ТӨЛ СӨЗДІҢ ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ
Төл сөз екі түрлі қолданылады: бірі - төл сөзді мәтін ішінен бөлмей,
абзацсыз (жаңа жолсыз) қолдану, екіншісі - төл сөзді абзацпен бөліп тастау.
Бірінші жағдайда төл сөз тырнақшаға алынады, екіншіде сызықша
арқылы жазылады:
Әкей оқта-текте иығын қозғап қалып, күбірлеп сөйлеп те қояды:
"Генерал-поручик!.. Ол менің ротамда сержант қана еді! Содан бері көп-ақ
өткені ме?.." (А.С.Пушкин).
- Асан үйінде екен, - деді біреу жүгіріп кеп.
-Қалима ше?
- О да үйінде (С.Мұқанов).
Төл сөз бен автор сөзінің орналасу тәртібіне қарай тыныс белгілері
былайша қойылады:
I. Әуелі төл сөз, одан кейін автор сөзі келгенде, төл сөз екі жағынан
тырнақшаға алынады да автор сөзінен бұрын, төл сөз болып тұрған сөйлем
хабарлы болса, үтір мен сызықша; лепті болса, леп белгісі мен сызықша;
сұраулы болса, сұрау белгісі мен сызықша қойылады. Сондай-ақ көп нүкте
мен сызықша да қойылады. Мұндайда үтір тырнақшаның сыртына қойылады,
ал сұрау, леп белгілері және көп нүкте тырнақшаның ішіне қойылады:
"Мұны мен бұрын бір жерден көрдім ", - деп ойлады ұста.
"Мұның кім екенін қайтсем де білуім керек!" - деп өзіне серт берді ұста.
"Бұл кім болды екен, әлде..." - деп ойлай бастады ұста.
Сызықшаға алынып жазылуға тиісті төл сөздердің тыныс белгілері де дәл
осындай. Тек олар екі жағынан тырнақшаға алынбайды. Оның орнына төл
сөздің алдына сызықша қойылады да, жаңа жолдан басталып жазылады:
Кісілер тарап кеткеннен кейін, ол Павелға қарап:
-Павлуша, сен социалиспісің? - деп сұрады (М.Горький).
2. Сөйлем тырнақшаға алынған төл сөзбен аяқталып тұрса, нүкте
тырнақшаның сыртынан, ал леп, сұрау белгілері мен көп нүкте тырнақшаның
ішінен қойылады:
Ұстаның ойлағаны: "Мен мұны бір жерде көрдім ".
Ұстаның ойлағаны: "Мен мұны қайдан көрдім ?".
3. Автор сөзі төл сөздің ортасында келгенде, тыныс белгілері
төрт түрлі қойылады:
а)
Автор сөзі төл сөз болып тұрған тұтас сөйлемді екіге бөліп
тұрса, автор сөзінің алды-артынан үтір мен сызықша қойылады.
Төл сөздің екінші жартысы кіші әріптен басталып жазылады. Мысалы:
- Мені, - деді Амантай далаға шыққан Асқарға. - губернатор
шақырған екен. Еріп жүрші, шырағым. (С.Мұқанов). “Я, - деп
ойлады, шелегін босағаға қойып ...далаға шыққан Айбала, - қуанатын
жөні”
ә) Екіге бөлінген төл сөздің бірінші жартысы өз алдына хабарлы сөйлем
болса, автор сөзінен бұрын үтір мен сызықша, автор сөзінен кейін нүкте мен
сызықша қойылады. Төл сөздің екінші жартысы бас әріптен басталып
жазылады. Мысалы:
- Трест жанып жатыр, - деді Валя келтесінен, даусын көтере сөйлеп. -
Мама, мен барып ұйықтаймын (А.Фадеев).
- Жоғары шық, - деді үйге кірген Асқарға Балтабек. - Ағаңның қолына су
құй, қалқам Ботагөз.
- Амантай да бірге келді, - деді Асқар қалтасынан сәби Амантайдың суретін
Ботагөзге ұсынып. - Жолда көрдім, аман! (С.Мұқанов).
б)
Екіге бөлінген төл сөздің бірінші жартысы лепті не сұраулы
сөйлем болса, немесе леп белгісі қойылуға тиісті қаратпа, одағай
сөздер болса, автор сөзінің алдынан тиісті леп белгісі не сұрау белгісі
мен сызықша қойылады да, соңынан нүкте мен сызықша қойыла
ды. Төл сөздің екінші жартысы бас әріптен басталып жазылады, ал
автордың сөзі кіші әріптен басталып жазылады. Мысалы:
-
Бұл не жұмбақ? - десті екеуі қосынан. – Көл ортасында бұл
жалау қайдан пайда болды? (С.Мұқанов).
-Жолдастар!-дедіПавел.- Өмір бойы алға ұмтылайық! (М.Горький).
в) Төл сөздің бірінші жартысынан кейін көп нүкте қойылуға
тиісті болса, автор сөзінің алдынан көп нүкте мен сызықша, автор сөзінен
кейін алдыңғы бөлікке қарай не үтір мен сызықша (егер төл сөздің бірінші
жартысы өз алдына сөйлем болмаса), не нүкте мен сызықша (егер төл сөздің
бірінші жартысы өз алдына сөйлем болса) қойылады. Мысалы:
-Жаңа... - деді шал сасқалақтап, - Итбайдың төре баласы Сарыбас...
солдатпен кеп шешеңді атып өлтіріп кетті... Саған кетті...Жасырын!
(С.Мұқанов).
Енді айналмай-ақ қоярмыз... - деп сыбырлады. - Былайырақ шығайық та,
ауладан аттап түсейік... (А.Фадеев).
Кейде автор сөзі төл сөздің ортасында бір, соңында бір келеді. Ондайда
автор сөзінің алдыңғысына тыныс белгілері төл сөздің екіге бөлініп
қолданылғанындай қойылады. Соңғысының алдынан әдеттегідей тыныс
белгілері қойылады. Мысалы:
Алдыңғы күні барлаудан қайтып келіп, Семён маған:
- Санитар машинасымен бара жатқан бір қазақ қызын көрдім. Құдай
біледі, сол сенің Ақботаң, - деді. - Мұндай ұқсамас. - деп бастады да,
артығырақ кетіп бара жатқанын өзіде аңдап, тоқтай қалды (Ғ.Мүсірепов).
- Әрине, түсінем ғой. Бізге қай жерде жасалған танкіні жіберсе де бәрібір
ғой. Тек танк болсын. Бірақ әлдене үшін Сталинград
танкілерін көргім келеді, - деп жымиды да, - туысқаным келердей күтемін, -
деп аяқтады (Ғ.Мүсірепов).
Төл сөз бен автор сөзін байланыстырып тұрған деп етістігінен кейін
төл сөзге қатысты етістік келсе (деп сұрады, деп ойлады, деп үн қатты, деп
айғайлады, деп сыбырлады т.б.), деп-тен кейін үтір қойылмайды. Мысалы:
Абай Асылбайдан:
-Қалада не хабар бар? - деп сұрады (М.Әуезов).
"Егер Амантай аман болса, кескіні маған ұқсайды, мен інісі едім дейін", - деп
ойлады ол (С.Мұқанов).
Егер деп-тен кейінгі етістік төл сөздің айтылуынан соң болатын істі білдірсе,
деп-тен кейін үтір қойылады:
Тұр! - деп, біреу қаттырақ дауыспен оятты (С.Мұқанов).
...Бірақ ондай-ондай сән табылар, ән табылмайды ғой! - деп, шімірікпей күлді
де, жастарға қарай бұрылды (М.Әуезов).
Бір сағаттан кейін сыртқа шығарсың, Сикорскийдің конторына кел, - деп,
кейін қарай бет алды (Ғ.Мүсірепов).
Төл сөзден кейін де етістігінің десе, дегенмен, дегенде, деген соң,
дегенше, дегеннен кейін, деді де тұлғалары тұрса, бұлардан соң үтір
қойылады. Бұлардан кейінгі сөздер автор сөзі болмай, төл сөз болса, қос
нүкте қойылады. Мысалы;
Бозторғайды аяған жұрт: "Бұ бишара неге төмен қарай ұмтылмайды,
неге жоғарылай береді?"- десе, біреу: "Төмендесе-ақ қағып түспей ме
тұрымтай, соны біліп жоғарылап барады, - дейді.
Балалар:
-Айдағанға көне ме ол, ата? - десе: - Неге көнбейді? - дейді
Ораз (С.Мұқанов).
Әшірбек сонда да азсынып:
- Неге ақырын? - дегенде:
- Қатты көмір, - деді Әкім (Ғ.Мұстафин).
Төл сөзден кейінгі де етістігі деді, деп еді, дейді, деген еді сияқты тиянақты
тұлғаларда тұрса, одан кейінгі автор сөзі өз алдына тиянақты не бағыныңқы
сөйлемдер болса, араларына үтір қойылады:
Менің есебімді бер! - деді ол, Кенжетай ұсталып кеткесін (С.Мұқанов).
А... Мен өзім де солай шығар деп ойлап ем... - деді де, Быков өз жөніне кетті
(Ғ.Мүсірепов).
Алма, сен жақсы салдың еске! - деді Жанат, есіне жаңа түскендей
(Ғ.Мұстафин).
Әдебиеттер:
1. Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы. Алматы 1991.
2. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері.Анықтағыш.Алматы 1996
3. Р.Сыздық..Қазақ тілінің анықтағышы. Алматы, 2000.
4. Әбілқаев Т. Қазақ тіліндегі төл сөз бен төлеу сөз. А.,1956.
5.Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі. А., 1995.
6. Мұсабекова Ф. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері. А., 1959
Достарыңызбен бөлісу: |