Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене ҿмір сүріп, ҿздерін табиғаттың ажырамас
бҿлшегі санаған. Бұл басты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы
мекендеген халықтардың
дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды. Ҿз жазуы мен мифологиясы бар
Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мҽдениеті болды.
Олардың мұрасының жарқын кҿрінісі, кҿркем болмысы
мен рухани байлығының
айшықты белгісі – «аң стилі» ҿнері. Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен
табиғаттың ҿзара
байланысының символына баланып, кҿшпенділердің рухани бағдарын
айқындап отырған.
Олар жыртқыштардың, негізінен мысық тұқымдас аңдардың суретін кҿбірек қолданған.
Егемен Қазақстанның символдарының бірі – жергілікті жануарлар ҽлемінде
сирек
кездесетін тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес.
Бұл ретте, аң стилі бабаларымыздың айрықша жоғары ҿндірістік тҽжірибесі болғанын
кҿрсетеді. Олар оюлап кескіндеуді, металмен жұмыс істеудің техникасын, соның ішінде,
мыс пен қоладан балқымалар жасаудың жҽне
құймалар құюдың, жайма алтын
дайындаудың күрделі ҽдістерін жақсы меңгерген.
Жалпы,
«аң стилі»
феномені ҽлемдік ҿнердегі биік белестердің бірі саналады.
Достарыңызбен бөлісу: