Дәріс сабақтарының мазмұны І дәріс. Қазақ тілі орфографиясының даму тарихы. (1 сағат)



Pdf көрінісі
бет18/27
Дата06.01.2022
өлшемі185,64 Kb.
#16033
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
Байланысты:
Дәріс.Орф.-пункт.

Тірек сөздер: қос сөз, қосарлама қос сөз, қайталама қос сөз, дефис арқылы 

жазылуқысқарған сөз, тасымал

              Қос сөздер, негізінен, дефис арқылы жазылады: бара-бара, жақ сылы-

жаманды, бірде-бір, жап-жақсы, апыр-топыр, сарт-сұрт. Дефиспен жазылатын 

қос   сөздердің   түрлері   мыналар:   а)   Бір   сөздің   қайталанып   айтылуынан 

жасалған қос сөздер: биік-биік, лек-лек, лып-лып, тырс-тырс, көп-көп, алуан-

алуан, жүре-жүре. Мұндай қос сөздердің арасына -ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе, 

-ды, д-і, да, -де, -шы, -ші дәнекерлері және шығыс септік жалғауы қосылып та 

жасалады. Ондайда дәнекерлер қос сөздің бірінші сыңарына қосылады да, 

олардан кейін дефис қойылады: көзбе-көз, қолма-қол, бетпе-бет, жылма-жыл, 

жанба-жан,   бірме-бір,   көшші-көш,   баршы-бар,қараптан-қарап,   жылдан-

жылға, бостан-босқа, тектен-тек, турадан-тура.

                     Бір сөздің қайталануынан жасалған кейбір қос сөздердің екінші 

сыңарына да септік жалғаулары шығыс, көмектес, барыс жалғаулары немесе 

-ла+п, -ле+п жұрнақтары да жалғанады: бір-бірден, шет-шетінен, өз-өзінен, 

бас-басына, бет-бетімен, топ-тобымен, рет-ретімен, бір-бірлеп, мың-мыңдап, 

бірте-біртелеп, ақырын-ақырындап, қыт-қыттап, аз-аздап.

          Бір сөздің қайталануынан жасалған кейбір қос сөздердің екі сыңарына 

да   септік   жалғаулары   (шығыс   және   барыс)   жалғанады:   жылдан-жылға, 

қолдан-қолға, күннен-күнге, тектен-текке, сақтан-саққа.

           Жалғау бір сөздің қайталануынан жасалған қос сөздердің кейде бірінші 

сыңарына, кейде екінші сыңарына жалғанып айтылады. Екі вариантында да 

араларына дефис қойылады: бір-бірімен - бірімен-бірі, бір-бірінен - бірінен-

бірі, бір-біріне - біріне-бірі, бір-бірін - бірін-бірі, өз-өзінен - өзінен-өзі, өз-

өзімен - өзімен-өзі, өз-өзін - өзін-өзі.

           Алдыңғы сыңарына III жақ тәуелдік жалғауы жалғанып та бір сөздің 

қайталануынан қос сөз жасалады: аттысы-атты, жаяуы-жаяу, бары-бар, жоғы-

жоқ, бірі-бір, екісі-екі.

                   Бір етістіктің болымды және болымсыз тұлғада тұрып қайталануы 

арқылы   да   қос   сөз   жасалады:   барар-бармастан,   келер-келмесі,   кірер-

кірместен, айтты-айтпады, барды-бармады.

      ә) Қарсы мәнді сөздердің қатар келуі арқылы жасалған қос сөздер: ертелі-

кеш, жақсы-жаман, күн-түн, азды-көпті, кешелі-бүгінді.

           б)   Екі сыңары да мағыналы қос сөздер. Олар көбінесе жинақта мәнін 

білдіреді: ата-ана, мал-жан, құрт-құмырсқа, ыдыс-аяқ, ұрыс-қағыс, ат-арба, 



жаздым-жаңылдым, тапқан-таянған, билеп-төстеп ,сылап-сипап, төрт-бес, он-

он бес, отыз-қырық.

      в) Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз (бұл күнде түсініксіз) 

қос сөздер. Бұлардың түсініксіз компоненттері басқа түркі, монғол тілдерінде 

жеке қолданылатын немесе көнерген сөздер болады: бала-шаға, жолдас-жора, 

киім-кешек,   жол-жөнекей,   жүн-жұрқа   ,келін-кепшек,   көрші-қолаң,   кәрі-

құртаң, телегей-теңіз, хабар-ошар, қиын-қыстау, құда-анда, көл-көсір, тоқты-

торым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет