Дәріс микробиология ғылымының тарихы және даму кезеңдері



Pdf көрінісі
бет43/75
Дата15.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31164
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   75
Физикалық  факторлар.  Температура  –  микробтар  өміріндегі  ең  маңызды 

факторлардың  бірі.  Ол  оптималды,  немесе  микроорганизмдердің  өсуі  үшін  қолайлы, 

сондай-ақ  тіршілік  процесстері  тежелетін  –  максималдық,  және  өсіп-өнуі  баяулайтын 

немесе  толық  тоқтайтын  –  минималдық  болуы  мүмкін.  Температураға  байланысты  өсу 

аймағы әртүрлі микроорганизмдер тобы үшін кең ауқымда ауытқиды. 

Психрофилдер  (грекше  psichros-салқын,  суық;  philein-сүю,    салқын  сүйгіш 

микроорганизмдер)  төменгі  температурада  өмір  сүреді.  Оларды  солтүстік  теңіздерде, 

мұздақтарда, тоңазытқыштарда, ағын суларда және басқада жерлерде кездестіруге болады. 

Бұлардың  ішінде  балықтың,  су  өсімдіктерінің  ауруларының  қоздырғыштары,  азықтық 

өнімдерді  ыдырататын  микроорганизмдер  болуы  мүмкін.  Психрофилдер  үшін 

минималдық  температура  –  0°С,  қолайлы  температура  –  -15-20°С  және  максималдық 

температура – -30-35°С. 

Мезофилдер  (грекше  mesos-орташа,  philein-сүю)  орташа  температурада  өседі. 

Мезофилдерге  адамдар  мен  жануарлардың  ауру  қоздырғыштары,  сапрофиттердің 

көпшілігі,  аммонификация  және  ашу,  тағыда  басқа  процестердің  микроорганизмдері 

жатады.  Мезофилдер  үшін  минималдық  температура  –  10°С,  қолайлы  температура  –  30-

37°С және максималдық температура – 40-45°С.   

Термофилдер  (termos-жылы,  philein-сүю,  жылу  сүйгіштер)  өздерінің  дамуы  үшін 

жоғары температураны қажет етеді. Бұндай микроорганизмдер ыстық су көздерінде, адам 

және  жануарлардың  ас  қорыту  жолдарында,  ыстық  ауа-райлы  аудандардың 

топырақтарында 

кездеседі. 

Камчатканың 

ыстық 

су 


көздерінде 

термофилді 

микроорганизмдердің  шар,  таяқша  және  жіпше  тәріздес  формалары  анықталынған. 

Термофилдік  микрорганизмдер  көңнің  биотермиялық  зарарсыздануы,  бурыл  шөпті 

дайындау,  шөпті  сүрлеу  сияқты  биологиялық  процесстерге  қатысады.  Қолайлы 

ылғалдылықта  термофилдер  орта  температурасын  жоғарылатып,  органикалық  заттарды 

ыдыратады, нәтижесінде өсімдік массасының өздігінен тұтануын тудыратын метан, сутегі 

сияқты жанғыш газдар түзіледі. Температураның кенеттен өзгеруі микробтарды өлтіреді. 

Термофилдер  үшін  минималдық  температура  –  35°С,  қолайлы  температура  –  50-60°С 

және максималдық температура – 70-75°С.  

Ыстық  су  көздерін  мекендейтін  кейбір  спора  түзбейтін  бактериялардың  40-93°С-да 

және  оданда  жоғары  температурада  тіршілік  ету  мүмкіндігі  бұл  организмдерді  – 

экстремалдық  термофилді  бактериялар  тобына  біріктіруге  негіз  болып  алынды. 

Термофилдердің жоғары температурада өмір сүре алуы жасуша мембранасының липидтік 

компоненттерінің  құрамымен,  сондай-ақ  олардың  протеиндері  мен  ферменттерінің, 

жасуша  ультрақұрылымдарының  жоғары  температура  әсеріне  тұрақтылығымен 

түсіндіріледі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет