Дәріс микробиология ғылымының тарихы және даму кезеңдері



Pdf көрінісі
бет49/75
Дата15.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31164
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   75
Ультрадыбыс    тығыз  ортаның  адам  құлағына  естілмейтін  жоғары  жиіліктегі  (16 

кгц  және  оданда  артық)  механикалық  тербелісі.  Микроорганизмдердің  өсінділеріне  әсер 

ете  отырып,  ультрадыбыс  қысымдағы  үлкен  айырмашылық  тудырып,  жасушаны 

зақымдайды. Микробтардың бір бөлігі лезде өледі, басқалары қатты механикалық соққы 

алып,  нәтижесінде  физиологиялық  процестер  бұзылады,  цитоплазма  сұйылып, 

көбіктенеді,  көлемі  ұлғаяды,  жасуша  қабырғасы  сөгіліп,  оның  ішіндегілер  қоршаған 

ортаға  шығады.  Токсиндерді,  ферменттерді  және  антигендерді  бөліп  алу  үшін 

ультрадыбысты пайдалану осыған негізделген. 

Ультрадыбыс эшерихий, сальмонелла, микобактериялар, ашытқы жасушаларына өте 

қатты  әсер  етеді.  Бұл  жағдайда  бастапқыда  қозғалу  аппараты  (эшерихий,  сальмонелла), 

капсула 

(азотобактериялар), 

кейіннен 

басқада 


құрылымдар 

зақымдалады. 

Ультрадыбыстың әсерінің нәтижелілігі қоректік ортада протеин болған жағдайда азаяды. 

Сондықтан, ультрадыбысты сүтті және басқа да протеинді заттарды зарасыздандыру үшін 

пайдалану  әрдайым  нәтижелі  бола  бермейді.  Таяқша  тәріздес  бактериялар  дөңгелек 

пішінділерге қарағанда ультрадыбысқа төзімсіздеу болады. Нысан өлшемі неғұрлым кіші 

болса, оның ультрадыбысқа төзімділігі де соғұрлым күшті болады. 

Электр  қуаты  микробтарға  күшті  әсер  етпейді.  Ортадан  өту  барысында  жоғары 

кернеулі ток микроорганизмдердің кейбір құрамдас бөліктерінің электролизденуіне және 

жаңа  қосылыстардың  пайда  болуына  себепші  болып,  микробтарға  қолайсыз  әсерін 

тигізеді.  Электр  тогы  зарарсыздандырғыш  заттардың,  әсіресе  сынаптық  препараттардың 

микробтарды өлтіру қабілетін арттырады. Элект тогының өрісінде молекулалар иондарға 

ыдыратады,  бұл  өз  кезегінде  зарарсыздандырғыш  заттардың  микробтарға  әсер  ету 

уақытын қысқартып, препараттардың тиімділігін күшейтеді. Электролиз ауыз суды,  ағын 

суды  зарарсыздандырғанда  пайдаланылады.  Бұл  жағдайда  микробтарға  күшті  әсерді 

тікелей  электр  қуаты  емес,  ол  ортадан  өткен  кезде  түзілетін  өнімдер  (оттегі,  хлор, 

қышқылдар)  тигізеді.  Қуаты  секундына  3  млн  –  30  млрд  аралығындағы  ультражоғары 

жиілікті ток (УЖЖ) микробтарға әртүрлі әсер етеді. Көптеген зерттеушілер микробтарға 

нәтижелі  әсер  УЖЖ  токтың  жылулық  әсерімен  қамтамасыз  етіледі  деп  санайды.  Бұл 

жағдайда  толқын  ұзындығының  да  үлкен  маңызы  бар.  Ұзындығы  15  метрлік  толқын 

микробтық жасушаның өмір сүруін тежесе, 4 метр болатын толқын оған ешқандай әсерін 

тигізе алмайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет