3. Ғұндардың өнері Ғұндар жалпы көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан тайпа. Олар әсіресе жылқы өсіріп, қой ұстаған. Оның ішінде асыл тұқымды жылқыларды қолда өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген. Сонымен бірге,ғұндар аң аулап, отрықшылықпен айналысып, егін еккен. Ғұндар дәнді дақылдың ішінде тарыны көп өсірген.
Ғұндар жауынгер ғана емес, сондай-ақ керемет қолөнер шебері болған. Оларда қолөнер мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде дамыған. Соның арқасында көшпелі халық зергерлік өнердегі полихром стилін дүниеге әкеледі. Ғұндар өмір сүрген заманда сауда қатынасы мен қолөнер жақсы дамыды. Олар металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан бұйымдар жасап, қөлөнермен айналысқан.
Сондай-ақ, ғұндар ат үсті ойындарының негізін салған тайпа ретінде тарихта қалды. Жауынгер тайпаның халқы көктәңіріне табынып, ата-бабасының рухына сиынған. Тіпті, өздерінің дәстүрлі құқық жүйесін де қалыптастырған.
Ғұндар қоғамында мал мен жерді жеке меншік ретінде пайдалану, алым-салық, жазу-сызудың пайда болауы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды.
Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.Олар малдың барлық түрлерін өсірген. Ғұндардың негізгі баспанасы киіз үйлер болған. Ғұндарда бұйымының бетіне түрлі түсті заттарды жапсыру стилі пайда болды, тарихта ол полихромдық стиль деп аталған. Осы стиль Орталық Қазақстанда дамыған. Зерлеу әдісімен пайдаланды. Бұйымдарды безендіру үшін негізгі бейне жабайы аңдар болған.
Ғұндардың мәдени мұралары. Ғұн тайпаларының өзіндік мәдениеті қалыптасқан. Соның ішінде қолөнер ісі айтарлықтай дамыды. Қолөнершілер ағаштан киіз үй жиһаздарын және күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар жасаса, жүннен төсеніш пен кілемдер тоқыған. Киіз үйдің төрінде қамшы, ағаш қынапты семсер, садақ, жебе салынған қорамсақ ілініп тұратын болған. Байлар қола және күміс қаптырмалармен әшекейленген кемер белдік буынды. Ғұн әйелдері құлақтарына асыл тастан көмкерілген сырға тағып, саусақтарына алтын жүзік, шашына алтын, күмістен жасалған түйреуіштер таққан. Суық күндері ғұндар мал терісінен тігілген тон, тымақ, саптама етік киген. Қорымдар мен елді-мекендерден табылған құрал-саймандар, қару-жарақ пен ыдыс-аяқтар ғұндарда қолөнердің жақсы дамығандығын көрсетеді. Әсіресе, ғұн шеберлері, темір ұсталары металды ұқсата білген. Ыдыс-аяқтарды ағаштан, теріден, қыштан жасаған. Мәселен, сүт, қымыз, айран сияқты сұйық тағамдар құятын ыдыстар қыш пен ағаштан жасалды.
Ғұндардан қалған аса құнды мәдени мұра – зергерлік өнердегі «полихромдық стиль» болып табылады. Бұл Жерорта теңізінің шығысы мен алдыңғы Азияны мекендеген халықтардың Орталық Азия халықтарымен өзара мәдени байланыстардың негізінде қалыптасқан зергерлік өнердегі бағыт болатын. Полихромдық стиль бойынша күмістен, алтыннан әшекей бұйымдар жасауда зерлеу, асыл тастармен көмкеру сияқты күрделі әдістер кеңінен пайдаланылған. Бұл стиль бірте-бірте сақ-скиф дәуірінің «аңдық стилін» ығыстыра бастады. Зергерлік өнердегі полихромдық стиль күні бүгінге дейін кеңінен қолданылып келеді. Алайда Еуропаға келген ғұн тайпаларының Азиядағы ата-бабаларына тән экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуының көп жетістіктерін жоғалтқаны сөзсіз. Еуропалық ғұндардың өз өндіргіш күштері болған жоқ. Отырықшы елдерге шапқыншылық жасап, олардың еңбектерінің жемісіне ие болу, қолөнершілерді тұтқындап құлға айналдыру сол кездегі ғұндардың өміріндегі басты бағыттардың бірі болды.