тәрбие процесіне тән ерекшеліктер: - мақсатты бағыттылық (мақсаттың түсінікті болуы нәтиже тиімділігі- нің кепілі);
- мақсаттар бірлігі (тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы қызметтестіктің көрсеткіші);
- нәтиже ұзақтығы (оқу процесіндегідей нәтиже бірден көрінбейді);
- көп жағдаяттылығы (тұлға көп әрі сан қилы ұнамды да, ұнамсыз да ықпалдарға кезігеді.
- ауыспалылығы (тәрбиеленуші мақсатты, көзделген және кездейсоқ әсерлерге бірдей кезігіп отырады).
- үздіксіздігі (ешқандай науқанды, бір мәртелік шара қаншама жарқын болмасын, аса ыждағаттылықпен жүйелі дайындалған тәрбие істерінің орнын баса алмайды);
- баламалылығы (тәрбиеленушілер даралық ерекшеліктері және әлеуметтік тәжірибесінің әр түрлілігімен ажыралады. Тәрбие процнсінде бұлар ескерілуі шарт, себебі әсері бірдей болғанның өзінде де тәрбиелік нәтиже әрқилы болуы ықтимал);
- екі тараптылығы (тәрбиелік ықпалды жүргізуші – мұғалім, ал ықпалды қабылдаушы – оқушы);
- тәрбие процесі - өмірлік, ол қозғалмалы да ауыспалы;
-тәрбиеші тұлғасы – тәрбие барысына ықпалды маңызды жағдаят (тәрбие процесінің өнімді болуының кепілі – мұғалім ептілігі, шеберлігі, құндылықты бағыт – бағдары, қызметтестік қатынасқа түсе білу қабілеті);
- қарама – қайшылықты болуы (қарама – қарсылықтар тәрбиенің қозғаушы күші ретінде қарастырылады).
Бақылау сұраќтары
1. Педагогика нені зерттейді?
2. Я.А.Коменскийдің педагогикаға қосқан үлесі
Пайдаланылған әдебиеттер:
Подласый И.П. Педагогика: Учебник для студентов высших пед.учеб.заведений. – М.: Просвещение: Гуманит.изд.центр.ВЛАДОС, 1996.
Радугин А.А. Психология и педагогика. М.: Центр, 1996.
Селиванов В.С. Основы общей педагогики: Теория и методика воспитания. /Под.ред. Сластенина В.А. – М., 2000.
Сембаев А.И., Храпченков Г.М. Очерки из истории школ Казахстана (1901-1917). – Алматы: Мектеп, 1972. Степаненков Н.К. Педагогика. –Минск, 2001.