Қашықтан басқару әдістері
Бірінші әдіс - ең қарапайым және ең ыңғайлы, ол ешқандай шығындарды талап етпейді.
Android құрылғылары үшін:
Ұялы телефоннан немесе планшеттен Play Market жүйесіне өтіңіз.
Жеңіл басқаруға арналған (алға, артқа, оңға, солға) EV3 Simple бағдарламасын жүктейміз және орнатамыз, егер сенсорлармен және басқа құрылғылармен күрделі әрекет ету қажет болған жағдайда LEGO® MINDSTORMS® Commander бағдарламасын жүктеңіз және орнатыңыз.
iOS құрылғылары үшін:
Кез келген құрылғыдан AppStore бағдарламасына кіреміз, егер компьютер болса iTunes бағдарламасы арқылы дүкеніндегі LEGO® MINDSTORMS® Commander бағдарламасын жүктейміз және орнатамыз.
Құрылғыдағы, сондай-ақ EV3 блогында Bluetooth-ды қосыңыз және оларды көрінетін етіңіз.
Құрылғыларды бір-бірімен байланыстырамыз.
Барлық құрылғыларға LEGO® MINDSTORMS® Commander-ді іске қосыңыз, сондай-ақ Android құрылғыларына арналған EV3 Simple бағдарламасын қосыңыз.
EV3 Simple бағдарламасы. Тек Android платформасындағы құрылғыларына арналған. 5-суреттен көрініп тұрғандай EV3-ті басқаруға арналған өте қарапайым бағдарлама. Бағдарламада интерфейсінде артқа, алға, оңға және солға қарай, мотор қуатың өзгертетің жүгірткі, мотор таңдағышы және стоп батырмалары бар.
Сурет 5 - EV3 Simple бағдарламасының көрінісі
LEGO® MINDSTORMS® Commander. Robot Commander - бұл LEGO® MINDSTORMS®-ды үшін басқару қолданба. Көптеген смартфондар мен планшеттерге арналған тегін жүктеу; Robot Commander Bluetooth арқылы EV3 модуліне қосылады. Бұл қарапайым қолданба сіздің компьютеріңізге қосылмай бірегей EV3 роботтарымен өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді! Бұл өз роботтарыңызды басқаруға бірден бастауға болатындығын білдіреді! Жұмысты бастау үшін, төменгі оң жақ бұрыштағы пернені басу қажет.
Сурет 6 - LEGO® MINDSTORMS® Commander программасының интерфейсі
Екінші әдіс – инфрақызыл пульт (маяк) және EV3-тің инфрақызыл датчигі арқылы.
ИК маяк EV3-тің инфрақызыл маягымен бірге қолданысы үшін әзірлеген. Маяк датчик сезе алатын сигнал жібереді. Алдыңғы дәрістерде айтылғандай, ИК-маяк EV3 модулінің қашықтықтан басқару пульты ретінде қолданыла алады.
• Жұмыс үшін AAA батареялары қажет
• 4 индивидуалды жіберу сигналдарына дейін бар
• Қосу/өшіру тумблеры және батырмасы бар
• ИК-маяктың жұмысы кезінде жасыл жарық диоды жанады
• 1 сағат тыныштық күйінде тұрғаннан кейін автоматты түрде өшеді
• 2 м-ге дейін жұмыс радиусы
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
Гироскопиялық датчик өлшей алатын максималды айналу жылдамдығы қандай?
Android құрылғылары үшін және iOS құрылғылары үшін қашықтықтын басқару әдістері қандай? Қайсысының мүмкіндіктері көбірек?
ИК маякпен қашықтықтан басқару қалай жүзеге асады?
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 NXT-G ver 1.1 : Help and Support for Lego Mindstorms NXT/LEGO Group [Электронный ресурс].-Электрон. дан. и прогр. (253 Mb). - 2007. - 1 электрон. опт. диск (CD-ROM)
2 Дженжер В.О. Введение в программирование LEGO-роботов на языке NXT-G: учеб. пособие / В.О. Дженжер, Л.В. Денисова . - М. : НОУ Интуит, 2014
3 Робототехника и Образование [Электронный ресурс]. - Режим доступа : // www.robot.ru, свободный. – Загл. с экрана. – Яз. рус.
4 Ж.З. Жантасова, А.С. Кадырова, А.К. Садакбаева, А.Е.Икенова. LEGO Mindstorms EV3 үлгі негізінде роботтарды құрастыру және бағдарламалық басқару. Оқу құралы. Өскемен, 2016 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |