Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе


Тақырып 17. Мемлекеттік қҧрылыстың кеңестік ҥлгісінің іске асырылуы



Pdf көрінісі
бет41/75
Дата19.10.2023
өлшемі1,46 Mb.
#119202
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   75
Байланысты:
Д ріс м тіндері аза стан тарихы курсына кіріспе

Тақырып 17.
Мемлекеттік қҧрылыстың кеңестік ҥлгісінің іске асырылуы. 
1. Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мҽні мен салдары.
2. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері.
3. Ұжымдастырудың ҽдістері мен қарқыны. Ашаршылық салдарлары. 
Тақырып 18. Мемлекеттік қҧрылыстың кеңестік ҥлгісінің іске асырылуы. 
1. Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы жҽне ауыр зардаптары.
2. Кеңестік білім беру жүйесін құру.
3. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Кеңес мемлекетінің сыртқы жҽне ішкі 
саясатының негізгі бағыттары.
4. Қазақстандықтардың майдан іс-қимылдарына, партизандық қозғалысқа қатысуы. 
 
1. Голощекин Қазақстанға бірінші басшы болып келісімен қазақ ауылының 
экономикалық-ҽлеуметтік жағдайымен атүсті танысып, Қазақстанда қазан тҿңкерісі
жүргізілмеген екен деген қорытындыға келеді. Ол Қазақстанда қазан тҿңкерісі 
болмағанын қазақ байларының тап ретінде жойыла қоймағанымен, партия, кеңес 
орындарына ескі интеллигенция ҿкілдерінің молынан орналасқанымен, елдің саяси, 
ҽлеуметтік-экономикалық, рухани ҿміріне қазан тҿңкерісінен соң таптық, партиялық
принциптерге сай басқа да ҿзгерістер жүзеге аспай отырғанымен дҽлелдемек болады. 
Таптық, партиялық деп отырғаны практикада социализм принциптерін күш 
қолдану арқылы жүзеге асыру деген мағына береді. Голощекиннің бұл ҽрекеті тарихта 
―кіші қазан‖ саясаты деп аталды. ―Кіші қазан‖ саясатына сай Қазақстанда қазақ байларын 
тҽркілеу, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, ұжымдастырған шаруашылықты 


отырықшыландыру тҽрізді шаралар социалистік жолмен немесе күшпен, ҽкімшілік 
ҽдіспен жүргізіліп, қазақ халқына аса ауыр зардап ҽкелгені белгілі. 
1928 жылы қыркүйектің 20-нан тҽркілеу науқаны басталып кетті. Қазақ байларын 
тҽркілеуден бұрын Қазақстанның Орталық Атқару Комитеті мен Комиссарлар Кеңесі 
Мемлекеттік саяси басқарма мен мемлекеттік жоспарлау комитетінің жинаған мҽліметіне 
сүйеніп, бүкіл Қазақстан бойынша 700 шаруашылық тҽркілеу туралы тізім жасаған. 
Тҽркілеуге тиісті байлар ҽртүрлі ҽрекеттер жасап, тҽркілеуден құтылуға тырысты. 
Олар мал-мүлкін туыстарына бҿліп берді, балаларына еншіге берді, сҿйтіп қаулыда 
кҿрсетілген мҿлшерден малдың санын азайтуды кҿздеді. Үй ішім аман болсын деп 
бҽйбішелерімен, тоқалдарымен ажырасты. 
Сҿйтіп қазақ байларын тҽркілеу науқаны 1928 жылы қыркүйектен басталып 1929 
жылдың сҽуір айына дейін 7 ай бойы жүргізілді. 
Жаңа экономикалық саясаттың негізінде республикада кооперативтік қозғалыс 
одан ҽрі дамыды. 1927 жылдың 1 қазанында Қазақ АКСР-дағы кооперация шаруа 
қожалықтарының 23,1% -ын қамтыды. Бұл кезде 1074 тұтынушылар одағы жұмыс істеді, 
оның 312-і ауылда орналасты, қазақ даласының түкпірінде 140 факторий құрылды. 
Сондай-ақ қазақ шаруалары 10725 ұжымдық шаруашылықтарға, оның ішінде 101 
коммунаға, 77 артельге, 290 жерді бірлесіп ҿндейтін серіктестікке (ТОЗ) ұйымдасты. 
Қоғамның прогрессивті дамуына алғы шарттар жасаған жаңа экономикалық саясат 
жасанды түрде тежеліп, оның орнына ұзақ та азапты жылдарға созылған большевиктердің 
күштеу саясаты орнықты. Бұл экономика саласында бҽрінен бұрын индустрияландыру 
жҽне ұжымдастыру саясатынан кҿрініс тапты. Большевиктердің 20-30 жылдардағы елдің 
халық шаруашылығындағы осынау шаралары бір-бірімен тығыз байланысты сабақтас 
құбылыстар, басқаша айтқанда, ұжысдастыру индустрияландыруды жүзеге асырудың 
қайнар кҿзі ретінде дүниеге келді. Ендеше индустрияландыруды (ауыр индустрия мен 
қауіпсіздік ҿнеркҽсібін дамытуды) қарқынды жүргізу үшін қорлану, яғни қаржы мҽселесін 
шешу қажет болды. Ҽкімшілік тҽсілімен жоғарыдан жүргізілген шараларды тҿмен 
бағамен астығынан жҽне басқа ҿнісдерінен айыру жолы табысқа жетпеді; бұл астық 
дайындауды дағдарысқа ұшыратып ғана қойған жоқ, сондай-ақ ауыл тұрғындарының
қарсылығын тудырды. Бұдан шығудың қарапайым жолы нанды «сыға беру» арқылы 
алатын ұжымшарларды ұйымдастыру болып табылды. Сҿйтіп, Кеңес жүйесі 
кҿшпенділерді олардың мал шаруашылығы мүддесіне түбірінен қайшы келетін 
отырықшылыққа кҿшірді жҽне екі міндеттің тез арада шешілуіне қол жеткізді. 1-ден, 
астық ҿндірісіне жаңа жерлер (жайылымдар есебінен) «босатылды» жҽне 2-ден, жұмыс
мҽселесі күн тҽртібінен алынды, яғни кешегі кҿшпенділер егіншілер қатарына еніп, жерді 
ҿздері жыртып, сеуіп, оның ҿнімін жинады. Ендеше ең басты нҽрсе-оларды 
ұжымшарларға қуып кіргізу болып есептелді. Сонымен, 1927 жылдан бастап 
ұжымдастыру шарасы басталды. 
Қазақстанда ұжымдастыру саясатын жүргізу барысында ірі қателіктердің жіберілуі 
1931-1933 жж. Қазақстан қасіретіне ҽкеліп соқты. 
«Асыра сілтеу болмасын-аша тұяқ қалмасын!» ұранымен жүргізілген алапат саясат 
1929 жылы елдегі азық-түлік қиындықтарына байланысты ауыл-шаруашылық ҿнімдерін 
дайындауға 
«соғыс коммунизмі» жылдарындағыдай тҿтенше сипат берілуі, 
ұжымдастырудағы жіберілген бұрмалаушылықтар Қазақстанда халық наразылығын 
туғызды. 1929-1931 жылдары Қазақстанда 372 кҿтеріліс болып, оған 80 мыңға жуық адам 
қатысты.
 
Созақ. Шемонаиха, Ырғыз, Қазалы, Бұқтарма, Қармақшы, Шыңғыстау, Абралы, 
Бүйен-Ақсу, Балқаш, Шұбартау, Маңғыстау т.б. аудандардағы шаруалар кҿтерілістері 
тұрақты ҽскер кҿмегімен аяусыз жазаланып басылды. Осы жылдары ірі кҿтерілістер мен 
толқуларға қатысқаны үшін 5551 адам тұтқынға алынып, оның 883-і атылды. 


2. Кеңес мемлектінің жазалауға арналған жүйесінің тарихындағы, осы уақытқа 
дейін лайықты түрде зерттелмеген қасіретті парағын КСРО Халық Комиссарлары 
Кеңесінің 1930 жылғы 7 сҽуірдегі «Еңбекпен түзеу лагерьлері туралы» ережені бекіту 
жҿніндегі қаулысы ашады. Осы қаулыны қабылдау ҽміршілдік-тҿрешілдік басқару 
ҽдістерін бекітумен, соның ішінде елдің қоғамдық-саяси жҽне халық шаруашылығы 
тыныс-тіршілігінің барлық салаларында қисынсыз қуғын-сүргін тетігін кеңінен 
пайдаланумен сабақтасады. 1922 жылы КСРО ХКК жанынан біртұтас қоғамдық орган-
Біріккен мемлекеттік саяси басқарма (БМСБ-ОГПУ) құрылды. 
ОГПУ-дың тікелей күш-жігерімен Соловецкий лагері, ГУЛАГ-тың (Лагерьлер Бас 
басқармасы) болашақ бҿлімшелерінің үлгісі құрылған еді. 
Лагерді Солтүстікте, Оралда, Қиыр Шығыс пен Орта Азияда ұйымдастыру 
кҿзделді. 1930-1930 жылдар арасында бірқатар лагерьлер, Беломор-Балтық (канал 
құрылысы), Темниковский (ағаш дайындау), Қарағанды (ауыл шаруашылығы ҿндірісі), 
Вишерский (ағаш дайындау жҽне целлюлоз-қағаз комбинатын салумен) жҽне Қиыр 
Шығыс лагерьлері ұйымдастырылды. Олардың ҽрқайсысы нақты шаруашылық міндетті 
шешу үшін құрылды. Кейінгі жылдары Дмитровский, Сібір, Дальстрой, Свирский жҽне 
т.б. лагерьлер қосылды. Жалпы еңбекпен түзеу Бас басқармасы мен НКВД (КСРО ІІМ) 
колониялары кезінде Кеңес Одағында 63 лагерь болды, онда қамалғандардың саны 
2 199 535 адамға дейін жетті. 
Кең ауқымдағы ҿнеркҽсіп құрылысы, соғыстан бұрынғы жылдарда табиғи 
байлықтар мен жаңа кен орындарын игеру арзан жұмыс күшін ұлғайтуды қажет етті. 
Тоталитарлық режимнің жазалау саясатының күшеюіне байланысты Солтүстікте, Оралда,
Қиыр Шығыста, Сібірде, Орта Азияда жҽне КСРО-ның басқа да аймақтарында еңбекпен 
түзеу лагерьлерінің желісі кеңейді. Егер 1940 жылы КСРО НКВД Лагерьлерінің Бас 
басқармасы (ГУЛАГ) 53 лагерьді қамтыса, ал 1947 жылы оның саны-56, 1954-61-ге жетті. 
Қамалғандардың саны да арта түсті: 1939 жылы-179 мың, 1940 жылы-1 млн 344,4 мың, 
1950 жылы-1 млн 416,3 мың, 1953 жылы-1 млн 727,9 мың адам болды. Ҽрі қылмыстық 
кодекстің 58-бабы бойынша сотталған тұтқындардың саны 15-тен 20 пайызға дейін 
ауытқып отырды.
Қазақстан аумағында 1931 жылы Қарағанды лагері (Карлаг) болды. Ҽр жылдары 
саяси айыппен қуғындалған мыңдаған тұтқындар ГУЛАГ-тың осы алып лагері арқылы 
ҿтті. Қазақстан аумағында бұдан басқа Степной, Песчаный, Луговой, Дальний деп 
аталатын лагерьлер де жұмыс істеді. Ақмола облысының аумағында АЛЖИР-Отанын 
сатқан опасыздар ҽйелдерінің Ақмола лагері ашылды.
Аталғандардың арасында КСРО НКВД Қарағанды еңбекпен түзеу лагері (Карлаг) 
маңызды орын алды. Карлаг басқармасы НКВД лагерінің Бас басқармасына ғана 
бағынатын еді жҽне оның құрамы Ҽкімшілік шаруашылық; есепке алу-бҿлу; бақылау-
жоспарлау; мҽдени-тҽрбие; кадрлар жабдықтау, сауда, қаржы, кҿлік бҿлімдерінен тұрды. 
АЛЖИР лагері 30 мың га жерді Есіл мен Нұра ҿзендерінің аралығын алып жатты. 
Су шыққанға дейін 40 метрге дейінгі тереңдікте шурфтарды бұрғылау керек болатын. 
Лагерьде ер кісілер жоқтың қасы еді, сондықтан барлық ауыртпалық тұтқын ҽйелдердің 
иығына түсті.
Лагерьдің Балқаш деп аталатын үлкен бҿлімшесі болды, онда тұтқындар Балқаш 
кен-металлургия комбинатын жҽне Балқаш мыс қорыту зауытын тұрғызды. Мұнда 900-ға 
дейін адам тұтқында болды. 
Спасск бҿлімшесі, кейінірек Спасск ерекше лагеріне айналды, онда негізінен 
мүгедектерді аппаратын еді. Спасскіні тұтқындар «ажал аңғары» деп атады. 
Карлагта «халық жаулары» ретінде жазаларын ҿтеген ауыл шаруашылығының 
белгілі мамандары мен агроғалымдардың үлкен тобы жұмыс істеді. Сондықтан ҿзі жұмыс 
істеген уақытында Қарлаг аса ірі ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу орталығына 


айналып, оның жетістіктері КСРО-ның бірқатар ҿлкелерінде, облыстары мен 
республикаларында пайдаланылды. 
Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы лагерь ҿміріне де ҿзгерістер енгізді: 
ҿнеркҽсіп жұмысшылары сияқты, еңбекпен түзеу лагерінің тұтқындары үздіксіз жұмыс 
аптасына кҿшірілді. Соғыстың басталуына байланысты басқа лагерлерьдің басшылары 
сияқты Карлаг басшылығы да ГУЛАГ-тан жҽне КСРО НКВД-дан тұтқындарды оқшаулау, 
күзетті күшейту, репродукторларды пайдалану мен газет таратуларды шектеу, туған-
туыстарымен жолығуды, хат-хабар алмасуды жҽне оларға ақша салуды тоқтату, жұмыс 
күнін 10 сағатқа дейін ұзарту жҽне ҿндірістік жоспарды 20 пайызға ұлғайту, 
тұтқындардың кейбір категорияларын босатуға тыйым салу, тұтқындардың ерекше 
құрамын арнайы лагерь орындарына жинақтау туралы бірқатар нұсқаулар алды. 
1948 жылы 16 наурызда ІІМ, МКК жҽне КСРО Бас прокурорының бірлескен «Аса 
қауіпті мемлекеттік қылмыскерлерді ұстау үшін ерекше лагерьлер мен мен түрмелер 
ұйымдастыру жҽне оларды жазалау мерзімін ҿтегеннен кейін жер аударуға ІІМ 
органдарының қадағалауына жіберу туралы» шешім қабылданды. КСРО ІІМ-ге 
сотталғандардың осы кҿрсетілген категорияларын 8 айдың ішінде ерекше лагерлер мен 
түрмелерге жіберу міндеті жүктелді. Бұл категорияларға тыңшылық (шпионаж), диверсия 
(қаскүнемдік), терроршылдық (лаңкестік) ҽрекеті үшін сотталғандар, троцкийшілдер, 
оңшылдар, меньшевиктер, эсерлер, анархистер, ұлтшылдар, ақ эмигранттар жҽне басқа да 
антисоветтік ұйымдарға қатыушылар жатқызылды. Бұрыннан бар лагерьлердің негізінде 
бес ерекше лагерь құрылды: 
№ 1. Минеральный (Коми АКСР-і), № 2 Горный (Норильск қаласы), № 3 
Дубравный (Мордва АКСР-і), № 4 Степной (Қазақ АКСР-і) жҽне № 5 Береговой 
(Магадан). Бұйрық бойынша солардың ҽрқайсысына қамалатын адам саны 25 мыңнан 
аспауы тиіс деп кҿрсетілді. 
Карлаг 26 ҽкімшілік-шаруашылықтан құралды (бҿлімшелер, дербес лагерь 
орындары), олардың құрамына 169 ұсақ ҿндірістік бҿлімшелер кірді (учаскелер, 
фермалар). 
Қарағанды қаласын заңды түрде Карлагтың астанасы ҽрі Карлагтың перзенті деуге 
болады. Оны тұтқындар тұрғызды. Карлаг-Отан тарихының ұмытылмас бір бҿлігі. Үйінді 
тҿбешік болып қалған молалар, үрей шақыратын лагерь орындары қаншама адамның
ауыр бейнет, тҿзбес тауқымет тарта жүріп, артына із қалдырғанын да еске салады. Небір 
қалалар мен зауыттар тұтқындар күшімен бой кҿтерді. Соның бірі-Қарағанды қаласы. 
Карлаг тұтқындары ҿздері туралы естелік етіп, кеңшарларға айналған бай 
шаруашылықтарды қалдырды. Егер лагерьде бір мезгілде 73 500-ге дейін тұтқындар 
ұсталса, онда азаптан, аштықтан, аурудан, аса ауыр бейнеттен ҿлген адамдардың 
қаншасына осы жерден топырақ бұйырғанын есептеп шығару қиын емес. 
3. 1941 жылы маусым айының 22-де Германия бастаған соғысы барлық Кеңес 
халықтар сыяқты Қазақстандықтардыңда тыныштығын бүзды. Соғыстың бірінші күнінен 
Қазақстанда ҽскери бҿлімдер құрыла бастады. Алғашқылардан болып Панфилов
қолбасшылығындағы 316-атқыштар дивизиясы құрылды. Республикада барлық сала 
ҽскери жолға қайта құрылды. Ол кездегі негізгі үран: «Барлығы жеңіс үшін, барлығы 
майдан үшін» болды.
 
Қазақстандықтар Москва маңындағы шайқастарда ерлікпен соғысты. Сталинград,
Курск шайқастарында қазақстандықтар ерлікпен соғысты. Днепр маңындағы шайқаста 
123 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының батыры атағын алды.
 
Қазақстандықтар партизан қозғалысына белсена қатысты. Украина мен Белорусь 
партизан отрядтарында 3000 –дан ортық қазақстандықтар болған. Берлин үшін болған 
соғыста, Рейхстагқа жеңіс туын тігуге лейтенант Қошқарбаевтың взводы, басқада 
қазақстандықтар қатысқан. Европа антифашистік қозғалыстарында жҽне Берлин үшін 


болған қырғын шайқаста қатысқан 150 қазақстандықтар Кеңес Одағының батыры атағын 
алды. 
 
Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға 1 млн. 200 мың қазақстандықтар 
шақырылған. Қазақстанда жасақталған ҽскери бҿлімшелердың ішінен неғұрлым жақсы 
соғысқан 5 құрама гвардияшіл деген құрметті атақ алды. Кҿрсеткен ерлігі үшін 500-дей 
қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олардың ішінде қазақ халқының 
данқты қыздары Мҽншүк Мҽмедова, Ҽлия Молдағұловалар, екі рет Кеңес Одағы Батыры 
болған Т.Ж.Бигельдинов, С.Луганский, Н. Беда, И. Павлов жҽне атақты командир, Кеңес 
Одағы Батыры атағы ең соғы болып 1990 жылы берілген Бауыржан Момышұлы болды. 
Майдандағы ерлігі үшін 97 мың қазақстандықтар ордендермен, медалдармен 
марапатталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет