Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе



Pdf көрінісі
бет67/75
Дата01.11.2023
өлшемі1,46 Mb.
#121347
түріЛекция
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   75
Байланысты:
Д ріс м тіндері аза стан тарихы курсына кіріспе

4.
Алтын адам
Біздің түп-тамырымызға жаңаша кҿзқараспен қарауға жол ашып, ҽлемдік ғылым үшін 
сенсация саналған жаңалық – 1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылған, 
ҿнертанушы ғалымдар арасында «қазақстандық Тутанхамон» деген атқа ие болған 
«Алтын адам». 
Бұл жауынгер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз ҽлі күнге дейін 
ҿзінің асқан кҿркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі кҿркем дүниелер 
жасаған. Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын ҿңдеу 
техникасын жақсы меңгергенін аңғартады. Сонымен бірге бұл жаңалық Дала ҿркениетінің 
зор қуаты мен эстетикасын ҽйгілейтін бай мифологияны паш етті. 
Дала халқы ҿз кҿсемдерін осылайша ұлықтап, оның мҽртебесін күн секілді құдірет 
деңгейіне кҿтеріп асқақтатқан. Қорымдағы сҽн-салтанатты жасау-жабдықтар ежелгі 
бабаларымыздың зияткерлік дҽстүрлерінен де мол хабар береді. Жауынгердің жанынан 
табылған күміс кеселердің бірінде ойып жазылған таңбалар бар. Бұл – Орталық Азия 
аумағынан бұрын-соңды табылған жазу атаулының ішіндегі ең кҿнесі. 
5.
Тҥркі әлемінің бесігі
Қазақтардың жҽне Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны 
ерекше. Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тҽжі ғана емес, күллі түркі 
ҽлемінің бесігі саналды. Дҽл осы ҿңірде біздің дҽуіріміздің І мыңжылдығының орта 
шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала тҿсінде жаңа кезең басталды. 
Тарих пен география түркі мемлекеттері мен ұлы кҿшпенділер империялары 
сабақтастығының айрықша моделін қалыптастырды. Бұл мемлекеттер ұзақ уақыт бойы 
бірін-бірі алмастырып, орта ғасырдағы Қазақстанның экономикалық, саяси жҽне мҽдени 
ҿмірінде ҿзінің ҿшпес ізін қалдырды. 
Орасан зор кеңістікті игере білген түркілер ұлан-ғайыр далада кҿшпелі жҽне отырықшы 
ҿркениеттің ҿзіндік ҿрнегін қалыптастырып, ҿнер мен ғылымның жҽне ҽлемдік сауданың 
орталығына айналған ортағасырлық қалалардың гүлденуіне жол ашты. Мҽселен, орта 
ғасырдағы Отырар қаласы ҽлемдік ҿркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Ҽбу Насыр Ҽл-
Фарабиді дүниеге ҽкелсе, түркі халықтарының рухани кҿшбасшыларының бірі Қожа 
Ахмет Ясауи Түркістан қаласында ҿмір сүріп, ілім таратқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет