Үлкен мотор минутына 160-170 айналыммен жұмыс жасайды, айналу моменті 20Нсм, іске қосылу моменті 40Нсм (баяурақ, бірақ күштірек).
Ортаңғы мотор минутына 240-250 айналыммен жұмыс жасайды, айналу моменті 8Нсм, іске қосылу моменті 12Нсм (жылдамрақ, бірақ қуаты азрақ).
Екі мотор да автоматты идентификацияны қолдайды.
Қосымша ақпаратты EV3 программалық жабдықтаманың «Мотордың айналу датчигін қолдану» бөлімінен таба аласыз.
Бағдарламалау блоктары мен бағдарламалау палитрасы.
Робот жасауға керекті барлық бағдарламалау палитрасы бағдарламалау ортасының төменгі жағында орналасқан.
Оператор блоктары (солдан оңға қарай):
басы
күту
цикл
ауысу
циклды тоқтату
Сурет 5 - Оператор блоктары
Әрекет блогы (солдан оңға қарай):
- ортаңғы мотор;
- үлкен мотор;
- рөлдік басқару;
- моторды тәуелсіз басқару;
- экран;
- дыбыс;
- модуль қалыбы индикаторы.
LEGO MINDSTORMS Education EV3 және LEGO MINDSTORMS EV3 жинақтарының айырмашылығы қандай?
Ортаңғы мотор және үлкен моторларының айырмашылығы қандай?
EV3 модулінің порттарын атап өтіңіз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Дженжер В.О. Введение в программирование LEGO-роботов на языке NXT-G: учеб. пособие / В.О. Дженжер, Л.В. Денисова . - М. : НОУ Интуит, 2014.
2 NXT-G ver 1.1 : Help and Support for Lego Mindstorms NXT/LEGO Group [Электронный ресурс].-Электрон. дан. и прогр. (253 Mb). - 2007. - 1 электрон. опт. диск (CD-ROM)
3 Филиппов С. А. Робототехника для детей и родителей / С. А. Филиппов ; под. ред. А. Л.Ф радкова. - СПб. : Наука, 2010. – 94 с.
4 Жолдасбеков Ө. А. Машиналар механизмдерінің теориясы / Ө. А. Жолдасбеков. – Алматы : Мектеп, 2005. - 76 бет.