Дәріс Мәдениет морфологиясы



бет9/40
Дата18.10.2023
өлшемі311,18 Kb.
#117883
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40
Байланысты:
МӘДЕНИЕТТАНУ ДӘРІСТЕР

3. Сепир-Уорф гипотезасы. Көбіне "лингвистикалық салыстырмалылық гипотезасы" деп аталатын бұл Сепир-Уорф болжамды концепциясы тіл құрылымы ойлау құрылымын және сыртқы әлемді тану тәсілін құрайды деген пікірден шығады. Э. Сепир мен Б. Уорф гипотезасының негізінде адамдар әлемді түрліше, яғни, өз ана тілі аясында танып біледі деген сенім жатыр. Әрбір тіл нақты шындықты тек соның өзіне ғана тән тәсілмен көрнекілейді, ендеше, түрлі тілдер өздерінің түрліше болып келетін “әлемнің тілдік суреттерімен” де ерекшеленеді.
Сепир-Уорф гипотезасында мынадай негізгі ұстанымдар бар:
1. Тіл сол тілде сөйлейтін халықтың өзіндік ойлау тәсілін мүмкін етеді.
2. Нақты әлемді тану тәсілі сол таным субъектісінің қай тілде ойланатындығына тәуелді.
“Біз әлемді бөліп-бөліп қарастырамыз. Оны ұғымдарға сыйдырамыз. Ал қай мән-мағынаны болмасын алдын ала келісілген жүйе бойынша белгілей береміз. Бұл келісім белгілі бір тілдік ұжым үшін маңызды және ол келісім біздің тіліміздің модельдерінің жүйесінде бекітілген”

    1. Б.Л. Уорфтың тұжырымдамасы бойынша, тіл – адам ойын анықтайтын форма. Тіл адамның өмірді қабылдауын және құрылымдауын анықтайды. Әрбір тұлға жастайынан ана сүтімен бірге бойына дарыған, қабылданған тіліне сай әлемнің тілдік картинасына ие. "Тіл біздің санамызды ғана ұйымдастырып қоймай, біздің таным процесімізде де өз орнын алады"

4. Белгілер мен белгілер жүйесінің негізгі типтері Белгілер: табиғи, иконалық, конвенционалды, вербалды және т.б. болып бөлінеді. Белгілер жіктемесін ғалымдар түрліше беруі мүмкін, бірақ олардың барлығын осында келтіріп жату мүмкін де емес әрі біздің ондай алға қойған міндетіміз де жоқ.
Табиғи белгілерге табиғаттың құбылыстары мен заттар жатады. Бірақ заттар әлде құбылыстар өздігінен белгі болып табылмайды, соны белгі деп қабылдайтын субъект үшін ғана ол белгі қызметін атқарады. Тарата айтар болсақ, ондай белгіні белгі-нышан десе де жөн, өйткені ол белгі басқа зат туралы қажетті ақпарат жеткізеді. Мысалы, түтін – жанып жатқан оттың нышаны; жүрек соғысы – тіршіліктің нышаны; дененің қызуының көтерілуі – науқастану нышаны; қалың қара бұлт – болар жаңбыр нышаны және т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет