ДӘРІС 4. LEGO MINDSTORMS EV3-ТІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ДАТЧИКТЕРІ. ЖАНАСУ (СЕНСОР) ДАТЧИГІ. ИНФРАҚЫЗЫЛ ДАТЧИГІ. ИНФРАҚЫЗЫЛ МАЯК. ҚОР БЛОКТАРЫ.
Жоспар
Жанасу датчигі
Инфрақызыл датчигі
Инфрақызыл маяк
Қор блоктары
Жанасу (сенсор) датчигі – қызыл батырма басып тұрған кезде және жіберілгенің аңықтай алатын аналогты датчик. Бұл датчикті үш күйіне байланысты пограммалауға болатыны аңық: басу, жіберу және басып-жіберу.
Сурет 1 – Жанасу датчигі
Жанасу датчигін пайдалана отырып, робот қоршаған ортаны көзі көрмейтін адам қолын созып заттарға әрекет етуі (басылу) секілді қабылдайтындай программалауға болады.
Сурет 2 – «Басу» режимі
Жанасу датчигін пайдалана отырып, оны астындағы еденге қысып тұрып роботты жасай аласыз. Ол үстелден енді түсер алдында (датчик жіберулі) әрекет ететіндей (Стоп!) бағдарламалай аласыз.
Сурет 3 – «Жіберу» режимі
Шайқас роботты қарсыласы шегінгенше алға қарай жүретіндей етіп бағдарламалауға болады. Бұл әрекет жұбы – басу және жіберу.
Сурет 4 – «Басу-жіберу» режимі
Қосымша ақпаратты EV3 программалық жабдықтамасының «Справка» менюіндегі «Жанасу датчигін қолдану» бөлімінен таба аласыз.
Инфрақызыл датчик – бұл тұтас объекттерден шағылған инфрақызыл сәулені аңықтай алатын сандық датчик. Сонымен қатар, ол инфрақызыл маяктан жіберілген жарық сигналдарын таба алады.
Сурет 5 – Инфрақызыл датчик
Инфрақызыл датчик үш түрлі режимде жұмыс жасай алады: жақындау режимі, маяк режимі және қашықтықтық режимі.
Жақындау режимінде инфрақызыл датчик объект пен датчик арасындағы қашықтықты аңықтау үшін объекттен шағылған жарық толқындарды қолданады. Ол нақты сантиметр немесе дюймдарды емес, 0-мен (жақын) 100 (алыс) арасындағы мәндерді қолданып, қашықтықты хабарлап тұрады. Датчик өлшемі мен формасына тәуелсіз 70 см дейін қашықтықтағы объекттерді таба алады.
Қосымша ақпаратты EV3 программалық жабдықтамасының «Справка» менюіндегі «Инфрақызыл датчигін жақындау режимінде пайдалану» бөлімінен таба аласыз.
Сурет 6 – Инфрақызыл датчик «жақындау» режимінде
Достарыңызбен бөлісу: |