ДӘРІС 2. LEGO ЖИНАҚТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ. LEGO MINDSTORMS EV3-ТІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ БӨЛШЕКТЕРІ. МОДУЛЬ. ҮЛКЕН ЖӘНЕ ОРТАША МОТОРЛАР. ОПЕРАТОР БЛОКТАРЫ. ӘРЕКЕТ БЛОКТАРЫ
ДӘРІС 2. LEGO ЖИНАҚТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ. LEGO MINDSTORMS EV3-ТІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ БӨЛШЕКТЕРІ. МОДУЛЬ. ҮЛКЕН ЖӘНЕ ОРТАША МОТОРЛАР. ОПЕРАТОР БЛОКТАРЫ. ӘРЕКЕТ БЛОКТАРЫ. Жоспар:
LEGO MINDSTORMS Education EV3 және LEGO MINDSTORMS EV3 жинағы.
EV3 электронды модулі.
EV3 моторлары.
Оператор блоктары. Әрекет блоктары.
LEGO жинақтары STEM (ғылым, техника, құрастыру және математика) оқытуда үздік құралдардың бірі болып табылады.
LEGO Mindstorms — мини құралдардан және электрондық блоктардан тұратын бағдарламаланатын роботтарды құрастыратын конструктор. LEGO компаниясы 1998 жылдан бастап өзінің жұмысын бастап келеді. Ең алғаш робототехниканың негіздерін үйрету мақсатында 2006 жылы бұл зертхананың LEGO Mindstorms RCX 1.0 моделі шықты, кейін 2009 жылы — LEGO Mindstorms NXT 2.0, ал 2013 — LEGO Mindstorms EV3 модельдері нарыққа шықты. Олардың үш түрі бар: 31313 - үй нұсқасы (601 бөлшек), 45544 - негізгі жиынтық (541 бөлшек) және 45560 - ресурстық жинақ (853 бөлшек). EV3 алдыңғы буынның NXT барлық сенсорлары мен қозғалтқыштарын толығымен қолдайды.
LEGO MINDSTORMS Education EV3 бастапқы жинағы 10 мен 21 жас аралығындағы қолданушыларға арналған. Жинақта LEGO Technic сериясымен үйлесімді 500-ден астам бөлшек бар. Жинақ бірнеше топтарға бөлініп шығарылады: кластарға, жеке пайдаланушыға және ресурсты. Жинақтың негізгі құрамы:
1 гироскоп құрылғысы. LEGO MINDSTORM Education жиынтығының негізгі элементі – EV3 модулі, ол бағдарламалық интеллектуалдық модуль, мотор және датчиктерді басқару, сымсыз қосылуды іске асыратын қызметтер көрсетеді.
Сурет 1 - LEGO MINDSTORMS Education EV3 жинағы
LEGO MINDSTORMS EV3 жинағы алдыңғы жинаққа қарағанда көбірек бөлшектерге ие. Төмендегі суретте қысқаша шолу келтірілген.
Сурет 2 - LEGO MINDSTORMS EV3 жинағы
EV3 МОДУЛІ Экран EV3 модулінде не болып жатқаның көрсетеді және модуль интерфейсін қолдануға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, ол программаңызға және эксперименттеріңізге сандық немесе графикалық мәтіндерді қосуға мүмкіндік береді. Мысалға, сіз математикалық есептеулердің жауабына сәйкес экранды көңілді немесе мұнды бетті көрсетіп тұратындай бағдарламалай аласыз («Экран» блогын басқару бойынша қосымша ақпаратты EV3 программалық жабдықтамасының «Справка» менюінен таба аласыз).
Модульды басқару батымалары EV3 модулінің интерфейсі бойынша қозғалуға мүмкіндік береді. Оларды, сонымен қатар, бағдарламалаушы активаторлар ретінде қолдануға болады, мысалға «Жоғары» батырмасын басқан кезде қолын көтеріп, «Төмен» батырмасын басқан кезде қолын төмен түсіру (қосымша ақпаратты EV3 программалық жабдықтамасының «Справка» менюіндегі «Модульды басқару батырмаларын қолдану» бөлімінен таба аласыз).