Дәріс микробиология ғылымының тарихы және даму кезеңдері


Микроорганизмдерге  жоғары  температураның  тигізетін  әсері



Pdf көрінісі
бет44/75
Дата15.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31164
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   75
Микроорганизмдерге  жоғары  температураның  тигізетін  әсері.  Жоғары 

температураның  әсеріне  вегетативтік  формалар  өте  сезімтал  болып  келеді. 

Температураның  жоғарылауы  микроорганизмдердің  тіршілігін  қысқартады.  Мысалы, 

тифоздық  бактериялар  47°С-де  2  сағаттан,  ал  59°С-де  21  секундтан  кейін  жойылады. 




Спора  түзетін  түрлер  100°С-де  20  сағатта,  ал  130°С-де  2-4  минутта  өледі  (В.И.  Вашков, 

1956). 


Микробтарға құрғақтан гөрі  ылғалды жылы ауа нәтижелі  әсер етеді.  Мысалы, сібір 

жарасының  спорасы  132°С  бу  әсерінен  1  минутта  жойылса,  құрғақ  ыстық  ауада  аталған 

бактерияның спорасы осы уақыт ішінде залалсыздандырылуы үшін температураны 180°С-

ге дейін көтеру қажет. Стерилдеу сапасы 1 мл суспензиядағы микробтық жасуша санына 

да байланысты. Олар көп болған сайын, температура да жоғары болуы керек немесе әсер 

ету уақыты да ұзақтау болуы шарт.  

Микрорганизмдердің  төзімділігіне  тіршілік  ету  ортасы  және  спораның  түзілу 

жағдайы  да  өз  әсерін  тигізеді.  Протеин  мен  майлар  микроорганизмдерді  жылу  әсерінен 

қорғаса,  бактерицидтік  заттар  керісінше  жылу  әсерін  күшейтеді.  Микробтар  бейтарап 

ортаға қарағанда, қышқылды ортада ыстыққа сезімтал келеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет