1227-1255 жылдарда билік құрған Батый зор беделге ие болды. Алайда Батыйдың
да, оның мирасқорлары тұсында да Алтын Орда біртұтас мемлекет бола алмады. Жошы
ұлысы үлестерге – оның кҿптеген ұлдарының ұлыстарына ыдырады. Ҿз кезегінде Алтын
Ордада ұлыс жүйесі қалыптасты. Мысалы: 1236-1242 жылдарда Шығыс Европаға жасаған
жеті жылдық жорықтан оралғаннан кейін ҿзінің ағасы Орда Еженге Жетісудің
солтүстік—шығыс бҿлігіндегі жерлер, Ертіс
бойындағы кең-байтақ аймақ, Ұлытау мен
Қаратауға дейінгі жерлерді ұлыс етіп берді. Бұл ұлыстың аумағы біртіндеп кеңейе берді.
ХIII ғасырдың екінші жартысында-ақ Орда Еженнің немересі Қонышының тұрған жері
деректеме бойынша Орта Сырдариядағы Жент пен Үзкент маңында болған; ұлыстың
саяси орталығы осы жерге ауысқан еді.
Іс жүзінде ХIII ғасырдың ортасынан бастап Орда
Ежен ұлысы дербес мемлекет
болып, шығыс деректемелерінде Ақ Орда деп аталған. Оған билік жүргізгендер хан
атағын иеленіп, олармен Батый хан жҽне оның мирасқоры ғана емес, сондай-ақ бүкіл
империяның жоғары хандары да санасып отырған. Рас, кейде Алтын Орда таққа
отырғандарға ел билеуге жарлық беріп отырған, бірақ мҽселе осымен тынып, мемлекет
істеріне нақты араласу болмаған.
Орда Ежен ұлысынан батысқа қарай Шайбани иелігіндегі жерлер жатты. Ол туралы
Махмуд ибн Уали былай деп хабарлайды: «...Шыңғысханның ұлы Жошы ханның баласы
Шайбани хан жеті жылдық жорықта астар, орыстар, чернестер жҽне бұлғарлар елдерін
жаулап алған кезде ептілік кҿрсетіп, ағасы Батый ханнан сыйлық ретінде тҿрт аймақ
алды». Шайбани үлысының аумағы туралы Ҽбілғазы былай деп хабарлайды: «Шайбани
жазда Орал бҿктеріндегі, Тобыл, Жайық, Ырғыз ҿзендерінің аралығындағы кең-байтақ
жерлерде, ал қыста – Арал теңізі ҿңірінде, Шу, Сарысу ҿзендерін бойлап жҽне
Сырдарияның тҿменгі ағысында кҿшіп жүрген».
ХIII ғасырдың екінші жартысындағы – ХIV ғасырдың
басында Алтын Орданың
тарихы орыс князьдықтарымен, Иранның Хулагу ҽулеттері мен болған үздіксіз
соғыстарға толы; бұлардан Берке (1257-1266) мен оның мирасқорлары Азербайжанға
жҽне Оңтүстік Каспий маңындағы басқа да жерлерді иелену құқығына таласты. Менгу
Темір тұсында (1266-1280) Алтын Орда Монғол империясының орталығынан біржола
оқшауланып, тұнғыш рет ҿз атынан теңге соға бастады, Орта Азия
мен Жетісуда Шағатай
ұрпақтарының билігін нығайту үшін ұлы ханға қарсы күресінде Хайдуды қолдап отырды.
Ҿзбек ханның (1312-1342) жҽне оның баласы Жҽнібектің (1342-1357) тұсында
Алтын Орданың күш-қуаты барынша кемел кезіне жетті. Ислам діні мемлекет діні деп
жарияланды. Ҿзбек хан Орда Ежен ұрпақтарын бұрынғы вассалдық тҽуелділігіне
қайтаруға тырысып, Сығанақта ҿзінің баласы Тыныбекті хан тағына отырғызды; алайда
ол кҿп кешікпей ҿлтірілдіп, билік Орда Еженнің ұрпақтарына қайта кҿшті.
Достарыңызбен бөлісу: