюй» деп аталды. Жылқының асыл тұқымдарын өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген ғұндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да болған. Кен қазып, металл қорытқан. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болған. Көк тәңіріне табынып, дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырды. Ғұндар (грекше Hunnoі, латынша Chunnі, Hunnі) әскерінің негізі атты әскерден тұрды. Ғұндардың жауынгерлік құдыретінен сескенген қытайлықтар Ұлы Қытай қорғанын салдырды. Біздің заманымыздан бұрынғы 209 жылдан ғұндарды Модэ (Мөде) басқарды. Модэ билік еткен алғашқы жылдардың өзінде-ақ Қытайдың шекаралық аудандарына жорықтар жасап, оған күйрете соққы берді. Қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұндардың қол астына көшті. Біздің заманымыздан бұрынғы 177 жылға қарай Тынық мұхиттан Каспий теңізіне дейінгі жерлерді өздеріне қаратты. Біздің заманымыздан бұрынғы 1 ғасырдың орта шеніне қарай ғұндар мемлекеті толассыз қанды соғыстан, орталыққа бағынғысы келмеген күштердің әсерінен әлсірей бастады. Біздің заманымыздан бұрынғы 56 ж. ғұндар Хуханье бастаған оңтүстік және Чжичжи (Шөже) басшылық еткен солтүстік топтарға бөлінді. Оңтүстік ғұндар Ордос өңірінде қоныстанып қалды да, солтүстік ғұндар өз тайпаластарының қысымымен Саян және Байкал өңіріне ығысты. Солтүстік ғұндардың бір бөлігі 5 ғасырда Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Азияда өз мемлекетін құрып, Ауғанстан мен Иранды, Үндістанның біраз бөлігін жаулап алды. Хань империясының бодандығындағы оңтүстік ғұндар 304 ж. Лю-хан атты өз мемлекетін құрды. Оңтүстік ғұндар 4 ғасырдың соңына қарай қайта күшейді. 5 ғасырдың бас кезінде олардың әйгілі қолбасшысы Хэлян Баба Ся патшалығын, ал Мэн Сун көсем Бэй Лян патшалығын құрды. Ордос пен Наньшан (қазіргі Қытай Халық Республикасының Ганьсу провинциясы) өңірінде құрылған осы екі мемлекет 439 ж. табғаштардың (тоба) шабуылы нәтижесінде қирады. Солтүстік ғұндардың Еділ – Жайықтағы үлкен бөлігі 4 ғасырдың 2-жартысында Қара теңіз жағалауын, Днестрге дейінгі өлкені бағындырды. Сарматтарды тізе бүктірген соң, аландармен күрес жүргізді. 375 ж. остгот, герул, генид тайпаларын бағындырып, Еуропада өз империясын құрды. Ғұндардың Батысқа жорығы «Халықтардың ұлы қоныс аударуына» түрткі болды.
Достарыңызбен бөлісу: |