Ыстыққа төзімді және ыстыққа берік болаттар мен қорытпалар.
Ыстыққа төзімді болаттар. Металдың құрғақ газ ортасында жоғарғы температраларда химиялық жемірілуге қарсыласу қабілеті ыстыққа төзімділік, не отқабыршағына төзімділік деп аталады. Темір оттегімен FeO, Fe3O4 және Fe2O3 сияқты тотықтар түзуі мүмкін. 560–600о С-ға дейін отқабыршығы Fe2O3 және Fe3O4 тығыз тотық қабатынан тұрады, сонымен қатар, оттегі мен металл атомдарының диффузиясын қиындатады. 600о С-дан жоғары аталған тотықтар жарылып, борпылдақ FeO қабаты металды қорғап тұрады. Борпылдақ қабаттың түзілуі оттегінің металға жетуін жеңілдетеді. 600о С-дан жоғары қыздыру нәтижесінде темір негізіндегі қорытпалардың жылдам тотығуына алып келеді (11.3 сурет).
Ыстыққа берік болаттар мен түсті металдар және олардың қорытпалары
Ыстыққа берік болаттардың келесідей түрлерін ажыратады: перлитті, мартенситті және аустенитті.
Перлитті болаттар. Бұл болаттар тобының ұзақ уақыт бойы 500–550о С-да жұмыс істейтін энергетикалық қондырғыларды (бекітпелер, құбырлар, буөткізгіштер, коллекторлар) жасайды. Перлитті болаттардың құрамында көміртегі мөлшері көп болмайды. Олар хроммен, молибденмен, ванадиймен легірленеді. Мысалы, перлитті болаттартобына 12ХМ, 12Х1МФ таңбаларын жатқызуға болады. Перлитті болаттар шынықтырылған немесе қалыптандырылған және жоғары босатудан кейінгі күйінде қолданылады.
Мартенситті болаттар. Мартенсит тобының болаттарынан энергетикалық жабдықтар (қалақшалар, диафрагмалар, турбина дискілері, роторлар) жасалады. Олар 600–620о С-да ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуге есептеледі. Мартенсит тобының болаттарын перлит тобының болаттарына қарағанда хроммен, вольфраммен, молибденмен, ванадиймен көбірек легірлейді. Оларға 15Х11МФ, 15Х12ВНМФ таңбаларын жатқызуға болады. Мартенсит тобы болаттарының 1000–1050о С-дан майлы ортада мартенситті алу үшін шынықтыру, содан кейін сорбит және троостит құрылымын алу мақсатында босату нәтижесінде жоғарылайды.
Аустенитті болаттар. Бұл болаттар тобынан 600–700о С-да жұмыс атқаратын роторлар, дискілер, газды турбиналардың қалақшалары, дизелді қозғалтқыштардың клапандары жасалады. Хромникельді аустенитті болаттарының ыстыққа беріктігін жоғарылату үшін қосымша вольфраммен, молибденмен, ванадиймен, ниобиймен, бормен және басқа да элементтермен легірлейді. Аустенит болаттарының тобына 09Х14Н165, 09Х14Н19В2БР, 45Х14Н14В2М жатады.
Дәріс. 12. Қызуға төзімді және қызуғаберік болаттар.
Ыстыққа төзімді материалдар дегеніміз – 5500 С температуралардан жоғары жағдайында химиялық бұзылуға тұрақты және жартылай салмақ түскен жағдайында ұзақ уақыт бойы тұрақыт түрде төзімді келуі. Демек, ыстыққа тұрақты материалдар дегеніміз ұзақ уақыт бойы өте жоғарғы температураларда химиялық бұзылуға төтеп беретін материалдарды атаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |