Дәріс Мәдениет морфологиясы


Дәріс № 9 Қазақ мәдениетінің қалыптасуы



бет28/40
Дата18.10.2023
өлшемі311,18 Kb.
#117883
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40
Байланысты:
МӘДЕНИЕТТАНУ ДӘРІСТЕР

Дәріс № 9 Қазақ мәдениетінің қалыптасуы


1.Қазақтардың материялды мәдениеті: қолөнер және кәсіпкер,үйі, киімі, азығы.
2.Рухани мәдениет: қазақтардың халық білімі, күнтізбе, дін мейрамдары (наурыз, соғым, құрбан айт), дәстүрлі салттары.
3.Әдебиеті,халықтың ауыз екі өнері (мақалдар мен мәтелдер,еңбек және салт өлеңдері, тарихи және жазба әдебиеттері (Қыдырғали Жалайыри, Мұхаммед Хайдар Дулати).
XVI-XVII-ғасырлардағы қазақ мәдениеті өзіндік сипаты бар ұлттық мәдениет болды. Материялдық ескерткіштер Қазақстанда мәдени дамудың біркелкі болғандығын көрсетеді.
Отырықшы және жартылай отырықшы тайпалар Сырдария бойымен Қаратауға орын тепті: ірі қолөнер және сауда орталықтары-Сығанақ, Сауран, Түркістан болды. Феодалды соғыстардың жиі тұтануы өндіргіш күштердің дамуына, мәдениеттің өркендеуіне үлкен кедергі жасады. Әсіресе елге үлкен ойран салған жоңғарлар феодалдардың дамылсыз шапқыншылығы XVI-XVII ғасырларда мәдениеттің құлдырауына әкеп соқты.
Қазақстан территориясында тұратын халықтарда тұрғын үйдің екі түрі болды. Жазды күндері тасымалы жеңіл үйлерде тұрса, қысты күні жер үйде шымнан, балшықтан немесе тастан салынған жылы үйде тұрды. Жазғы үйдің екі түрі болды. Оның бірі кәдімгі қазақ үй, екіншісі дөңгелек үстіне орнатылған жылжымалы үй- күйме еді.
Киіз үй- жаздыкүні жайылымнан-жайылымға көшіп отыруға қолайлы құрама жеңіл үй.Бұл үш бөлімне тұрады, қабырғасын кереге деп атады. Одан жоғары құрама бөлігі – уықтар, ең жоғарғы түйісу тұсы – шаңырақ деп аталды. Кереге сыртынан тоқылған ши ұсталды. Үйді жауып тұратын киіздер-туырлық,үзік,түндік деп аталды. Түндік арқылы үйге жарық түседі,түтін шығады.Үй сыртынан жабылған киіздерді жел ұшырмас үшін, әрқайсысының ұшына жіп тағылады да, ол тартылып қазыққа байланады. Уықтың үстінен тартылған жалпақ тоқымаларды-құр деп атаған. Ол сәндік үшін және уықты берік ұстау үшін қажет болды. Үйдің түстік жағынан ағаш есік орнатылады. Оң жағына ағаш төсек,жүкаяқ,сандық,кебеже қойылады. Үйдің дәл ортасында ошақ болады. Онда тамақ асылды,үйді жылытты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет