Дәріс микробиология ғылымының тарихы және даму кезеңдері


Микроорганизмдерге  төменгі  температураның  тигізетін  әсері



Pdf көрінісі
бет45/75
Дата15.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31164
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   75
Микроорганизмдерге  төменгі  температураның  тигізетін  әсері.  Төменгі 

температура әдетте микроорганизмдерді өлтіре алмайды, бірақ олардың өсуі мен көбеюін 

тежейді. Көптеген бактериялардың өміршеңдігі абсолюттік нөлге жақын температурада да 

сақталынады.  Споралар  сұйық  сутегінде  (-252°С)  10  сағат  болғанда  да  өседі,  осы 

температурада ішек сүзегі бактериялары өздерінің өміршеңдігін 2 сағат қана сақтап қала 

алады.  Сұйық  ауада  (-172  –  -190°С)  ішек  таяқшасы  20  сағат  сақталынады.  Туберкулез 

таяқшасы -180 

0

С-да сегіз күн, ал бруцеллалар -40°С-да алты айдан астам уақыт тіршілік 



етеді. 

Төменгі  температура  әсеріне  вирустар  төзімдірек  болып  келеді.  Құтыру  вирусы 

сұйық  ауада  (-190°С)  және  сұйық  сутегінде  (-292°С)  бірнеше  ай  бойы  белсенділігін 

сақтайды  (В.Д.  Савельев  және  басқалары).  Воркутаның  мұздақты  топырағының  57  м. 

тереңдігінде  бациллалар  табылса,  оның  споралары  одан  да  тереңдеу  қабаттардан 

анықталынған  (А.В.  Каляев,  1947).  Споралар  және  шіру  микробтары  Сібірдің 

топырағында  бірнеше  мың  жылдар  бойы  жатқан  мамонттардың  өлекселерінде  өздерінің 

өміршеңдігін сақтап қалған (В.Л. Омелянский, 1911). 

Бактериялардың  вегетативтік  формалары  да  төмен  температураның  әсеріне 

шыдамсыздау  боп  келеді.  Температураның  -10°С-дан  -20°С-ға  дейін  ауытқуы  ішек 

таяқшасының  суспензиядағы  мөлшерін  90  пайызға  дейін  азайтады.  Сондықтан,  -190°С 

және  одан  да  төмен  температурада  кристалдар  түзілмей  қату,  микробтық  жасушаның 

механикалық  зақымдануын  және  қайтымсыз  процестерді  туындататын  мұз  кристалдары 

пайда  болатын  -20°С  және  одан  жоғары  температураға  қарағанда  тіршілік  иелеріне 

қауіпсіздеу болуы мүмкін.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет