Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе



Pdf көрінісі
бет47/75
Дата19.10.2023
өлшемі1,46 Mb.
#119202
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   75
Бақылау сҧрақтары: 
1. Бейбіт құрылысқа бейімделу ауыртпалықтары. 
2. Ауыл шаруашылығын ҽміршіл-ҽкімшіл ҽдістермен кҿтеруге бағытталған 
шаралар
3. Кеңестік милитаристік империя жасақтаған ҽскери-ҿнеркҽсіптік кешенінің қазақ 
халқына тигізген трагедиялық зардабы: Семей ядролық сынақ полигоны (1949-1991). 
Әдебиеттер: 
1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010. 
2. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. Тҽуелсіз Қазақстан: 
алғышарттары жҽне қалыптасуы. 4 кітап/ Т.Омарбеков, Б.С.Сайлан, А.Ш.Алтаев жҽне 
т.б.. – Алматы, Қазақ университеті, 2016. – 264 с.
3. Ұлы Дала тарихы: учебное пособие /Кан Г.В., Тугжанов Е.Л. – Астана: Zhasyl Orda, 
2015. – 328 стр.
4. Аяған Б.Ғ., Ҽбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010. 
5. Артыкбаев Ж.О.; Раздыков С.З. История Казахастана: Учебник. – Астана: Фолиант, 
2007. – 344 с. 
Тақырып 21.Қазақстандағы «қайта қҧру» саясаты. 
1. Идеологиядағы, экономикалық жҽне саяси ҿмірдегі ауқымды ҿзгерістер. М.С. 
Горбачевтың реформалары.
2. Жариялылық пен демократия жағдайында одақтық республикаларда туындаған ұлттық 
қақтығыстар.
3. Экономикалық дағдарыс. Қайта құру» мен «жариялылықтың» ел экономикасына ҽсері.
Тақырып 22. Қазақстандағы «қайта қҧру» саясаты. 
1. Д.А. Қонаевтың қызметі. 1986 жылғы Алматыда жҽне республиканың басқа қалаларында 
болған Желтоқсан оқиғасы.
2. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. 
3. КСРО-ның ыдырауы жҽне Тҽуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы. 
1. ХХ ғасырдың 80-жылдарының орта шенінде кеңестік қоғамда түбегейлі ҿзгеріс 
қажеттігі айқын сезіле бастады.1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық Комитетінің 
пленумында Бас хатшы болып М.С. Горбачев сайланды. Ол сол жылдың сҽуір айында 
ҿзінің «қайта құру» бағытын айқындайды. Кеңестер Одағының жаңа басшылығының 
жариялаған ҽлеуметтік-экономикалық қайта құруға бағытталған бағыт, кейін уақыт 
кҿрсеткендей, оның алдындағы ҿкімет басшылары сияқты ҿзін демократиялық 
реформатор етіп кҿрсетуге бағытталған талпыныс еді. Оның алғашқы тҿрт жылында 
(1985-1989 жж.) жеделдету концепциясын жүзеге асыруға бағытталған бірқатар нҽтижесіз 
бастамалар басталды. Жеделдетудің басты қадамы ретінде ҿндірістік құрылымды, құрал-
жабдықтарды, техникалық жүйелерді жаңарту идеясы ұсынылды. Бұл идеяны 
ұсынушылар – академик-экономист А.Г. Аганбегян жҽне т.б. тұтыну жабдықтарын сатып 
алуға бҿлінетін валютаны азайтып, үнемделген қаржыны сырттан машина жасау ҿнімін 
сатып алуға жұмсауды ұсынды. Жоба авторлары бұл шара 1990 ж. қарай құрал-жабдық 
жҽне машина жасаудың азаматтық салаларының құрал-саймандарының 90% ҽлемдік 
стандарт деңгейіне жеткізуге мүмкіндік ҽперіп, еңбек ҿнімділігін күрт ҿсіріп, жеделдетуге 
алып барады деп сенді. Аграрлық салада да ғылыми-техникалық революцияның 
жетістіктерін ендіру ауыл шаруашылық ҿндірісін жеделдетеді деп есептеді. Бірақ та, іс 
жүзінде, жеке меншіктің, нарықтық қатынастың толық қанды ендірілмеуі жеделдету 
тұжырымдамасын қиялға айналдырып жіберді. Ҿндіріс ҿнімінің тапшылығы заводтар мен 


фабрикаларды ҿндіріс құрал-жабдықтарын жаңартуға ынталандырмады. Ҿйткені 
товардың жетіспеушілігі оның сапасына деген сұранысты жоққа шығарды. Сондықтан да 
заводтар мен фабрикалар шетелдік құрал-жабдықты сатып алу арқылы жеделдетуге 
бағытталған партиялық бағытты барынша орындамауға тырысты. Шет елдерден валютаға 
сатып алынған құрал-жабдықтар іске асырылмай, заводтар мен фабрикалар алаңында, 
темір жол станциялары мен қоймаларда қар мен жаңбыр астында жатты. Жеделдету 
тұжырымдамасы ҿзінің жарамсыздығын ауыл шаруашылығында да кҿрсетті. Бұл салада 
оның жүзеге асырылмауының басты себебі меншікке байланысты болды. Мемлекеттік 
колхоздық-совхоздық жүйе ғылыми-техникалық революцияның, жаңа технология мен 
егіншіліктің ғылыми жүйесінің жетістіктерін қабылдауға дҽрменсіз болды. Арендалық 
ҽдістерді енгізу еңбеккерлердің қаржы мен еңбек нҽтижелерін иемдену, табылған табысты 
бҿлу принципін ҿзгертпеді. Ҿндіріс құрал-жабдықтары мен еңбек нҽтижесінен 
шеттетілген колхоздар мен совхоз еңбеккерлерінің еңбек ҿнімділігін арттыруға құлқы 
болмады. Маскүнемдікпен жҽне тҽртіпсіздікпен күрес қайта құрудың алғашқы жылында 
еңбек ҿнімділігін шамалы ғана арттыруға қол жеткізді. Оның есесіне маскүнемдікпен 
күрес мемлекеттік бюджетті азайтып, тұтыну саласындағы жағдайды шиеленістіріп 
жіберді. Халықаралық аренада кеңестік басшылық ҿз беделін ҿсіру мақсатында 1985 
жылы ядролық сынақты біржақты тоқтатты. Келесі бір оң қадам 1979 ж. желтоқсанда 
басталған ауған жанжалын тоқтату болып табылады. Кеңестер Одағы 1988 жылы ҿз 
ҽскерін Ауғаныстаннан шығара бастап, оны 1989 жылы ақпанда аяқтады. Ауғаныстандағы 
соғыс елге жыл сайын 5 млрд. сом шығын ҽкеліп отырған болатын. Бұл соғыс Қазақстанға 
соқпай ҿткен жоқ. Республикадан оған 21979 адам қатысып, оның 780-і қаза тауып, 393-і 
мүгедек болып, 22-і хабарсыз кетті. Бұл шаралар Кеңестер Одағының ҽлемде беделін 
біршама ҿсірді. Кеңес-Қытай қатынасы жақсарды. Бірақта, КСРО ҽлі де болса 
бұрынғысынша орасан мол армия мен ҽскери-ҿнеркҽсіп комплексін ұстап отырды. 1987 
жылдан бастап ядролық сынақты қайтадан бастады. «Қайта құру» тұжырымдамасы ұлт 
мҽселесін де одан ҽрі шиеленістіре түсті. Қазақстанда Одақтың барлық жерлеріндегі 
сияқты басқару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты кҿптеген 
келеңсіз құбылыстар кеңінен орын алды. Бұл жылдары ұлт саясатында, ҽлеуметтік-
экономикалық жҽне кадр мҽселелерінде кҿптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы 
барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мҽні ҿзгеріп, сҿз бен істің арасында 
алшақтық, қайшылық кең ҿріс алды. Кадр мҽселелерін шешу партия комитеттерінің тек 
бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды 
іріктеуде тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рҿл атқарды. 
Бұл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық 
деңгейінде кҿрініс тапты. Кҿптеген басшы партия қызметкерлері мен партия комитеттері 
ескіше қызмет етті. Осыдан келіп, аса маңызды мҽселелерді шешуде принципсіздік, 
тұрақсыздық, қоғамдағы жағымсыз жағдайларды жасыруға, аздаған жақсы істерді ерекше 
мадақтап, жоғары кҿтеруге, болып жатқан істердің барлығын тек жақсы жағынан 
кҿрсетуге тырысты. ХХ ғ. 80 жылдары Қазақстанда ұлттық табыс кісі басына шаққанда 
Одақтық деңгейден 12% кейін қалды. Сондай-ақ республикада үй құрылысы, мектеп, 
балалар бақшасы жҽне басқа да мҽдени-ҽлеуметтік құрылыстар салуда да ілгерілеу болған 
жоқ. Мысалы, 80-жылдары Одақ бойынша 10 мың адамға жыл сайын 75 пҽтер салынса, 
Қазақстанда тек – 69, Одақта ҽрбір 10 мың адамға 404 дҽрігерден келсе, мұнда тек 352 
дҽрігерден келді. 1987 жылы мектеп жасына дейінгі баланы балалар мекемелерімен қамту 
53% ғана болды. Экологиялық жағдай тҿтенше түрде күйзеліске түсті. Табиғи 
ресурстарды пайдаланудағы ведомствалық мүдде қоршаған ортаны қорғау шараларының 
жүзеге асуына кедергі жасады. Соның нҽтижесінде кҿптеген территория, су мен ауа 
бассейндері ластанды. Қазақстанның бірқатар аймақтары экологиялық зардап шегіуші 
аудандарға айналды. Табиғи ортаны қорғау жұмысының жеткіліксіздігінен кҿптеген 


қалаларда ауаның ластануы ҿте жоғары деңгейге жетті. Ҽсіресе, Қызылорда, Ақтҿбе, 
Семей облыстарында экологиялық ҿте ауыр жағдай қалыптасты. Арал аймағында 
кҿптеген аурулар тарап, балалар ҿлімі ҿсті. Міне, осымен байланысты 1986 жылғы ақпан 
айында болып ҿткен Қазақстан Компартиясы ХҮІ съезінде жасаған баяндамасында, ол 
кезде республика Министрлер Кеңесінің тҿрағасы болып істеген Н.Ҽ.Назарбаев жҽне 
съезде шығып сҿйлеген басқа да делегаттар мұндай келеңсіз жағдайларды ҿткір сынға 
алды. Олар кҿптеген күрделі жҽне маңызды мҽселелерді партия комитеттерінің уақтылы 
шешпейтінін, олардың қызметі ауқымынан тыс қалатынын, проблемалық мҽселелерді 
шешуге ескіше қараудың кеңінен орын алып отырғанын ешқандай бүкпесіз айтып берді. 
2. Алғашқыда Орталық басшылығын Қазақстанның шикізаттық даму бағыты мен 
оның Д.А. Қонаев бастаған басшылығы қанағаттандырды. Бірақта «қайта құруға» сай 
жүзеге асырыла бастаған косметикалық реформалар республика басшылығын 
ауыстыруды қажет етті. Қазақстанның жоғарғы билік органдарына орталықтан басшы 
кадрлар жіберу жалғаса түсті. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі, 
республиканың тарихи жағдайы, оның салт-дҽстүрі есепке алынбады.Мұндай жағдай 1986 
жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы 
Д.А.Қонаевты орнынан алған кезде айрықша кҿзге түсті. Пленум мҽжілісі небары 18 
минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Қазақстан Компартиясының 1-ші хатшысы 
Д.А.Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мҽскеу жіберген Г.В. Колбин сайланды. 
Мұның ҿзі қайта құру мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған республика халқының, 
соның ішінде қазақ жастарының наразылығын туғызды. Пленум ҿткеннен кейін екінші 
күні Орталық партия комитеті үйі алдындағы алаңға ҿздерінің пленум шешімімен 
келіспейтіндігін білдіру үшін жұмысшы жҽне студент жастар, оқушылар, т.б. жиналды. 
Олардың қолдарында ұстаған ұрандарының арасында «Ҽр халықтың ҿз ұлттық кҿсемі 
болу керек» деген ұран бар еді. Мұндай кҿсемнің Қазақстанда тұратын орыс халқы 
ҿкілдерінен де мүмкін екендігі айтылды. Алаңда болып жатқан жағдай, республика 
басшыларының, соның ішінде Г.В. Колбиннің ойында қазақ жастарының арасында елдегі 
социалистік құрылысқа қарсы астыртын ҽрекет, ұлтшыл ұйым бар деген пайымдау мен 
арам пиғылды туғызды. Бірақ ондай ұйымның бар-жоқтығы кейін қанша тексерсе де 
анықталмады. Алаңда жиналған халық пен милиция жҽне ҽскерлер арасында 
қақтығысулар болды. Ереуілге қатысушылар таспен, таяқпен қаруланып жазалаушыларға 
қарсылық кҿрсетті. Мұздай суға тоғыту үшін алаңға ҽкелінген бірнеше ҿрт сҿндіргіш 
машиналарды жастар ҿртеп жіберді. Қақтығысудың барысында Е. Сыпатаев жҽне С. 
Савицкий деген азаматтар қаза тапты. Үкімет органдары алаңға шығушыларға қарсы күш 
қолдана бастады. Алматыға басқа жерлерден арнайы ҽскери бҿлімдер ҽкелінді. Бейбіт 
шеруді басып-жаншу кезінде тҽртіп сақтау органдары заңдылықты ҿрескел бұзып темір 
таяқтарды, сапер күректерін, иттерді пайдаланды. Жастарды прокурордың шешімінсіз 
түрмеде ұстап, партия органдары құқық қорғау органдарына айыптау қорытындыларын 
тезірек шығару жҿнінде қысым жасады. 1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық Комитеті 
«Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық жҽне 
патриоттық тҽрбие беру жұмысы туралы» арнайы қаулы қабылдады. Онда 1986 жылғы 
желтоқсандағы оқиға Қазақстандағы ұлтшылдықтың кҿрінісі деп бағаланды. Бірақ 
кейіннен бұл шешім қате деп табылды. Ҿйткені қазақ халқы ешуақытта ұлтшыл болып 
кҿрген емес еді. Мҽселені Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі жанынан арнайы құрылған Мұхтар 
Шаханов бастаған комиссия тексерді. Оның барысында, қазіргі кезеңнің талабымен 
қарағанда, алғаш рет демократия жҽне жариялылық жағдайындағы халықтың еркіндік 
үшін кҿтерген талабы мен ескі партиялық ойлау арасындағы қақтығыстың болғандығы 
ашып кҿрсетілді. Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы бас кҿтеруінің түрі 
ұлттық болғанымен мазмұны ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде 
орыс халқына қарсы бағытталмаған болатын. Бұл ереуіл саяси сипаттағы бейбіт 


демонстрация еді, мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқты. Бірақ 
республиканың жҽне орталықтың партиялық-бюрократиялық құрылымы тарапынан ол 
экстремистік (Экстремист – шектен шыққан кҿзқарасты жақтаушы) пиғылдағы ұлтшыл 
жастар тобының бүлігі деп бағаланды. Ҿмір сүріп тұрған жүйе оны «Қазақ ұлтшылдығы» 
деп айыптауға дейін барды. Желтоқсан оқиғасы бойынша тергеу барысында 99 адам 
сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. 1164 
комсомол мүшесіне, 210 партия мүшесіне ҽртүрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қатарынан 
шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау жҽне Кҿлік 
министрліктерінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры 
қызметінен алынды. Алматыдағы желтоқсан оқиғасынан кейін Г.В. Колбиннің 
саясатының қатаң жҽне валюнтаристік бағытына жол берілді. Басшылық жүйесінде үлкен 
кадрлық тазалау жүзеге асырылды, мҽдениет пен баспасҿзге бақылау күшейді, жоғарғы 
оқу орындарына студенттер Қазақстандағы ұлттардың алатын проценттік үлесіне сай 
қабылдана бастады. Орталыққа жіберілетін фондыларды азайту нҽтижесінде қол жеткен 
ҿзгерістерге жалған сипаттама берілді. Осылайша «қайта құрудың» алғашқы кезеңінің 
нҽтижелері экономиканы жҽне қоғамдық-саяси ҿмірді жоғарыдан жүзеге асырылған 
жеңіл-желпі шаралармен реформалау мүмкін еместігін айдан-айқын кҿрсетті. 1988 
жылдан бастап Коммунистік партия тарапына сындар айтылып, жаңа қоғамдық ұйымдар 
құрыла бастады. 1987 жылы тамызда тұңғыш тҽуелсіз ұйым - ҽлеуметтік-экологиялық 
«инициатива» бірлестігі құрылып, ол ҿзінің алдына соғысқа қарсы тұру, экологияны, 
бейбітшілікті қорғау, қоғамды демократияландыру мақсатын қойды. Жұмысшы 
қозғалысы да елеулі саяси күшке айналды. Оның қатарында Қарағанды кҿмір бассейнінің 
шахтерлары ерекше роль атқарды. 1989 жылы Жаңаҿзендегі оқиға ҽлеуметтік-
экономикалық саладағы кҿкейтесті мҽселелерді кҿтерді. кҿтерді. Бір ерекше айтып 
кететін жағдай, қайта құру жағдайында бұқаралық хабарлама органдары елдегі, соның 
ішінде Қазақстанда болып жатқан жағдайларды, ҿзгерістерді ешқандай бүкпесіз ашық 
жариялап отырды. Ҽсіресе, республикада орын алған ҽлеуметтік жҽне ұлттық 
қайшылықтар жҿнінде жан-жақты айтылды. Соның арқасында халықтың азаматтық жҽне 
ұлттық сана-сезімі едҽуір ҿсті. Қоғамда орын алған жұмыссыздық, балалар ҿлімі, 
халықтың мҽдени-тұрмыстық, үй-жай жҿнінде ҽлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, оның 
қорытындылары ашық жарияланып отырды. Мұның ҿзі бұқара халықтың саяси-
ҽлеуметтік белсенділігін күшейтуге кҿмектесті. Қайта құру барысында қазақ халқы ҿзінің 
тарихы, ұлттық қайта даму, ана тілі, мемлекеттік егемендік алу жҿнінде талаптарын қоя 
бастады, бұл мҽселелер жаңа қырынан кҿрініс тапты. Біздің қоғамымызда демократиялық 
қатынастардың одан ҽрі тереңдеп ҿрістеуі кеңестердің қызметінен айқын кҿріне бастады. 
«Барлық ҿкімет Кеңестерге берілсін!» деген ұран жанданды. Бұл мҽселені бастапқы кезде 
кеңестерге партия басшылығын күшейту арқылы шешу үшін күш салынды, бірақ одан 
ештеме шықпады. Ҿйткені, компартияның қызметінде елеулі кемшіліктер мен 
тоқыраушылық орын алды. Алайда, осыған қарамастан, 1987 жылғы шілде айында алғаш 
рет Қазақстанда жергілікті кеңестерге халық депутаттарын сайлау округтер бойынша кҿп 
мандатты негізде іске асырылды. Республиканың 19 ауданында кҿп мандатты округтік 
сайлау барысында депутаттыққа кандидат болып 2270 адам ұсынылды. Оның 1701-і 
депутат болып сайланып, қалғандары резерв ретінде қалдырылды. 185 ауылдық жҽне 
селолық кеңестерге 6291 депутат сайланды, ал 1928 адам резервке кіргізілді. Жаңа сайлау 
жүйесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы еңбеккерлері арасында КСРО Ғылым 
Академиясы ҽлеуметтану институтының зерттеуі жүргізілді. Сайлаушылардың басым 
кҿпшілігі бұл жаңа тҽртіпті мақұлдады. Ҿйткені, кҿптеген еңбек ұжымдары депутаттыққа 
кандидат етіп ҿздерінің қалаулыларын ұсынуға қолдары жетті, ал кандидаттар бұқара 
халықпен кездесу барысында ҿздерінің бағдарламаларын анықтауға, онымен еңбекшілерді 
жан-жақты таныстыруға мүмкіндік алды. 1988 жылғы шілде-тамыз айларында ҿткен 


Бүкілодақтық ХІХ партия конференциясында Кеңес қоғамының саяси жүйесіне реформа 
жүргізу қажеттігі атап кҿрсетілді. Онда ең басты мҽселе – халық депутаттары 
Кеңестерінің толыққанды ҿкіметін барлық жерлерде қайтадан қалпына келтіру кҿзделді. 
Конференцияның шешімдеріне сҽйкес қысқа уақыт ішінде ең жоғарғы мемлекет 
органдарын қайта құру жоспарланды. Ол 1988 жылғы 1 желтоқсанда қабылданған «КСРО 
Конституциясына қосымша ҿзгерістер енгізу туралы» жҽне «КСРО халық депутаттарын 
сайлау» жҿніндегі заңдарда ҿзінің шынайы кҿрінісін тапты. Толғағы жеткен мҽселелерді 
ҿзі шешуге республиканың құқылы болуы Қазақстанның ҿткен кезеңінде жіберілген 
ағаттықтарын түзетуге мүмкіндік туғызды. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық 
Комитетінің қаулысымен 30-40-жылдары жҽне 50-жылдардың бас кезінде сотталған жҽне 
жазаға ұшыраған халқымыздың даңқты ҿкілдерінің есімі халқына қайтарылды. Ҽсіресе 
Шҽкҽрім Құдайбердіұлының, Ахмет Байтұрсыновтың, Мағжан Жұмабаевтың, Жүсіпбек 
Аймауытовтың, Міржақып Дулатовтың шығармашылық мұраларының ақталуы 
жұртшылық арасында зор қолдауға ие болды. Сҿйтіп, қазақ халқының аталған бес арысы 
1988 жылы ресми ақталды. «Қайта құрудың» екінші кезеңі 1989 ж. кҿктемдегі сайлауға 
байланысты басталды. 
Кеңестер Одағының ыдырауы ХХ ғасырдың соңындағы ең елеулі оқиғалардың бірі. 
Ол жаңа тарих беттерінің бастамсына алып келген оқиға десек шатаспаймыз деп 
ойлаймын. Ҽр түннің артынан күн келеді демекші бұл одақтың ыдырауы жаңа тҽуелсіз 
мемлекеттердің пайда болуына алып келді. Ҽрине, оның кері салдарлары болды. 
Орныққан экономикалық, саяси, мҽдени қатынастарды қайта орнату жаңа тҽжірибесіз 
мемлекеттер үшін оңайға соқпады. Бірақ оның оң жақтары да болды. Ол 70 жыл бойы 
отарда болған, мҽжбүрлі интеграция үрдісіне түскен мемлекеттер үшін, ҽлемдік 
қауымдастыққа ҿздерін жаңа, тҽуелсіз, демократиялы, зайырлы мемлекеттер ретінде 
кҿрсетуге мүмкіндік туды. Алыс-жақын шет елдермен қатынас орнатуға мүмкіншілік 
туды. Кҿпшілікті қызықтырған, дүниенің бір бҿлігін ҿз уысында ұстаған одақтың ыдырау 
себебіне тоқталар болсақ. 
КСРО-ның 
ыдырауына 
алып 
келген 
басты 
себеп-биліктің 
күшті 
орталықтандырылуынан. Екіншіден, КСРО-ның орталық билігі бұқаралық кҿпшіліктің 
сана-сезімінің ҽсіресе, ұлттың қайта ҿрлеп дамуы мен ҿсуінің заңдылығын 
мойындамағандығынан. Үшіншіден, ҿзінің дұрыс екендігіне сенген басқарушы элита 
ҽлеуметтік тҿмен адамдардың мҽселелрін тыңдаудан жҽне түсінуден қалды. Орталықпен 
одақ республикаларының мүдделері кҿп нҽрселерде сҽйкес келе бермейтін болды. 
Бұлардың бҽрі ҽлеуметтік наразылықтар тудырып, қоғамның деформациясына алып келді. 
Қайта құру кезіндегі «реформаторлар» қоғамды жаңаша басқаруға қабілетсіз болып 
шықты. Қоғам саяси жҽне мемлекеттік жетекшілерден түбегейлі ҿзгерістер күтті. Бірақ ол 
бітпейтін саяси талқыламаларға түсіп, нҽтижесіз қалып жатты. КСРО ыдырауының тағы 
бір себебі ол оның құрылымдық бҿлімдерінің иерархиялығында. Бҿлек этникалық 
қауымдастаықтар ҽр түрлі бағыныштылы, тҽуелділік сатысына қойылды. 
Қоғамның кҿп бҿлігінде осы тҽртіпке деген наразылығы күшейе түсті. Дҽл осы 
үрдіс КСРО ҿмірінің соңғы 5 жылының ҽлеуметтік саяси динамикасын анықтайды. 1986-
1987 жылдардағы жариялылық жетекші элитаның артықшылығы мен ҿмір жағдайын 
ашқан кезде жай қарапайым адамдардың оларға қарсы ашу-ыза сезімі күшейді. Бұлардың 
барлығы ұйымдастырылған жҽне жүйелі қоғамдық қарсылық қозғалыстарына алып келді. 
Ортаға шыққан ұлттық мҽселелер орыс «отаршылдары» мен «жергілікті» ұлт ҿкілдерінің 
арасындағы немесе кҿршілес ұлттардың арасындағы қақтығысқа алып келді. 
1990 жылдың 24 шілдесінде ақпарат құралдарына жаңа одақтың келісімінің 
алғашқы жобасы ұсынылды. Рыноктық экономикаға кҿшумен тығыз байланысы бар, жаңа 
федеративті келісім республикалардың құқын кеңейту керек болды. Тура бір жылдан 
кейін 1991 жылы 24 шілдеде Горбачев салтанатты түрде «Одақты» келісім бойынша 


жұмыс аяқталдың жҽне «қосыламын деушілерге» есігіміз ашық деп жариялады. Армения, 
Грузия, Латвия, Литва, Молдова, Эстония бұл келісімге қосылмайтындықтарын білдірді. 
Орталық Азиялық мұсылман елдері орталыққа ҿз ойларын білдірмей, екі жақтық 
келісімдерге отырды.
1991 жылы 19 тамызда ТАСС, КСРО-дағы тҿтенше жағдайлар бойынша 
мемлекеттік комитеттің құрылғаны туралы жариялады (ГКЧП). Оның құрамына КСРО-
ның вице-президенті Г.Н.Янаев, премьер-министр В.С.Павлов, президенттің жанындағы 
қорғаныс кеңесінің жетекші орынбасары О.Д.Бакланов, ішкі істер министрі Б.К.Пуго, 
қорғаныс министрі Д.Т.Язов, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жетекшісі В.А.Крючков 
жҽне т.б. Бұл жаңа келісімге қол қоюға кедергі жасауға бағытталған саяси дағдарыс. 
ГКЧП оппозициялық партия мен қозғалыстар жҽне бірнеше газеттердің қызметтеріне 
тиым салу туралы шешім қабылдады. ГКЧП-ның құрылуына жауап ретінде Москва, 
Ленинград жҽне т.б. қалаларда кҿптеген демонстрациялар мен митингтер болды. Осы 
ГКЧП-нің қызметіне қарсылардың басында РСФСР-дің президенті Б.Н.Ельцин жҽне басқа 
Ресей Федерациясының жетекшілері тұрды. Ельциннің жарлығымен ГКЧП-нің құрылуы 
мемлекеттік тҿңкеріс шарасы ретінде қарастырылып, атқарушы биліктің одақтық 
органдары РСФСР президентіне қайта бағындырылды. 22 тамызда ГКЧП жойылды. Оның 
мүшелері жҽне басқа да қызметкерлері сотталды. 23 тамызда Ельциннің жарлығымен 
РСФСР территориясында Компартияның қызметі тоқтатылды. 24 тамызда Горбачев ҿзінің 
ЦК КПСС бас хатшылығынан кететіні туралы жариялады жҽне ЦК мүшелеріне ҿз ҿзін 
таратуға шақырды. Одақтас билік органдарының қызметі тоқтатылды. Москвадағы 
орталық билік Ресей жетекшілігіне ҿтті. Латвия, Литва, Эстония КСРО-дан шығу туралы 
жариялады, олардың тҽуелсіздігі КСРО-ның ресми жетекшісі тарапынан 1991 жылы 5 
қыркүйекте танылды. Тамыз дағдарысы дезинтеграция үрдісін күшейтіп, КСРО-ның ары 
қарай ыдырауын тездетті. 1991 жылы 1 желтоқсанда Украинаның 80 пайызы ҿз 
республикаларының тҽуелсіздігі үшін дауыс берді. Бір аптадан кейін Ресей, Украина, 
Белоруссия президенттері Минскіде жиналып, «Кеңес Одағы енді жоқ» деп жариялады. 
Олар «Тҽуелсіз Мемлекеттер Достастығы» құрылғаны жҽне «бұрынғы КСРО елдері үшін 
ашық» деп жариялады. 21 желтоқсанда Алматыда ТМД-ға 8 республика қосылды, 
осылайша олар КСРО-ның ыдырағанын айғақтай түсті. 
Ҿзінің ҿмірінде ТМД кҿптеген сынақтардан ҿтті. Ең бастысы кҿпшіліктің «ҿлі 
туылған бала» деген кҿріпкелділіктерге қарамастан ол ҿз ҿмірін жалғастыруда. Жаңа 
тҽуелсіз мемлекеттердің саяси, экономикалық тҽуелсіздіктерін алғандықтары, бұрынғы 
одақ 
республикаларының 
бірігу 
идеясын 
жоққа 
шығармады. 
Тіпті 
ҿзара 
ынтымақтастықтың бұл түрі одан ары тереңдей түсіп, бірнеше біріккен саяси 
құжаттармен, белгілі бір істерде ҽсіресе экономикалық сферадағы қатынастармен толыға 
түсті.
ТМД ҿз ҿмірі кезінде бірнеше кезеңнен ҿтті: 
1.
Бірінші кезең - 1991 мен 1993 жылдар аралығы. Одақтас 
Республикалар саяси тҽуелсіздігін алады. Мемлекеттілігін, қаржы-экономикалық, 
кеден, шекара құрылымдарын бекітеді. Бірақ олардың халықшаруашылық кешені 
біртұтас экономикалық кеңістікте, бір валютамен ҿз жұмысын жалғастырып 
жатады. 
2.
Екінші кезең - 1993-1996жылдар. ТМД мемлекеттері ҿздерінің саяси 
егемендігін нығайта түседі, ҿз беттерімен халықаралық қауымдастыққа кіреді, 
ҿздерінің кеңес одағына кірмеген жақын кҿршілерімен шаруашылық 
байланыстарын орнатады. Ал Достастық шеңберінде бірге келісілген шешімдерге 
байланысты қатынастар ауырлай түседі. Кҿптеген келісілген заттар орындалмай 
қалады. Бірақ кейбір мемлекеттер тығыз қатынастар орнатуға деген талпыныс 
байқалады, мысалға кеден одағы, Орталық Азиялық Экономикалық қауымдастық.


3.
Үшінші кезең 1997 жылдан басталады. Достастықтың бүкіл мүшелері 
дағдарысты мойындайды. Осы дағдарыстан шығу жолдары мен ортақ мақсат-мүдде 
қарастырыла бастайды. Кейбір мемлекеттер, ғалымдар ТМД-нің барлық атқарушы 
органдарын біріктіріп, бірінші орынға экономикалық ынтымақтастықты қоюды, 
еркін сауда, кеден, тарифтік зонасын құруды валюталық одақ идеясын ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет