Дәріс микробиология ғылымының тарихы және даму кезеңдері



Pdf көрінісі
бет50/75
Дата15.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31164
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   75
Гидростатикалық  қысым  1100  кг/см

2

  артық  болса  протеинді  денатурацияға 



ұшырап,  ферменттер  белсенділігін  жояды,  электролиттік  диссоциация  артып,  көптеген 

сұйықтықтардың тұтқырлығы көбейеді. Бұның барлығы микробтарға қолайсыз әсер етіп, 

көбінесе  олардың  өлуіне  әкеліп  соғады.  Микроорганизмдердің  ішінде  өте  жоғары 

қысымда  өмір  сүре  алатын  түрлер  де  кездеседі.  Мысалы,  теңіз  және  мұхиттардың  терең 

қабатында  тіршілік  ететін  микробтар.  Гидростатикалық  қысымы  1160  кг/см

жететін 



Тынық  және  Үнді  мұхиттарының  түбінен  басқа  тіршілік  иелерімен  бірге 

микроорганизмдер табылған. Көптеген микроорганизмдер 650 кг/см

2

 қысымда бір сағатқа 



дейін шыдайды. 

Жоғары  қысымға  төзімді  бактерияларды  барофилді  (гректің  baros-ауырлық)  деп 

атайды.  

Бактериялардың  тіршілігі  үшін  осмостық  қысымның  да  маңызы  зор.  Еріген 

заттардың  мөлшерімен  анықталатын  ортаның  осмостық  қысымы  микробтық  жасушаның 

метаболизмінде үлкен рөл атқарады. Бактерияның ішіндегі осмостық қысым, сахарозаның 

10-20%-ды  ерітіндісінің  қысымына  сәйкес  келеді.  Бактерияларды  қысымы  жоғарырақ 

ортаға орналастырса – плазмолиз (жасушаның сусыздану әсерінен өлуі), ал егер осмостық 

қысымы  төмен  ортаға  орналастырса,  онда  судың  жасуша  ішіне  енуі  нәтижесінде 

плазмоптиз (жасуша қабырғасының жарылуы) құбылыстары байқалады. Плазмолиз және 




плазмоптиз құбылыстары өнеркәсіпте және тұрмыста әртүрлі өнімдерді консервілеу үшін 

(қияр, қызанақ, т.б.) қолданылады. 

Жоғары  осмостық  қысым  жағдайында  көбейе  алатындар  -  осмофилдік 

микроорганизмдер немесе галофилдер (тұз сүйгіштер) деп аталады. Олардың ферменттері 

натрий хлориді көп мөлшерде болған жағдайда ғана белсенді бола алады. Натрий иондары 

галофилдерге қоршаған ортадан қоректік заттарды сіңіру үшін қажет. Кейбір галофилдер 

(Halobacterium, Micrococcus, Sarcina) 20-30%-тік натрий хлориді бар жерде ғана көбейеді. 

Мысалы, сортаң топырақта, балықты және етті тұздауға арналған тұздықтарда. 

Қазіргі кезде микробиологияда микроорганизмдердің баробиологиясы деп аталатын 

жаңа  бағыт  пайда  болды.  Ол  гидростатикалық  қысымды  -  теңіз  бен  мұхит  суларының 

терең  қабатындағы  микроорганизмдердің  таралуы  мен  белсенділігіне  әсер  ететін 

экологиялық фактор ретінде зерттейді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет