Дәріс. Операциялық жүйелердің негізгі ұғымдары. Операциялық жүйелердің қызметі. Операциялық орта ұғымы. Үзіліс. Дәрістің негізгі мазмұны Операциалық жүйелер пәні ««Есептеу техникасы және бағдарламалық қаматамасыз ету»



бет7/7
Дата31.12.2021
өлшемі65,96 Kb.
#21244
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дәріс1, 2, 3

Орталық санашықтың уақытын пайдалану арқылы басқару. ОЖ- де орталық санашықтың таратылған белсенділігін беру үшін есепті таңдаудың алгоритміне ОЖ нақты экспулатациялық қасиетіне байланысты. ОЖ жұмысының тиімділігін бағалау үшін қолданылатын алгоритмді таңдау толығымен тиімділік критерилерімен анықталады. Сондықтан орталық санашықтың уақытын пайдалану арқылы басқаруды біз сіздермен ОЖ типтерін қарастырамыз.
Бірінші жағдай. Менде жүйенің үлкен көлемді есептеу қуатын талап ететін көп есептер немесе программалар бар. Бұл есептерді саналатын есептер деп атайды, олар есептеудің үлкен көлемін талап етеді және сырт құрылғыларға аз қатынайды. Бұл есептер бір есептеу жүйесінде орындалуы керек. Бұл есептер дестесінің орындалу кезіндегі жүйенің жұмысы үшін тиімділік критерии не болып табылады? Қандай параметрлер жиынын айтуға болады: егер олар үлкен болса- онда жақсы, егер керсінше болса нашар. Бұндай жағдай үшін есептеу жүйесінің жұмыс істеу тиімділігі болып орталық санашықтың жүктелі дәрежесі болып табылады. Егер орталық санашық күту режимінде аз тұратын болса, ал қалған үрдістер алмасумен айналысатын болса, онда біз жүйе тиімді жұмыс істей алады деп айта аламыз. Жүйенің тиімді жұмыс істеуін сәйкес жоспарлау алгоритмін қолданумен жүзеге асыруға болады. ОЖ мүмкіндігіне қарап біз осы жүйеде бар барлық есептер жиынын өңдеуге жібереміз. Оны мультипрограммалық режим қамтамассыз етеді. Бұл жағдайда орталық санашықтың уақытын жоспарлау алгоритмі келесідей: егер орталық санашық бір үрдіске арналған болса, онда осы үрдіс келесі жағдайлардың бірі келгенше орталық санашықта орналасады:

  1. Сыртқы құрылғыларға қатынау.




  1. Үрдістің айяқталуы.

  2. Үрдістің қайталануының тиянақталған фактісі.

Осы аталған жағдайлардың қайсысы орталық санашыққа беріледі сол кезде басқару келесі үрдіске беріледі. Бір үрдістен екінші үрдіске басқаруды беру минимилизацияланған. Басқаруды бір үрдістен екінші үрдіске бергенде ОЖ бірнеше әрекеттер орындауы керек, ал бұл уақыт жоғалуына әкеледі, бұнда уақыттың жоғалуы минимилизацияланған. ОЖ- нің осындай режимде жұмыс істеуі дестелік режим деп аталады.


Бүгінгі таңда нақты уақыт жүйесін ОЖ-ң бір санаты деп айтуға болады. Windows ОЖ-сі қандай да бір объектілерді басқармайды, егер олардың нақты уақыты өте критикалы болса және де СОЛЯРИС немемсе LINUX т.б ОЖ басқармайды, өйткені осы жүйелер нақты уақыт жүйесі болып табылмайды.
Бірінші екі режимді, дестелі және уақыт бөлу, жалпы ОЖ-де жасауға болады (вертуальды түрде). Нақты, үлкен ОЖ-лер аралас жүйелер болып табылады, оларда ОС жоспарлау элементінде қайталанатын тапсырмаларды басқаратын алгоритм сияқты және интерактивті тапсырма немесе келесіге қалдырылған тапсырмалар болады.
ОЖ-нің жіктеуі (классификация) ОЖ-нің тағайындауын (белгілеуін) және олардың орындайтын функцияларын қарастыра отырып, ең ортақ жіктеушілер принципін негізге ала отырып, барлық алуан түрлі ОЖ-лерді жіктеуге болады:

1. Бір мезгілде бар программалық процесстердің санына байланысты ОЖ-лер бірпрограммалы және мультипрограммалы болып бөлінеді. Мультипрограммалық ОЖ-нің, бір программалық ОЖ-ден айырмашылығы есептеу процессі компьютер жадында бір мезгілде бір процессорда кезекпен орындалатын бірнеше программаның болуын ұйымдастыру;




  1. Есептеу жүйесіне қатынасы бар қолданушылар саны бойынша, бір қолданушы және көп қолданушы ОЖ-і болып танылады. Көп қолданушы жүйелері бірнеше қолданушыға бір мезгілде жүйесіне қатынасқа мүмкіндік береді. Бұл жағдайда әр қолданушы өзінің терминалымен жұмыс істейді, бірақ барлық есептеулер бір компьютерде шығарылады.




  1. Белгілеуі бойынша ОЖ-лер әмбебабтық және мамандандырылған болып бөлінеді. Мамандандырылған ОЖ-лер бекітілген программалар жиынымен жұмыс істейді.




  1. Жүктелу әдісі бойынша жүктелетін ОЖ-лер және есептеу жүйесінің жадында үнемі (ылғи)болатын жүйелер деп бөлуге болады. Соңғы, ереже бойынша, мамандандырылған құрылғылардың жұмысын басқару үшін пайдаланылады.




  1. ОЖ-ні пайдалану аймағының ерекшелігі бойынша жүйелік десбелік (пакеттік) өңдеу, жүйелік уақытты бөлу және жүйелік нақты уақыт болып бөлінеді.

Жүйелік дестелік өңдеулер көбінесе тез нәтиже алуды қажет етпейтін, есептеу тапсырмаларын шешуге арналған (есептерді шығаруға арналған).



Уақытты бөлу жүйелерінде есептеу процесстері тапсырмаға процессор уақытының кванты бөлінетіндей ұйымдастырылған. Оның салдарынан, бірде бір есеп процессордың көп уақытын алмайды және бұл қолданушыға өзінің программасымен диалог құруға мүмкіндік береді.
Нақты уақыт жүйелері әр түрлі техникалық объектердің немесе технологиялық процесстерді басқару үшін пайдаланылады. Мұндай жүйелер сыртқы оқиғалар реакциясына шекті уақытпен сипатталады. Сол шекті уақытта объекті басқару программалары орындалу керек. Жүйе түсетін деректерді, олардың түсуінен, еске сала кететіні, бір мезгілде бірнеше дерек көзінен жылдамырақ өңдеуі керек.
Негізгі әдебиет 1 [14–37, 77–85], 9 [21-32]. Қосымша әдебиет 15 [114-157], 19 [174–176]
Бақылау сұрақтары
1. Үрдістерді басқару түрлері

  1. Есептеу жүйесінің жұмыс режимдері

  2. Универсалды операциялық жүйелер

Операциялық жүйенің моделінің түсініктемесі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет