Дәріс микробиология ғылымының тарихы және даму кезеңдері



Pdf көрінісі
бет20/75
Дата15.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31164
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   75
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ МИКРОБ КАЗ (1)

    Бұл бет үшін навигация:
  • Көбею
        Үздіксіз әдіспен  өсіргенде,  орта  ылғи  жаңарып  отырады,  сондықтан 

бактерияларды  ұзақ  уақыт  өсіруге  болады.  Ал  терең  қабатта  өсіру  әдісінде 

қоректік  орта  араластырылып  отырады,  ал  бактерия  клеткалары  төменгі 

қабатта  өседі.  Сондықтан  микроорганизмдерді  ұзақ  уақыт  бойы   қайталап 

екпей өсіруге болады

 

Қатты   қоректік  орталардың  бетінде  егуге  байланысты   микроорганизмдер 



жеке  колония,  сызық  (штрих)  түрінде  немесе  ортаның  бетіне  тұтастай 

өсулері  мүмкін. Колония —  бір  клеткадан  өсіп  шыққан  клеткалардың 

ұрпағы.  Клетканың  қай  жерде  дамығанына  байланысты  (қоректік  ортаның 

бетінде,  ыдыстың  түбінде)  колониялар  бөлінеді:беттік,тереңдік  , түптік 



. Беттік  

колониялардың  түзілуі  тығыз   субстраттардағы  көптеген  

микроорганизмдердің  өсу  ерекшеліктері  болып  табылады.  Мұндай 

колониялар өздерінің көптүрлілігімен ерекшелінеді.

 

Популяцияның   өсуі  оның   клетка  саны  мен  массасының  ұлғаюымен 



сипатталады..  Өсу  –  клетка  биомассасының  өсуі.  Бірақ  кез  келген  клетка 

биологиялық  массасының  ұлғаюын  өсу  деп  қарастырмайды.  Бактериялар 

өздері  адаптацияланған  оптимальді  ортада  баланстанған  өсі  күйіндеболады, 

биомассаның  екі  есеюі  белок,  РНҚ,ДНҚ  және  т.б.  мөлшерінің  екі  есеюімен 

жүреді, сондықтан өсуді барлық химиялық компоненттер мөлшерінің көбеюі 

деп  тұжырымдауға  болады.  Бактериялар  өсуі  клеткалық  материалды 

синтездейтін  бір  бірімен  байланысқан  көптеген  реакциялар  нәтижесінде 

жүреді.  Көбею – 

популяциядағы 

микроорганизмдердің 

санының 

өзгеруі.Клетка өсуі  -  клетканың  ішілік қор жинауы, саны өзгермейді. 

Бактериялар 

популяциясының 

өсуі 

және 


көбеюінің 

жалпы 


заңдылықтарын  графикалық  жолмен  тірі  жасушалар  саны  логарифмінің 

уақытқа  тәуелділігін  көрсететін  қисық  түрінде  белгілеу  қабылданған.  Өсу 

қисығы  S  әріпі  пішінді  және  бірін-бірі  ауыстыра  өтетін  бірнеше  өсу 

сатылардан тұрады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет