Дәріс. Пәннің мақсаты және педагогтың әдіснамалық мәдениеті



бет3/41
Дата30.09.2022
өлшемі142,3 Kb.
#40935
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Пәннің мақсатының негізгі идеялары

  2. Пәннің міндеттеріне талдау жасау.

  3. Пәннің әдіснамалық мәдениетін интерпретациялау арқылы ой-тұжырым жасау.

Пайдаланылған әдебиеттер


1. Коджаспирова Г.М. Педагогика.Москва, Гардарики. – 2004.
2. Жиенбаева С.Н. Педагогикалық ғылыми зерттеу теориясы мен әдістемесі. Алматы.., 2013.5-13 бет.


2 ДӘРІС. Ғылыми іс- әрекет (ғылыми процесс ретінде)

Жоспар


  1. Ғылым, ғылымтану, таным ұғымдары

  2. Ғылымдар классификациясы,

Ғылым ерекше әлеуметтік инстиут және танымдық қызметтің ерекше формасы ретінде ХҮ-ХҮІ ғасырларда пайда болып, қайта өрлеу дәуірінде пайда болған.
Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында «Ғылым – адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білім қалыптастыруға мүмкінджік беретін танымның еғ жоғарғы пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды. Ғылымның басты мақсаты: ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған юлмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру» делінген.
Г.М.Коджаспирова «Ғылым білімді болу ғана емес, оны саналы түрде меңгеру, білімді қолдана білу біліктілігі». Қазақ кеңес энциклопедиясында «Ғылымобъективті ақиқатқа жету, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған жүйелі түрде құрылған білімнің жоғары формасы». Қысқаша педагогикалық сөздікте «Ғылым – адамның әрекет аймағы, ақиқат туралы объективті шындықты теориялық жүйелеу және өңдеу, қоғамдық сананың формасы».
А.Құсайынов «Салыстырмалы педагогика» оқу құралында «Ғылым - ақиқаттағы қоғамдық тәжірбиемен тексерілетін және дәлелденетін қоршаған орта жөнінде тарихи қалыптасқан және үнемі дамып отыратын адам білімнің логикалық жүйесі» делінген. Жоғарыдағы анықтамаларды басшылыққа ала отырып, ғылымды ерекше тану процесі – деп айта ламыз. Ғылым - өоршаған орта туралы ақиқат білім жинау және теориялық жүйеге келтіру болып саналатын зерттеу қызметінің бір саласы.
Тариха тұрғыда ғылым адамзат дамуының белгілі бір сатысында, тікелей қажеттіліктердің қосылысынан құрылған. Осының негізінде ғылымтану теориясы келіп шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет