Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе



Pdf көрінісі
бет45/75
Дата19.10.2023
өлшемі1,46 Mb.
#119202
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   75
Байланысты:
Д ріс м тіндері аза стан тарихы курсына кіріспе

 
Соғыстан кейінгі жылдарда Кеңестер мемлекетінде идеология саласында бірталай
саяси қуғын-қудалау болып отді. Қазақстанда бүдан шетте қалған жоқ.
 
1943 жылы Қазақстан ғалымдары соғыс жылдарында орталықтан эвакуация болып 
келген ірі кеңес ғалымдарымен бірлесіп «Қазақ ССР тарихы» атты іргелі еңбектің бірінші
томын шығарды. Кеңес Одағы республикалапының ішінен бірінші болып Қазақстанның 
тарихы жазылды. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, Кеңес Одағының идеологиялық 
ҿміріндегі айтулы оқыға болды. Бұл еңбекті оқушы қауым, ғылыми кҿпшілік зор 
қуанышпен қарсы алды. Еңбек Сталиндік сыйлыққа ұсынылады. Еңбекке сыйлық беру 
мҽселесін талқылағанда бұл еңбек орыстарға қарсы жазылған деген пікір айтылды. 
Еңбекте патша үкіметінің Қазақстанда жүргізген саясатының отаршылдық сипаты туралы, 
бұл саясатқа қарсы күрескен Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың ұлт-азаттық 
сипаты, прогрессивтік ролі туралы екі мҽселе бұл еңбекті кінҽлауға негіз болады. Бұл екі 
қорытындының авторы белгілі қазақ ғалымы Е.Бекмаханов еді. Сондықтан оның жазған 


«Қазақстан ХХ ғасырдың 20-40 жылдарында» деген монографиясы сынға ұшырайды. 
Оның бұл еңбегі талқыланып буржуазияшыл-ұлтшылдық тұрғысынан жазылған деген 
қорытынды жасалады. Е.Бекмаханов қуғынға ұшырайды. Осы кезде Қазақстан 
тарихнамасында Қазақстан Ресейге ҿз еркімен қосылғаны туралы, оның прогрессивтік 
маңызы туралы, Кенесары қозғалысының монархистік, реакциялық сипаты туралы 
концепция орын алады. 
 
Қазақ халқының ҿткен тарихы, мұрасына байланысты ҽдеби еңбек жазған ұлы 
жазушы М.Ҽуезов, ұлы ғалым Қ.Сатпаев т.б. зиялы қауымның ҿкілдері қудаланды.
 
Идеология саласындағы аталмыш жҽне басқадай бұрмалаушылықтар коммунистік 
партия ұстанған таптық саясаттың жемісі еді.
 
2.1953 жылғы 5 наурызда Коммунистік партия мен Кеңес Одағының басында 30 
жылдан астам отырған И. В. Сталин қайтыс болды. Сталин ҿлгеннен кейін елде 
демократиялық қайта құру процесі қарқынды жүре бастады. Демократиялық ҿзгерістердің 
ықпалымен Кеңес ҿкіметі шамадан тыс орталықтандыруды босаңсытуға жҽне одақтас 
республикалардың шаруашылық, саяси-мҽдени құрылыс саласындағы құқықтарын 
кеңейтуге бағытталған кейбір шараларды жүзеге асыруға мҽжбүр болды. Бұл кезде 
Қазақстанның бюджет құқықтары кеңейтіліп, оның кҿлемі едҽуір ҿсті. Атап айтқанда, 
1951-1955 жж. ҿнеркҽсіпке жұмсалған қаржының жалпы кҿлемі 1941-1950 жж. 
салыстырғанда 2,3 есе артты. Ал 1956 жылдан бастап табыстың кейбір түрлері бойынша 
республикалық бюджеттерге қаржы бұрынғыдан да кҿбірек бҿліне бастады. Қазақстан 
бюджетінің шығыс кҿлемі - 1953-1960 жылдарда 7 еседен аса ұлғайды: 434, 9 млн. сомнан 
3 млрд. 53 млн. сомға дейін жетті.
 
1954-1956 жылдарда одақтық министрліктерден республика қарамағына 144 ірі 
кҽсіпорны, ал 1959 ж. түсті металлургияның барлық 29 кҽсіпорындары берілді. Мұның 
нҽтижесінде одақтық-республикалық ҿнеркҽсіптегі ҿндіріс кҿлемі 2 еседен артық 
ұлғайды. Түсті металлургия, қара металлургия мен химия ҿнеркҽсібі кҽсіпорындарын 
салу, байланыс, қала жҽне село құрылысы, геология жҽне жер қойнауындағы қорларды 
қорғау министрліктері басқада одақтық министрліктер, одақтық-республикалық болып 
қайта құрылды. Су шаруашылығы министрлігі қалпына келтірілді. Республикадағы 
министрліктердің құқықтары бұрынғыға қарағанда едҽуір ҿсті. Оларды құру кезінде 
Қазақстан үкіметі шаруашылықтың ерекшеліктерін, жұмыс кҿлемін жҽне ҿркендеу 
келешегін ескеретін болды. Сонымен бірге одақтас республикалар жалпы одақтық 
сипаттағы мҽселелерді шешуге бұрынғыдан гҿрі белсене қатыса бастады. Одақтас 
республикалардың экономикалық жҽне мҽдени ҿркендеуіне байланысты ұсыныстарын 
талқылау үшін КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесі ҽр республиканың ҿкілдігі 
болатын Экономикалық комиссия құрды. 
Жергілікті Кеңестердің шаруашылық жҽне мҽдени құрылыс істерінде, оның ішінде 
халыққа білім беру, сауда, коммуналдық-түрмыстық қызмет кҿрсету саласындағы 
құқықтары кеңейтілді. Кеңестерге жергілікті ҿнеркҽсіп ҿндірісін жоспарлау жҽне олардың 
ҿнімін бҿлу, тұрғын үй салуды ұйымдастыру, қаржы-бюджет мҽселелерін шешуде үлкен 
міндеттер жүктелді. 
Одақтас республикалар құқықтарының кеңеюіне байланысты Қазақ КСР Жоғарғы 
Кеңесінің заң шығару қызметінің белсенділігі артты, оның республикадағы шаруашылық 
жҽне ҽлеуметтік-мҽдени құрылысқа іс жүзінде басшылық етудегі рҿлі ҽжептҽуір ҿсті. 
Сессияда қаралатын мҽселелердің шеңбері кеңейді. 
Жоғарғы Кеңестің тұрақты комиссияларының белсенділігі артты. Олардың саны 3-
тен 8-ге дейін жетті. Ҿнеркҽсіп жҽне транспорт, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау 
жҽне ҽлеуметтік қамсыздандыру, сауда жҽне қоғамдық тамақтандыру, халыққа білім беру 
жҽне мҽдениет жҿніндегі тұрақты комиссиялар құрылды. Олардың құрамына енгізілген 
депутаттардың саны 35-тен 167-ге дейін ҿсті. Мұндай ҿзгерістер мемлекет басына Н. С



Хрущевтің келуімен байланысты еді. 1953 жылы Сталин қайтыс болғаннан кейін билікке 
ие болған ол партия органдары мен ұйымдарының шаруашылық жұмысқа, басқару ісіне 
араласуына тоқтау салып, олардың қоғамдық істердегі рҿлін біраз ҽлсіретті. 
Одақтас республикалардың құқықтарын кеңейту, кеңестердің шаруашылық-
ұйымдастыру рҿлі мен жауапкершілігін арттыру олардың елдегі ҽлеуметтік-экономикалық 
ахуалды жақсартуға қосатын үлесін біраз ҿсiрдi. Бұл кезде халық шаруашылығының 
басты саласы ҿнеркҽсіпті дамытуға ерекше назар аударылды. Соның нҽтижесінде бесінші 
бесжылдық /1951-1955 жж./ ішінде 200-ге жуық жаңа кҽсіпорын салынып, пайдалануға 
берілді. Сомасы 3218 млн. сом болатын негізгі қорлар іске қосылды, мұның ҿзі бұдан 
бұрынғы бесжылдықтағыдан 2,5 есе кҿп еді. Бұл жылдары республикада Ҿскемен 
қорғасын зауыты мен оттегі станциясы, Зыряновск қорғасын комбинатының байыту 
фабрикасы, Балқаш шаңсорғыш фабрикасы пайдалануға берілді. Зыряновск қорғасын 
комбинатында қорғасын-мырыш концентратын, ал Балқаш мыс қорыту зауытында 
тазартылған мыс ҿндіру жолға қойылды. Жезқазғанда 5 қуатты шахта жҽне байыту 
фабрикасы іске қосылды. Шымкент қорғасын зауыты ҿндіріс процесі тоқтатылмастан 
түбегейлі түрде қайта құрылды. Республика түсті металлургиясының бесжылдық ішіндегі 
жалпы ҿнімі 2,1 есе ҿсті. Еліміздегі ең ірі ҿнеркҽсіп объектілердің бірі - Қарағанды 
металлургия зауытының (Қазақстан магниткасы) құрылысы басталды. Ферросплав ҿндіру 
артып, олардың ҽрбір түрін шығару ұлғайды. 
Ал алтыншы бесжылдық кезінде республикада ірі пайдалы кен орындарының 
игерілуіне байланысты бесжылдық жоспарды ауыр ҿнеркҽсіптің, ҽсіресе, электр қуаты 
мен отынды кҿп қажет ететін салалары үшін кҽсіпорындар жүйесін жасау, қара жҽне түсті 
металлургияның жаңа кҽсіпорындарын, электр станцияларын салу, ҿнеркҽсіптің басқа 
салаларын одан ҽрі ҿркендету міндеті қойылды. Бұл міндеттерді іске асыру барысында 
республиканың кҿптеген ҿндіріс орталықтарында ірі индустриялық кҽсіпорындар 
салынды. Павлодарда алюминий, ферросплав жҽне комбайн зауыттарын, прокат 
жабдықтары машина жасау зауытын, Жамбылда химия зауытын, Семей мен Шымкентте 
жаңа цемент зауыттарын салу қолға алынды. Қарағанды металлургия зауытында 2 домна 
пеші мен табақ қаңылтыр станын ҽзірлеу жҽне пайдалану жоспарланды. Міне, осындай игі 
істердің арқасында 1960 ж. Қазақстанда 1950 ж. 17,3 млн. тоннаның орнына 32,3 млн. 
тонна кҿмір, 2,6 млрд. квт/сағат орнына 10,6 млрд. квт/сағат электр қуаты ҿндірілді. 
Дегенмен осы кезде электр қуатының желілері мен оны бҿлу жүйелерінің құрылысы күрт 
артта қалды, мұның ҿзі республиканы электрлендірудің тиімділігін едҽуір тҿмендетті. 
50-ші жылдардың екінші жартысында Казақстанда бүкіл еліміздегі сияқты 
ҿнеркҽсіпте ғылыми-техникалық прогреске бетбұрыс кезең болды. Ҿндіріс жүйесін 
электрлендіру, кешенді механикаландыру жҽне автоматтандыру, мол ҿнімді ең жаңа 
станоктарды, машиналар мен аппараттарды енгізу, ҿндіріс технологиясын үнемі 
жетілдіріп отыру, отын қуатын бейбіт мақсаттарға қолдану негізінде ҿнеркҽсіптің барлық 
салаларында техниканы жетілдіру қарқынын арттыруға айырықша кҿңіл бҿлінді. Еңбекші 
бұқараны, ҽсіресе жұмысшыларды шаруашылық құрылысын басқару ісіне кеңінен 
тартуға, ҿндіріске жаңа техника мен озық технологияны енгізуге бағытталған маңызды 
шараларды жүзеге асыру басталды. 
Соның арқасында 50-ші жылдардың екінші жартысы ҿндіріс техникасы мен 
технологиясының одан ҽрі жедел дамыған кезі болды. Кен рудалары кҽсіпорындарына ҿзі 
тиеп, ҿзі алып барып түсіріп беретін, елімізде жасалған жоғары ҿнімді механикалық 
жүйелер мен бұрғылау машиналары енгізілді. Мұның ҿзі руда ҿндіруді түгелдей дерлік 
механикаландыруға мүмкіндік берді. Түсті металлургияда енді жеке агрегаттар мен 
тораптар ғана емес, технологиялық процестер, тұтас цехтар жүйелі автоматтандырылды. 
Шымкент пресс-автоматтар зауыты ҽртүрлі 20-дан астам машина, соның ішінде 
шындағыш машиналар, қуатты жаныштағыш престер шығыруды игерді. Алматы ауыр 


машина жасау зауытының сым созу станы, Ҿскемен конденсатор зауытының вольтті 
конденсаторларының жаңа сериялары елімізден шалғай жерлерде де белгілі болды. 
Шахталарға, кҿмір комбинаттарына кҿмір жҽне топырақ тиейтін машиналар, 
электровоздар келіп түсті, кен қазатын комбайндардың саны кҿбейді, ленталық 
конвейерлер енгізілді. Қарағанды кҿмір алқабы кҿмір ҿндіруде еңбекті кҿп қажет ететін 
жұмыстарды механикаландыру жҿнінде елімізде алдыңғы орындардың біріне шықты. 
Кҿмір табу, оны қопару, күреу, шығару, жол вагондарына тиеу тҽрізді жұмыстар түрінің 
бҽрі механикаландырылды. Бірқатар шахталарда механизмдерді шалғайдан автоматты 
түрде басқару тҽсілі қолданылды. 
Ҿндіріс процестерін автоматты түрде басқару мен бақылау ісі мұнай 
кҽсіпшіліктерінде де қолданыла бастады. Еңбек процестерін энергиямен жабдықтау едҽуір 
ұлғайды. Бір жұмысшыға шаққанда электр қуатын тұтыну 1941 жылға дейінгі деңгеймен 
салыстырғанда кҿмір ҿнеркҽсібінде - 3,6 есе, химияда 13,8 есе артты. 
Кҿлік жүйесіне де да кҿптеген техникалық жаңалықтар енді. Паравоздардың 
орнына сұйық отынмен жүретін локомотивтар келді. Тұңғыш тепловоздар 1957 жылы 
Қарағанды темір жолының Ерейментау депосында пайда болды, ал келесі жылы 
тепловоздар республиканың 3,5 мың км астам темір жолын қамтып, олар барлық жүк 
айналымының 40,5 пайызын тасыды. 
Алтыншы бесжылдықта Қазақстан жұмысшыларының жаңашылдық пен 
ҿнертапқыштыққа деген ынта-ықыласы артты. 1957 жылы онымен 22,7 мың, 1958 жылы - 
30 мың, ал 1960 жылы - 50 мыңға жуық адам шұғылданды. 1960 жылы түскен жаңашыл 
ұсыныстардың саны 74 мыңнан асты. Олардың 50,8 мыңы ҿндіріске енгізіліп, 38,8 млн. 
сом қаржы үнемделді. Сол жылы қоғамдық конструкторлық бюролар /ҚКБ/ курсында 
мыңдаған адамдар оқыды, олардың құрамына инженер-техник қызметкерлер, ҿндіріс 
жаңашылдары кірді. Республикалық ҿнеркҽсіп орындарында мұндай оқудың саны 200-ге 
жетті. 
1957 жылы Кеңес елі бойынша, соның ішінде Қазақстанда да, бірқатар 
шаруашылық-ұйымдастыру шаралары іске асырылды. Ҿнеркҽсіп пен құрылысты басқару 
экономикалық ҽкімшілік аудандары негізінде территориялық принцип бойынша 
ұйымдастырылды. Олардың ҽрқайсысында халық шаруашылығы кеңестері құрылды. 
Ҿнеркҽсіптік министрліктері таратылып, олардың кҽсіпорындары халық шаруашылығы 
кеңестерінің қарамағына берілді. Бұл кеңестер республика Министрлер кеңесіне бағынды. 
Ҿнеркҽсіп пен құрылысты басқарудың ұйымдастырылуын одан ҽрі жетілдіру туралы 
Республика Жоғарғы Кеңесі қабылдаған /1957 ж/ заңға сҽйкес республика 
территориясында 9 экономикалық-ҽкімшілік ауданы ұйымдастырылып, одақтық-
республикалық жҽне республикалық шаруашылық министрліктер таратылды. Халық 
шаруашылығы кеңестерінің қарамағына ҿнеркҽсіп пен құрылыстың ҽр түрлі салаларының 
2 мыңнан астам кҽсіпорны берілді. 
Алайда, ҿмірдің ҿзі кҿрсеткендей, ҿнеркҽсіптің басқарылуын территориялық 
принцип бойынша ұйымдастыру ісі жетілмеген болып шықты. Ҿнеркҽсіптің жеке 
салаларына ҿндірістік-техникалық басшылық ету экономикалық аудандарға бҿлшектелді, 
ал халық шарушылығы кеңестерінде кҽсіпорындарды басқару арнайы мамандандырылған 
кҿп салалы басқармалар арқылы жүзеге асырылды. Бұл Кеңестер ғылыми-техникалық 
прогрестің жеделдетілуіне байланысты кеңейген жұмыс кҿлемін игере алмады, жаңа 
техниканы пайдалануға жеткілікті бақылау орнатуға қабілетсіз болды. 
50-ші жылдардың басында бүкіл ел бойынша ауыл шаруашылық ҿнімдерін 
дайындаудың дҽрежесі біршама тҿмендеді. Ауыл шаруашылық ҿнімдерін дайындау 
бағасының арзан болуы ҿнімді кҿп ҿндіруге ынталандырмады, колхоздардың шығынын 
ҽрдайым ҿтей бермеді. Ауыл шаруашылык ҿнідірісінің артта қалуының бір себебі партия 
органдарының 
басшылығындағы 
елеулі 
кемшіліктердің 
салдары 
еді. 
Ауыл 


шаруашылығын дамытудың мүмкіндіктері жете пайдаланылмады. Дҽнді дақылдардың 
шығымдылығы тҿмендеп кетті. Тіпті ауа райы қолайлы болған жылдардың ҿзінде 
республика небҽрі 100-150 млн. пұт (шамамен 1,6-2,4 млн тонна) ғана тауарлы астық 
ҿндірді. Ал республикада, ҽсіресе, оның солтүстік жҽне солтүстік-батыс облыстарында 
пайдаланылмай келген, егіске жарамды ұлан-ғайыр құнарлы жерлер бос жатты. 
Қазақстан ауыл шаруашылығының мұндай жағдайы осы аса маңызды сала 
бойынша бүкіл елдегі істің жағдайын бейнеледі. Бұл жҿнінде КОКП Орталық Комитетiнің 
1953 жылғы қыркүйекте ҿткен пленумында барынша айқын айтылды. Ірі-ірі ҽлеуметтік-
экономикалық шаралар белгіленді. Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары - ауыл 
шаруашылығы еңбеккерлерінің егіншілік пен мал шаруашылыры ҿнімдерін ҿндіруді 
арттыруға материалдық ынталылығы принципін қалпына келтіру, колхоздарды, МТС-тер 
мен совхоздарды ауыл шаруашылығының білікті маман, механизатор кадрлармен 
нығайту, барлық ауыл шаруашылық процестерін механикаландыру дҽрежесін кҿтеру, 
ауыл шаруашылығына жұмсалатын күрделі қаржыны кҿбейту, ауыл шаруашылық 
ҿндірісін жоспарлауда колхоздар мен совхоздардың құқықтары мен ынта-ықыласын 
арттыру. Ауыл шаруашылық ҿнімдерін дайындау жҽне оны сатып алу бағалары қайта 
қаралып, едҽуір кҿтерілді. Осы тұста кҿптеген қала тұрғындары, ҽсіресе бұрынғы ауыл 
шаруашылық қызметкерлері, ҽр түрлі себептермен ҿнеркҽсіпке, транспортқа, құрылысқа 
жұмысқа ауысқан мамандар мен механизаторлар селоға оралуға тілек білдірді. 1953 
жылдың аяғында ҿнеркҽсіп пен халық шаруашылығының басқа да салаларынан 2536 
механизатор-тракторшылар мен комбайншылар, 4905 маман-агрономдар, инженерлер, 
зоотехниктер, мал дҽрігерлері жҽне басқалар республиканың МТС-тері мен МЖС-теріне 
жүмысқа ауысты. Сонымен бірге РСФСР-ден Қазақстанға бірнеше жүздеген инженерлер 
мен техниктер келді. Ҿнеркҽсіп орындарының үжымдары ауыл шаруашылық техникасын 
шығаруды ұлғайтты. 1953 жылдың аяғында республиканың 1096 кҽсіпорыны мен 
мекемесі 928 колхозды, 185 МТС пен МЖС-ті қамқорлыққа алды. 
1954 жылы КОКП Орталық Комитеті ақпан-наурыз Пленумында елімізде азық-
түлік мҽселесін шешу үшін шығыс аудандарда тың жҽне тыңайған жерлерді игеру 
мҽселесі қойылды. Оны игеруге Қазақстан кеңінен қатыстырылды. Мұнда қысқа мерізімде 
тың жерлерді игеру есебінен егіс кҿлемі 35 млн. гектарға дейін жеткізіліп, солтүстік 
аудандарда жүздеген жаңа поселкелер, совхоз орталықтары салынды. Тың ҿңіріне 
жүздеген мың қоныстанушылар келіп, оларды қарсы алу, орналастыруға байланысты 
республика партия жҽне кеңес органдарының күрделі де ауыр міндеттерді шешуіне тура 
келді. 
Қазақстанға Ресей мен Украина, Белоруссиядан жҽне басқа да одақтас 
республикалардан тыңды жаппай игерудің бірінші кезеңінде /1954-1956 жж./ 640 мың 
адам келді, бұлардың ішінде 391,5 мың ауыл шаруашылық механизаторлары, 50 мың 
құрылысшы, 3 мың денсаулық сақтау қызметкерлері, 1,5 мыңдай мұғалім, 1 мыңнан астам 
сауда қызметкерлері жҽне басқалар бар еді. Бұлардан басқа республикалардан 
механизация училищелерін бітіріп келген 66,7 мың адам жҽне Қазақстанның 
училищелерінен келген 19,8 мың адамға республика совхоздарында жұмыс істеуге 
жолдама берілді. Республиканың жаңа совхоздарына жоғары жҽне орта білімі бар 2088 
адам директор, бас агроном, бухгалтер, инженер-техник, құрылысшы сияқты жұмыстарға 
жіберілді. 
50-ші 
жылдардың аяғына қарай Қазақстанның ауыл шаруашылығының 
материалдық-техникалық базасы едҽуір нығайды. Совхоздар мен колхоздар 169 мың 
трактор, 98 мың комбайн, 73 мың жүк машинасын жҽне басқа да кҿптеген ауыл 
шаруашылық техникасын алды. 
1954-1960 жылдары республикада тың игеру есебінен астық ҿндірудің жалпы 
кҿлемі 106 млн. тоннаға жетті, осы жылдар ішінде астықтың жылдық орташа ҿнімі - 1949-


1953 жылдардың кҿрсеткішімен салыстырғанда шамамен 3,8 еседей артты. Қазақстан бұл 
жылдардың ішінде мемлекетке 63,4 млн. тонна астық тапсырды. 
Тың игеру Қазақстанды тауарлы астық ҿндіруде Одақ бойынша алдыңғы қатарға 
шығарды. Соның нҽтижесінде республика ҽрбір тұрғынға шаққанда екі мың кило астық 
ҿндіретін дҽрежеге жетті. /Азық-түлік мҽселесін түбегейлі шешу үшін ҽр адамға шаққанда 
бір мың кило астық ҿндіру жеткілікті деп есептеледі/. Тың игеру барысында Қазақстанда 
кҿптеген жаңа қалалар бой кҿтерді. Ҿнеркҽсіп орындары кҿптеп салынды. Жаңа темір 
жол, тас жол желілері тартылды. Тың игеру республиканың экономикалық күш-қуатын 
бұрын-соңды болып кҿрмеген дҽрежеге ілгерілетті. 
Тың игерудің экономикалық жҽне ҽлеуметтік салалардың дамуына тигізген 
салдары да болды. Сонымен бірге оның экологиялық, демографиялық зардаптары да аз 
болған жоқ.
 
Тың игеру шұғыл, асығыс жүргізілді. Егістікке жарамсыз жерлер жыртылды, мал 
жайылымы азайып, мал шаруашылығына зиян ҽкелді. Осының салдарынан игерілген 
жерлердің біразы қуаңшылыққа айналды, кҿптеген ҿзен, кҿлдер жойылып кетті. 50-
жылдардың ақырында Қазақсианда 9 млн. гектар жер эрозияға ұшарады.
 
Тың игеру Қазақстанның ұлттық-этникалық бейнесінің ҿзгеруіне ҽсер етті. Тың 
игеру кезінде Қазақстаннан тыс жерде ҿмір сүріп отырған қазақтарды келтіру мүмкіндігі 
туды, қазақ зиялылары сондай пікір де кҿтерді, бірақ бұл пікір ескерілмеді. Қазақстанға 
тың игеруге кҿптеген басқа ұлттың адамдары келді. Олардың ішінде басшы 
қызметкерлер, мҽмҽндар келді. Олар жергілікті кадрларды ығыстырды. Жергілікті 
жерлердегі қазақ мектептер жабылды, мектептер жаппай орыс тілінде оқытты. Қазақ 
тіліндегі газеттер жабылды. Мұндай кҿріністер интернационализм мен ұлттар 
достығының белгісі деп бағаланды. 
 
Тың жҽне тыңайған жерлерді игерудің сонымен бірге үлкен азаптары мен 
кҿлеңкелі жақтары да болды. Атап айтқанда, басқа республикалардан келгендердің саны 
шамадан тыс кҿбейіп кетті. Жергілікті жерлерде ұлттық мектептер жабылып, қазақ 
балалары ірілендірген мектеп-интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым 
кҿпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Мұның ҿзі, бір жағынан, қазақ жастарының ҿз 
ұлтының тілінен, салт-дҽстүрі мен мҽдениетінен қол үзіп мҽңгірттенуіне жол ашса, екінші 
жағынан жергілікті халықты орыстандыру саясаты қолпашталып, ашық жүргізіле бастады. 
Жер-су аттары орыс тіліне кҿшірілді. Мұндай орыстану процесінен халықты 
республиканың тҽуелсіздігі ғана құтқарды. Бірақ бұл процесс соның ҿзінде де қазақ 
халқының, оның зиялыларының елеулі бҿлігін ҿз ұлтының тілін білмейтін шала қазақ 
күйінде қалдырды. Осындай саясаттың салдарынан қазақ халқы ҿз республикасында 
азшылыққа айналды. 1959 жылғы сынақта республика халқындағы қазақтардың үлес 
салмағы (табиғи ҿсуі жоғары болса да) 8% кеміп, жалпы халықтың 29 пайызына түсіп 
қалды. Солтүстік облыстардағы қазақтардың үлес салмағы республикалық орташадан кҿп 
тҿмен болды. Жер су, қала, қыстақ аттары орысшаланды.
 
Тың эпопеясы экологиялық мҽселеде ҿзінің теріс жағын кҿрсетті. Бұрын болып 
кҿрмеген кҿлемде жерді жыртып тастау салдарынан 1957-1958 жж. Павлодар облысының 
жеңіл топырақты жерлерінде шаң бораны тұра бастады, ал 60-жылдардың басында жер 
қыртысын ұшырып кету тек жеңіл топырақты аймақты ғана емес, ауыр топырақты 
жерлерді де қамтыды.1960 жылға дейін Солтүстік Қазақстанда 9 млн. гектардан астам жер 
жел эрозиясына ұшырады, бұл сол кездегі Франция сияқты елдің бүкіл ауыл шаруашылық 
жер кҿлеміне тең еді. Рас, мұнан кейін егіншіліктің топырақ қорғау жүйесі жерді 
қайырмасыз түренмен жырту тҽсілі жасалды. Алайда, эколог мамандар атап кҿрсеткендей, 
қазіргі заманғы шаралардың барлық түрі де, қоршаған ортаны қажетті экологиялық 
қорғауды қамтамасыз ете алмады. Ол тек экологиялық зардаптарды жеңілдетеді. Бұл 
қазіргі экологиялық мҽселеде, ҽрине жеткіліксіз. 


Тың игеру мал шаруашылығына үлкен зиян келтірді. Мал жайылымы, шабындық 
жерлер азайып малдың саны кеміді, ҽсіресе, түйе, жылқы орны толмайтын шығынға 
ұшырады. Тың игеру барысында ауыл-село тұрғындарының қосалқы шаруашылығына, үй 
іргесінде кҿкҿніс егуге тыйым салынып, елде азық-түлік мҽселесін шиеленістірді. 
Тың игеру қарабайыр /экстенсивті/ ҽдіспен жүргізілді. Мұның ҿзі ҽр гектарға 
шаққанда ҿнімді аз алуға соқтырды. Бұл жерлерде ҿндірілген астықтың бағасы ҿте 
қымбатқа түсті. Оны жинауға бүкіл елдің комбайншылары, ҽскери бҿлімдер, қала 
тұрғындары, оқу орындарының студенттері қатыстырылды. 
50-ші жылдардың басында колхоздарды күштеп ірілендіру нҽтижесінде олардың 
саны республикада екі есе қысқарды, оның есесіне колхоз ҿндірісінің шоғырлануы 
күшейді. Осы жылдарда біраз колхоздар, олардың ішінде Қазақстанның колхоздары да ірі, 
экономикалық жағынан жақсы жарақтанған шаруашылықтарға айналды. Қазақстан 
колхоздарының ақшалай табысы ҿсіп, бҿлінбейтін қорлары кҿбейді. Еңбек күннің құны 
екі еседен астам ҿсіп жҽне ақшалай орташа бағасы 1958 жылы 10 сом 54 тиынға жетті. 
Сол жылы республика колхоздарында 63 мыңнан астам жоғары жҽне орта білімді 
мамандар жұмыс істеді. Бұларда 18 мыңнан астам диқан мен малшы, 17,2 мың жүргізуші, 
13,2 мың ауыл шаруашылығы механизаторлары еңбек етті. Олардың арасынан зор 
қабілетті ұйымдастырушылар шықты. Социалистік Еңбек Ерлері Алматы облысындағы 
"Алматы" колхозының бастығы Л. С. Манько, "Мичурин" атындағы колхоздың бастығы 
Қ. Ҽбдіғұлов, Батыс Қазақстан облысындағы "Бірлік" колхозының бастығы М. 
Мейірманов, Шығыс Қазақстан облысындағы Калинин атвындағы колхоздың бастығы Н. 
И. Лозовой, Талдықорған облысындағы "Жаңа талап" колхозының бастығы, екі мҽрте 
Социалистік Еңбек Ері Н. Алдабергенов, т. б. солардың қатарына жатқызуға болады. 
50-ші жылдардың екінші жартысында МТС-тар қайта құрылып, олардың 
қарамағында болып келген ауыл шаруашылық техникасы колхоздарға сатылды, бұл 
процесс 1959 жылы наурызда, яғни бір жылдың ішінде аяқталды. Бұрынғы МТС-тер 
орнына республикада 213 машина жҿндеу станциясы /МЖС/ мен оның бҿлімшесі 
құрылды. МТС-тердің техникасының бір бҿлігі совхоздар мен ауыл шаруашылығын 
механикаландыру училищелеріне берілді, енді бір бҿлігі колхоздарға сатылды. 
МТС-тарды тарату колхоздар экономикасын нашарлатты. Оларды МТС-тардан ескі 
техникаларды жоғары бағамен сатып алуға мҽжбүр етті. Бұл ҽсіресе ҽлсіз колхоздарды 
үлкен қиындықтарға душар етті. Сонымен қатар техниканың жҿнделуін, колхоздар мен 
совхоздарға жаңа техниканың запас бҿлшектердің сатылуын жҽне материалдық-
техникалық жабдықтау мен колхоздарға ҿндірістік қызмет кҿрсететін басқа да түрлерін 
қамтамасыз етуде ҿте бір ыңғайсыз жағдайлар қалыптасты. МТС-тардың орнына машина-
жҿндеу станциялары құрылып, кейін олар "Казсельхозтехника" ҿндірістік-техникалық 
жҽне жабдықтау бірлестіктерімен алмастырылды. Мұндай қайта құрулар ауыл 
шаруашылығының дамуына кері ҽсерін тигізбей қойған жоқ. Оның материалдық-
техникалық жағдайы құлдырай түсті. 
Кеңестер мемлекетінде 1957 жылда шаруашылық реформасы енгізілді. Оның басты 
мақсаты бір орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйені ҿзгертіп 
экономиканы басқаруды жергілікті органдардың қолына беру болды. Халық арасында 
Н.С. Хрущевтың атымен аталған бұл реформа бойынша экономиканы басқаруды 
жергілікті жерлердің қолына беру мақсатымен экономика саласы бойынша құрылған 
министрліктерді, мемлекеттік жоспарлау комиссиясын таратып жергілікті жерлерде 
басқару-ҿндірістік аудандар құрылды. Бұл аудандарда ҿндірісті басқаратын халық 
шаруашылық кеңестері (совнархоз) құрылды. Совнархоздардың қолына сол аудандағы 
барлық 
шаруашылық 
объектілері 
берілді. 
Совнархоздар 
ҿз 
қоғамындағы 
шаруашылықтардың ҿнім ҿндіру, оны сату мҽселесін ҿздері шешетін болды. 
 


Республикада облыстардың орнына 9 ҿндірістік-ҽкімшілік аудан орнады. Бұл 
шараның нҽтижесінде шаруашылықты басқару жергілікті жердің қолына ҿтті. Бұл ҽрбір 
кҽсіпорынның, ҽрбір ауданның ҿндірістік мүддесін арттыруға, сҿйтіп ел экономикасын 
дамытуға мол мүмкіндік ашты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет