Дәріс «робототехника» ПӘніне кіріспе. Роботтар және робототехника туралы түсінік


ДӘРІС 3. LEGO MINDSTORMS EV3-ТІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮС ДАТЧИГІ. ДАТЧИК БЛОКТАРЫ



бет5/24
Дата25.11.2023
өлшемі9,8 Mb.
#127483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
ДӘРІСТЕР 0

ДӘРІС 3. LEGO MINDSTORMS EV3-ТІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮС ДАТЧИГІ. ДАТЧИК БЛОКТАРЫ.

Жоспар:




  1. LEGO MINDSTORMS EV3-тің түс датчигі.

  2. Датчик блоктары.

Түс датчигі – ол алдыңғы жақтағы көзіне түсті немесе жарықты аңықтай алатын сандық датчик. Бұл датчик үш түрлі режимде жұмыс жасай алады: «Түс» режимінде, «Шағылған жарықтың жарықтығы» режимінде және «Сыртқы жарықтың жарықтығы» режимінде.

Сурет 1 – Түс датчигі

«Түс» режимінде түс датчигі жеті түсті ажырата алады: қара, көк, жасыл, сары, қызыл, ақ, қоңыр және түстің жоқтығын. Датчиктің бұл қасиеті арқылы роботыңызды түрлі түсті доптарды, кубиктерді реттеп, аңықталған объекттердің түсін айтып немесе қызыл түсті көріп әрекетің тоқтататындай программалауға болады.





Сурет 2 – Түс датчигі «түс» режимінде

«Шағылған жарықтың жарықтығы» режимінде түс датчигі лампадан шыққан қызыл түстің шағылу жарықтығын өлшейді. Датчик 0-ден (ең қою) 100-ге (ең ашық) дейінгі шкаланы қолданады. Сіздің роботыңызды қара сызықты көргенше, ақ еденде қозғалатындай программалауға болады.



Сурет 3 - Түс датчигі «шағылған жарықтың жарықтығы» режимінде

«Сыртқы жарықтың жарықтығы» режимінде датчик сыртқы ортадан терезешесіне түсетін жарықтың күшін аңықтайды, мысалға, күн жарығы немесе өзге де жарық көзінің күшін. Датчик 0-ден (ең қою) 100-ге (ең ашық) дейін шкаланы пайдаланады. Сіздің роботыңызды таңертен, күн шыққан кезде, сигнал беретіндей немесе жарық өшкенде өз әрекетің тоқтататындай программалауға болады.


Түс датчигінің жұмыс жиілігі 1кГц/с.
«Түс» немесе «Шағылған жарықтың жарықтығы» режиміндегі жұмысы кезіндегі дәлдік үшін датчикті дұрыс бұрышта, зерттелетін бетке жақын, бірақ тигізбей ұстау керек.
Қосыша ақпаратты EV3 программалық жабдықнаманың «Справка» менюіндегі «Түс датчигін қолдану» бөлімінен таба аласыз.



Сурет 4 - Түс датчигі «сыртқы жарықтың жарықтығы» режимінде

Датчик блоктары(солдан оңға қарай):


- модульдерді басқару батырмасы;
- түс датчиктері;
- гироскопиялық датчик;
- инфрақызыл датчик;
- мотор айналымы;
- температура датчигі;
- таймер;
- жақындау датчигі;
- ультрадыбыс датчигі;
- электрэнергиясы өлшеуіші;
- NXT дыбысы датчик.



Сурет 5 – Датчик блоктары
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ



  1. Түс датчигінің қасиеттері қандай?

  2. Ол қандай режимдерде жұмыс істей алады?

  3. Түс датчигінің жұмыс жиілігі қандай?

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ





  1. NXT-G ver1.1:Help and Support for Lego Mindstorms NXT/LEGO Group [Электронный ресурс]. -Электрон. дан. и прогр. (253 Mb). -2007. -1 электрон. опт. диск (CD-ROM)

  2. Ушаков А. А. Задачи для факультатива робототехники : сборник задач : демонстрационный вариант / А. А. Ушаков. - Барнаул : Гимназия №42, 2009. - 12 бет.

  3. Белоусов И. Р. Дистанционное обучение механике и робототехнике через сеть Интернет [Текст]/И. Р. Белоусов, Д. Е.

  4. А.К.Платонов [и др.] //Компьютерные инструменты в образовании. –2003. –№2.– С.34-41. 20 Робототехника для детей и родителей / С. А. Филиппов. – СПб.: Наука, 2010. –56 с.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет