Бақылау сұраќтары
1. Педагогика нені зерттейді?
2. Я.А.Коменскийдің педагогикаға қосқан үлесі
Пайдаланылған әдебиеттер:
Подласый И.П. Педагогика: Учебник для студентов высших пед.учеб.заведений. – М.: Просвещение: Гуманит.изд.центр.ВЛАДОС, 1996.
Радугин А.А. Психология и педагогика. М.: Центр, 1996.
Селиванов В.С. Основы общей педагогики: Теория и методика воспитания. /Под.ред. Сластенина В.А. – М., 2000.
Сембаев А.И., Храпченков Г.М. Очерки из истории школ Казахстана (1901-1917). – Алматы: Мектеп, 1972.
Степаненков Н.К. Педагогика. –Минск, 2001.
Дәріс 4. Тұтас педагогикалық үдеріс. Тұтас педагогикалық үдеріс туралы түсінік. Тұтас педагогикалық үдерістің заңдылықтары мен ұстанымдары.
Жоспар:
1. «Тұтас педагогикалық процесс» түсінігі.
2. Педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері.
3. Педагогикалық процестің кезеңдері.
қызметтері т.б.
Негізгі ұғымдар: процесс,педагогикалық процесс,қозғаушы күштер,педагогикалық көзқарастар.
Педагогика ғылым ретінде өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту – тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым ( категория) ,заңдар,заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту – тәрбиелеу жұмысын педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістері бағыт береді. Қазіргі педагогикалық процесс түсінігі бірден қалыптасқан жоқ. М.А.Данилов “Педагогикалық процесс - педагогикалық теорияның обьектісі” деген еңбегінде, ең бастысы, әр түрлі құбылыстарды зерттеу негізінде педагогика теориясын одан әрі жетілдіруі айқындалатынын көрсетті.Ғалымдардың зерттеулеріне байланысты педагогикалық процестің түрлі қырлары мен заңдылықтары айқындалды.Педагогикалық процесс – кәсіптік іс-әрекеттің бір түрі, негізгі мақсаты мектеп және әртүрлі оқу орындарының оқушыларын оқыту, тәрбиелеу, білім беру және дамыту.Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі сипаты-педагог пен оқушының біріккен іс-әрекеті, яғни оны мақсатты түрде оқыту, тәрбиелеу, дамыту.Педагогикалық процестің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, оңда педагогикалық үдеріс элементар бірлігі, оның «кереге көзі» бастапқы абстракция болып «қалыптасудың қас қағым сәті» (педагогикалық жағдаят) болуы керек.Педагогикалық үдерістің мәнін терендеу және жан-жақты түсіну үшін тек бөліктер құрамын ғана емес, сонымен бірге олардың әрбірінін ерекшеліктерін білу керек. Педагогикалық үдеріс бөліктерінің ерекшеліктерін түсіну нақтылы оқу орнындағы педагогикалық процесіндегі солардың арасындағы объективті өмір сүретін ішкі байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді.Кәсіптік іс-әрекетпен айналысатын адам арнайы білім алумен қатар, мамандыққа сай білім, іскерлік, дағдылармен қарулануы қажет.Кәсіптік педагогикалық іс-әрекет пен айналысатын адамдар – тәрбиеші мұғалім, оқытушы, педагог деп аталынады. Атаулары әртүрлі болғанымен, мақсаты бір – адам тәрбиелеу, оқыту, дамыту. Педагогикалық іс-әрекет алғаш ежелгі Грецияда пайда болған (б.э. дейін VI-IV ғ.). Алғашқы мектептерде тек байдың балалары оқыған. Оларды мектепке апаратын, мектепте оқытатын құлдар – педагог деп аталынған. Педагогика – баланы ерту деген мағына береді, яғни педагог – баланы ертіп жүруші, үйретуші деген мағына береді. Кейіннен сөздің мағынасы кеңейіп, ерекше статусқа ие болды, баланы арнайы кәсіптік білім алған адам ғана оқытып, тәрбиелейтін болды. Педагогикалық іс-әрекет тарихи даму кезеңінде көптеген өзгеріске ұшырай отырып, өзінің негізгі мақсатын сақтап қалды-ол келер ұрпақта оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бүгінгі күні педагогикалық жүйеде субъект-субъектілі қарым-қатынас түрі жоғары қойылуда, яғни мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігі ынтымақтастық, түсіністік деңгейінде жүргізілуі тиіс. Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып , оқыту –тәрбиелеу процесініңтеориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым, заңдар, заңдылықтар
жатады.Оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту –тәрбиелеу жұмысын педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістері бағыт береді.
Достарыңызбен бөлісу: |