Дәріс Педагогика ғылымының әдіснамасы туралы түсінік. Педагогикалық зерттеудің әдістері. Маќсаты


Педагогикалық үдерістің заңдылықтары



бет7/21
Дата24.05.2023
өлшемі69,37 Kb.
#96643
түріДерексіз
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Байланысты:
Лекция

Педагогикалық үдерістің заңдылықтары:
1.Оқу мен тәрбие қоғамның әлеуметтік, экономикалық жағдайына байланысты. Жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу қоғамның тапсырмасы, қоғам өзіне лайықты ұрпақ дайындайды, өз жағдайымен байланыстырады.
2.Тәрбиенің, оқытудың білім берудің жене дамудың өзара байланыс заңдылығы. Оқытусыз тәрбиені іске асыруға болмайды. өйткені, адам баласы белгілі заңдылықтарды білімді меңгеру негізінде ғана өмірге игі әсер етеді.
3.Тәрбие мен өзі-өзі тәрбиелеудің бірлігі.
4.Тәрбие мен оқыту – іс-әрекеттің және қарым-қатынастың шешуші ролі. Тәрбие, оқыту және білім беру іс-әрекетке байланысты. Іс-әрекет, қарым-қатынас таным процесін дамытады.
5.Педагогикалық үдерісте оқушылардың жас және дара ерекшелерін есепке алу.
6.Педагогикалық үдерістің процесте ұжым мен жеке адамның өзара байланысы.
Жеке адам ұжымға тәуелді, ұжымсыз өмір сүруі мүмкін емес. Педагогикалық үдерістің міндеттерінің, мазмұнының, формаларының өзара байланыс заңдылықтары;
А) Оқыту мен тәрбиенің мазмұны қоғамның мақсаттарын және қажеттілігін бейнелейтін міндеттерге байланысты.
Ә) Оқыту мен тәрбиенің формалары, оларға ұйымдастырып өткізудің міндеттеріне, мазмұнына және әдістеріне байланысты.
Б) Оқыту мен тәрбиенің әдістері олардың мақсаттарымен анықталады.

Педагогикалық процестің мәнін талдаудың қажеттілігі мұғалім оның барысына қалай ықпал ете алатындығын білуі тиіс. “Процесс” латын тілінен аударғанда алға басу дегенді білдіреді. Белгілі бір нәтижеге жету мақсатындағы бірізді әрекеттердің жиынтығы.


Педагогикалық процестің мақсаты қойылған идеалға жету үшін педагогикалық процесті кейбір шартты бөліктерге бөлу арқылы, нақты бір кезеңнін міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді.
Педагогикалық процестің заңдылықтарына мыналарды жатқызуға болады: педагогикалық процес әлеуметтік-экономикалық жағдайға сай болуы; нақты мақсатқа бағыттылығы; педагогикалық процестің екі жақты сипаты; оқушылардың белсенділігін арттыру үшін мұғалімнің іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыруы мен ойластыруы; оқушылардың өзара әрекеттерін ұйымдастыру арқылы, педагогикалық процестің тиімділігін арттыру; оқушылардың даму деңгейінне лайықты ұйымдастыру; педагогикалық процестің уақыт бірлігінің ұзақтығы. Педагогикалық процесс бөліктерінің өзара байланыстылығын қамтамасыз ету үшін мұғалімнің басшылық рөлін ескеру қажет Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процестің деңгейі оған қатысушылардың құрамымен ғана емес олардың өзара қатынастарының ерекшеліктерімен анықталады.
Әлеуметтік тапсырысты орындау: мақсат, міндеттер мен мазмұын – негізгі мектептегі қоғамдық мүдденің мағынасын жасайды.
Құралдар мен формалар, әдістер мен тәсілдер, тапсырмалар – мұғалімнің оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мүмкіншілігін көрсетеді, яғни педагогикалық процестің қозғаушы тетігі болады.

Педагогикалық үдерісте білім беру мен тәрбиелеу максаттары тәрбиеші мен тэрбиеленушілердің өзара эсерлесуі негізінде жүзеге асырылады. Яғни бүл үдерісте алдын ала анықталған нэтижелерге сәйкес жүзеге асырылатын тэрбиешілер мен тэрбиеленушілердің өзара эсерлесуі жолымен оқушы дамуында өзгерістер жүреді.


Педагогикалык үдеріс мәні «оқыта отырып тэрбиелеу, тэрбиелей отырып оқыту» өрнегіне сәйкес анықталады. Яғни тэрбиеші окыта отырып та, сыныптан тыс жүмыстар жасата отырып та білім беру мен тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыруы қажет.
Педагогикалык үдерістің қүбылыс ретіндегі бірқатар маңызды белгілері бар. Педагогикалық үдерістің негізгі белгілері: 1) қос жақты іс-эрекет; 2) өзара байланысты жүреді; 3) мақсатты, мазмунды үйымдасқан түрде жүреді; 4) мақсатқа кол жеткізу формалары мен эдістері арқылы сипатталады.
Қосжақтылық белгісі бойынша: 1-жағы: арнайы дайындалған маман жүргізетін мақсатты педагогикалық іс-әрекет; 2-жағы: тәрбие-ленушінің дамуын, өзгеруін негіздейтін белсенді іс-эрекет, яғни оқу немесе оқу-танымдық іс-эрекет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет