Дәріс Мәдениет морфологиясы



бет22/40
Дата18.10.2023
өлшемі311,18 Kb.
#117883
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40
4. Сақ мәдениеті — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адамБесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы БерелШілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан.
Сақтардың мәдениеті мен өнері — Сақ заманында Қазақстан аумағындағы мал өсіретін тайпалардың мәдениеті мен өнері өзінің алдындағы уақытпен салыстырғанда дамудың біршама жоғары сатысына жетті. Темір металлургиясы, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы материалдық және рухани мәдениет түрлерін түбірімен өзгертті.
Сақ заманы тайпаларының мәдени шығармашылығының екі жарқын көріністері арасында қолданбалы өнер ерекше орын алады. Оның басты компоненті б.з.б. 6-4 ғасырларда қалыптасып, Сібірдің, Қазақстанның, Орта Азияның және оңт. Европаның тайпалары арасында тараған аң стилі деп аталатын өнер болды.
Алғашында, Скифияда, ал кейіннен Сібірде де бастапқы табылған орны бойынша бұл бейнелеу шығармашылығы шартты түрде скифтік-сібірлік аң стилі деп аталады. Оның негізгі тақырыбы аңдарды, хайуандарды және аңыздағы зооморфтық ғажайыптарды бейнелеу болды. Мазмұны жағынан мифологиялық, түрі жағынан реалистік аң стилі өнері сәндік сипатта қолданылды. Бейнелеу әдістерінің көбі қазандар мен құрбандық ыдыстарын, семсер, қанжар, қорамсақ, айбалта, жүген, айна секілді заттарды, киімді, тулардың сабын әшекейлеу үшін пайданалынды.
Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңрісі Митра «Авеста – Уәста» сөзіне жүгінсек, төрт ат жегіп шығады екен. Аттарға Сурья, Яма, Агни, Индира секілді құдайлардың қатысы болған. Есік обасындағы патша дулығысының төбесіне қабалған қанатты тұлпарлар бейнелері – ол күн күймесі. Қанатты тұлпар бейнесінің күн бейнесі ретінде берілуі өзге халықтар фольклорында да кездеседі. Гректерде күн шұғылалы құдай Аполлонның күймесін аспанда қанатты пырақтар зулатып алып бара жатады.
Жыртқыш қырандар бейнесі де күн құдайының символы болған. Үндіиран халықтарының қиял аңыздарында Күн аспан көкте төрт пырақ немесе төрт бүркіт зымыратып алып жүретін дөңгелекті күйме түрінде көрінеді.
Сақтардың әлемнің (космостың) құрылымы жөнінде өзіндік түсінігі болады. Космостағы тәртіп оларға арт түсінігіндей болып көрінген, сақтар оны Күн, Күн күйме деп ойлаған. Әлемдегі тәртіп, үйлесімі-гармония, олардағы бір нәрсенінің ұйымдастырушылары Митра, Вауна, Индира секілді құдайлар екен, әлемнің үлгісі-моделі оларға үш дүниенің – жерасты дүниесі – төменгінің, белорта дүниесі – жердің және жоғарғы дүние – аспанның өзара сәйкестігі болып көрінген. Әлемнің төрт жағы – сол, оң, алғы және артқы жақтары болған.
Сақтардың космос жөніндегі символикалық түсінігіне Есіктен табылған сақ патшасының дулығасы нақты мысал бола алады. Ондағы ою-өрнектер тік сызықты үш қабатқа бөлінген.
Шеңбер бойындағы қалпақ алтын таулар мен ағаштар тізбегін көмкеріп тұр. Тау бауырындағы «жер айуандары»: жолбарыстар мен ешкілер жүр. Шырқау биікте – құстар мен қанатты жолбарыстар. Ою-өрнекті дулыға жиегі сақтардың түсінігінше дүниені жан-жағынан қоршап тұрған әлемдік тау қыраты болып табылады. Ою-өрнек әлемнің төменнен жоғары қарай орналасқан үш бөлегін – жерасты дүниесін – жер мен аспан бейнелейді. Дөңгелек жиектің крест іспеттес болып орналасқан нүктесіне әлемнің жан-жағын: шығыс пен батысты, солтүстік пен оңтүстік күзетіп тұратын аңдар бейнелері қойылған. Баскиімнің алдыңғы жағына күн белгісі – күллі космостың тұтас бейнесі: төрт қанатты пырақ пен төрт алтын жебе салынған. Бұл күн өз жолымен жүргенде айналып өтетін барша үш дүние мен жалғанның төрт бұрышын түгел билейтін өктемдіктің өзгеше бір белгісі. Алдыңғы жақты сақтар жалғанның шығыс жағы, артқы жақты – батыс деп есептеген. Осындай мұрақты – тәжді кигізу көсемге күллі мифологиялық Космосты билеуді берді деген ұғымды білдірген. Көсем – дүниенің кіндігі, оның орталығының бейнесіндей болған, ал оның киіміндегі символдардың бәрі мифологиялық ұғымдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет