Дәріс Педагогика ғылымының әдіснамасы туралы түсінік. Педагогикалық зерттеудің әдістері. Маќсаты



бет11/21
Дата24.05.2023
өлшемі69,37 Kb.
#96643
түріДерексіз
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
Лекция

Бақылау сұраќтары


1. Педагогика нені зерттейді?
2. Я.А.Коменскийдің педагогикаға қосқан үлесі


Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Подласый И.П. Педагогика: Учебник для студентов высших пед.учеб.заведений. – М.: Просвещение: Гуманит.изд.центр.ВЛАДОС, 1996.

  2. Радугин А.А. Психология и педагогика. М.: Центр, 1996.

  3. Селиванов В.С. Основы общей педагогики: Теория и методика воспитания. /Под.ред. Сластенина В.А. – М., 2000.

  4. Сембаев А.И., Храпченков Г.М. Очерки из истории школ Казахстана (1901-1917). – Алматы: Мектеп, 1972.Степаненков Н.К. Педагогика. –Минск, 2001



6-дәріс. Тәрбие теориясы. Тәрбиенің мәні, міндеттері мен қызметтері. Тәрбиенің түрлері.
Негізгі ұғымдар: тәрбие,тәрбие процесі, тәрбие мәні, өзін-өзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу.


Жоспары:
1. Тәрбиенің мақсат, міндеттері, қызметі, ерекшеліктері.
2. Қазіргі кездегі тәрбие тұжырымдары, дәстүрлі және инновациялық тұғырлар
3. Тәрбие беру стильдері
Тәрбие процесін ұйымдастырудағы талаптар:
1. Тәрбиені табиғатпен үйлестіру;
2. Тәрбиені ізгілікті әрекетпен үйлестіру;
3. Тәрбиені мәдениетпен үйлестіру,
4. Тәрбиені кәсіптік мақсаттылықпен жүзеге асыру;
5. Демократиялық негізде ұйымдастыру.
Тәрбиенің мақсаты – қоғамға аса қажетті адамгершілік қасиеті жоғары, еңбексүйгіш, ғылыми дүниетанымы қалыптасқан, эстетикалық талғам сезімі мен дене күші мығым, белсенді, дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, өмірлік позициясы айқындалған, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру.
Тәрбиенің мәні мен сипаты
Тәрбие білім беру, оқыту-ішкі жан дүниеге түрткі болатын, жағдай жасайтын, оларды іске асыратын сыртқы жағдайлар. Сондықтан да философтар, психологтар адамның жан-дүниесін тәрбиелеудің қозғаушы күші бар екенін көрсетеді. Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу ара қатынасынан тәрбиелік қарым-қатынас өрбиді. Тәрбиелік қатынас өзара қарым-қатынастың бір түрі, ол адамды тәрбие, білім беру, оқыту арқылы дамытуға бағыттайды.
1993 жылы қабылданған тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: “ тәрбие халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынас дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру”-деп анықтама берілген ал, қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде : “тәрбие қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатынасуымен даярлауды мақсат етіп қойған, жеке адамды қалыптастырудың жүйелі процесі” –деген анықтама береді. Қазіргі заманда жастармен жұмыс жасаудың жаңа әдістерін, концептуалдық жолдарын және формаларын іздестіру керектігі қоғам талабы. Қазіргі тәрбие туралы тұжырымдамалар жалпыадами құндылықтар мен барлық салалардағы әрекеттің өркениетті формаларына сүйенгенімен өзіндік тұрғыдан ерекшеленеді. Барлық тұжырымдамаларда :

  • гуманизм идеясын;

  • тәрбиені мәдени контекстте жүзеге асыруды;

  • ашық тәрбиелік жүйелерді құруды;

  • тәрбиені отбасында қайта қарауды;

  • индивидуалдылықты дамыту және қолдауды;

  • тәрбие әдістерін және оны ұйымдастыру формаларының икемділігі мен альтернативаларын есепке ала отырып, жүзеге асыру қажеттілігі туындауда.

Гуманистік тұрғыда білім беру мекемелерінде жеке адам тұлғасына қарай шешуші қадам жасайды, ол өзіндік даму процесі барысында педагогтар жүзеге асыратын индивидттен алшақ абстрактілі жоспарлар мен бағдарламалар жасайтын құрал ретінде емес, субъектісіне айналды. Мұндай мекемелерде әрбір адамнаң индивидуалды өмір мақсаттарын, талаптары мен мүдделерін жоғары санайды, өз дамуында өзін тану үшін жағдайлар жасайды. Мұндай оқу орындарындағы оқытушылар шәкіртті болашақ өмірге дайындап қана қоймай, дамып келе жатқан тұлғаның психикалық ерекшеліктеріне сәйкес - әр өсу кезеңінің жақсы өмір сүруін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет