Дәріс Педагогика ғылымының әдіснамасы туралы түсінік. Педагогикалық зерттеудің әдістері. Маќсаты



бет8/21
Дата24.05.2023
өлшемі69,37 Kb.
#96643
түріДерексіз
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
Лекция

Педагогикалық заңдылық мәні – оқу-үйретім және тәрбие нәтижелерінің өз дамуының әрқилы кезеңінде бала араласқан іс-әрекеттерінің сипатына байланыстылығы. Педагогикалық үдеріс мазмұны, формасы мен әдістерінің тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне және мүмкіндіктеріне сай болуы аса маңызды заңдылықтар тізімінен. Педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың нақты желісінде қандай да қызмет орындауға қажет үдерістік бірліктер арасындағы ішкі заңдылықты қатынастардың маңызы елеуге тұрарлық. Нақты тәрбие – тәлім үдерісі мазмұнының алға қойылған міндеттеріне байланысты нақтылануы міне осыдан. Педагогикалық іс-әрекет әдістері мен оларға қолданылатын құрал-жабдықтар нақты педагогикалық жағдайға және мазмұнға орай іріктеледі. Мақсат, міндет, мазмұн және т.б. педагогикалық үдерісті ұйымдастыру формасын таңдауға ықпал жасайды.
Педагогикалық үдеріс заңдылықтары өздерінің нақты көрінісін негізгі ереже-талаптарда, яғни принциптерде табады. Принциптерге орай педагогикалық үдерістің жалпы ұйымдасуы, мазмұны, формасы мен әдістері анықталады.Бүгінгі ғылымда принциптер қандай да теорияның, жетекші пайымдардың, мінез-құлық, іс-әрекеттің негізгі бастау ережелерін көрсетеді. Педагогикалық үдеріс прнциптері, сонымен тәлім-тәрбие істерін ұйымдастыру талаптарын аңдатады, олардың бағыт-бағдарын сілтейді, нәтижеде педагогикалық үдерісті шығармашылықпен құрастыруға жәрдем береді.
Біртұтас педагогикалық үдеріс ауқымында принциптердің екі тобын ажыратуға болады:
педагогикалық үдерісті ұйымдастыру принциптері;
тәрбиеленушілер іс-әрекеттерін басқару принциптері;

Бақылау сұраќтары


1. Педагогика нені зерттейді?
2. Я.А.Коменскийдің педагогикаға қосқан үлесі
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Подласый И.П. Педагогика: Учебник для студентов высших пед.учеб.заведений. – М.: Просвещение: Гуманит.изд.центр.ВЛАДОС, 1996.

  2. Радугин А.А. Психология и педагогика. М.: Центр, 1996.

  3. Селиванов В.С. Основы общей педагогики: Теория и методика воспитания. /Под.ред. Сластенина В.А. – М., 2000.

  4. Сембаев А.И., Храпченков Г.М. Очерки из истории школ Казахстана (1901-1917). – Алматы: Мектеп, 1972.

  5. Степаненков Н.К. Педагогика. –Минск, 2001.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет