Дәріс. Операциялық жүйелердің негізгі ұғымдары. Операциялық жүйелердің қызметі. Операциялық орта ұғымы. Үзіліс. Дәрістің негізгі мазмұны Операциалық жүйелер пәні ««Есептеу техникасы және бағдарламалық қаматамасыз ету»



бет3/7
Дата31.12.2021
өлшемі65,96 Kb.
#21244
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дәріс1, 2, 3

Бақылау сұрақтары

1. Операциялық жүйелердің даму тарихы.

2. Операциялық жүйелердің мақсаты мен міндеттері.

3. Операциялық жүйелердің функциялары мен сипаттамалары.

4. Операциялық жүйелердің классификациясы.


2 Дәріс. Операциялық жүйелер классификациясы. Есептеу процесі және ресурс ұғымы. Процесті басқару. Процесс контексті және дескрипторы.
Дәрістің негізгі мазмұны

Операциялық жүйелер ішкі басқару алгоритмдерінің, яғни командаларының негізгі ресурстарымен (процессорлармен, жадылармен, құрылғылармен) және олардың қолданылу әдістерімен ерекшеленеді. Операциялық жүйелер классификациясы ресурстарды басқарудың алгоритмдік ерекшеліктері арқылы бөлінеді.

Компьютердің локальді ресурстарды басқару алгоритмінің негізі көбінесе желілік операциялық жүйелерге байланысты болады. Мысалы процессорлды басқару алгоритмі қолданудың айырмашылығына байланысты бірмақсатты және көпмақсатты, бірқолданушылық және көпқолданушылы, бірпроцессорлы және көппроцессорлы болып бөлінеді.

1. Көпмақсатты көмек

Операциялық жүйелер біруақытта орындалуына байланысты мынадай 2 класқа бөлінеді: бірмақсатты (MS DOS, MSX және т.б.), көпмақсатты (OS/2, UNIX, WINDOWS 95,98,2000, және т.б.).

Бірмақсатты операциялық жүйелер – көбінесе командаларды пайдаланушыларға қарапайым және ыңғайлы процестерді орындаудың функцияларын көрсетеді. Бірмақсатты операциялық жүйелер перифериялық құрылғыларды басқарудың қасиеттерін, файлдарды басқарудың қасиеттерін, пайдаланушылармен интерфейстік қасиеттерді орындайды.

Көпмақсатты операциялық жүйелер – жоғарыда көрсетілген функциялардан басқа қолданушы ресурстарына бөлінген процессор сияқты, жедел жадыны және файлдармен сыртқы құрылғыларды басқарады.

2. Көпқолданушылар режимі

Біруақытта жұмыс істейтін қолданушылардың операциялық жүйелері мынадай түрлерге бөлінеді: Бірқолданбалы (MS DOS, WINDOWS3х ,OS/2 алдыңғы нұсқалары), көпқолданбалы (UNIX, WINDOWS NET, серверлік операциялық жүйе). Көпқолданбалы операциялық жүйелердің бірқолданбалы жүйеден айырмашылығы ақпаратты сақтаудың басқа қолданушыларға рұқсат етілуінде.

Процесс дегеніміз процессорда тізбектей орындалатын іс-әрекеттердің ұйымдасқан жиыны және процессор күйінің сипаттамасы. Операциялық жүйелер процестермен байланысты төмендегідей әрекеттерді бақылайды:



  1. Процестерді құру және өшіру;

  2. Процестерді жоспарлау;

  3. Процестерді синхронизациялау;

  4. Процестерді коммуникациялау;

  5. Тұйықталған жағдайларды шешу.

“Процесс” пен “программа” ұғымын шатастыруға болмайды. Себебі, программа дегеніміз іс-әрекеттер жоспары, ал процесс – сол іс-әрекеттердің өзі. Процесс ұғымына программалық код, программа берілгендері, жады стекінің мазмұны, процессордың адрестік және басқа регистрлері ұғымдары кіреді. Бір программа үшін бірнеше процестің құрылуы мүмкін. Өмірлік циклының ішінде процесс өз күйін бірнеше рет өзгертуі мүмкін.

Процесс күйлерін былайша бөлуге болады:



  1. Жаңа (new, жаңадан құрылған процесс)

  2. орындалатын (running, программа командалары процессорда орындалуда)

  3. күтілулі (waiting, процесс қандай да бір оқиғаның аяқталуын күтуде, көбінесе бұл енгізу-шығару амалы болуы мүмкін)

  4. дайын (ready, процесс процессордың босауын күтеді)

  5. аяқталған (terminated, процесс өз жұмысын аяқтады).

Процестің бір күйден екінші күйге өтуі өз бетінше жүргізілмейді. Процессордың күйінің өзгеруінің типтік диаграммасы төменде көрсетілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет