Дәріс 11-12. Сөз мәдениетінің лингвокогнитивтік негіздері. Сөздің коммуникативтік сапалары. Тілдік және тілдік емес нормадан прагматикалық мақсаттағы ауытқудың түрлері мен типтері. Сөйлеу тілінің лексикалық, фонетикалық морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін ажырату дағдылары.
Сөз мәдениетінің жаңа кезеңінде тек тілдік нормалар ғана ескерілмейді. Тілдік, коммуникативтік, этикалық нормалардың жиынтығы сөйлеуші кім, қабылдаушы кім, қандай ортада сөйлеп тұр, ортаның мәдени дәрежесі қандай деңгейде деген мәселелер кіреді. Сөйлеу мәдениеті ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл күйге әсер ету шынайылығы, көркемдігі деген мәселелерді қамтиды. Сөз мәдениетін қалыптастыруда оған қарама қарсы құбылысң себебін, қоғамда болып жатқан алғышарттарды анықтап алу керек. Оған мына мәселелер кіреді:
Тілдік ситуация
Тілідік сана
Тілдік орта
Тілдік ортаның тазалығы
Сөз қызметіндегі стилистикалық баланстардың бұзылуы
Сөйлеу этикасының проблемалары
Сөз мәдениеті және мониторинг.
Тілдік импульс . Ұлттық тілге импульс беретін қоғамдағы атқарылып жатқаен шаралар, игі істер, үгіт насизат жұмыстары, оның халықтық мәні мен мен мазмұнын түсіндіретін бағыттары, ұлттық заңдылығын түсіндіру мәселелері.
Дәріс13.Сөйлеу қателіктері және оның түрлері Варианттылық және оларды кодификациялаудың негіздері
Қазақ ұлттық әдеби тілінің нормасы мен тілдің табиғи нормаларын сақтау сөз мәлениетінің басты мәселесі. Сонымен қатар түрлі себептерден тілдік нормалардың бұзылу себептерін, дұрыс қолданбаудың себептерін анқтау да маңызды орынға ие. Қазаұ тілі стилистикасында стилистикалық қателер деген бар. Стилистикалық қателер белгілі бір сөйлеу жағдайына сай келмейтін, стилистикалық нормадан ауытқудан туады. Ауызша және жазбаша сөз мәтіндеріндегі уәжді, уәжсіз ауытқудың сөйлеу тілінде орын алуы себептері тілдік қателіктер ретінде талданады. Тілдік қателіктер мен стилистика лық қателіктер сөз мәдениетінің қарастыратын негізгі мәселелері.Р.Сыздық тілдік қателіктерді көрсету үшін, алдымен тілдік нормалардың базасын анықтап алу қажет дейді. тілдік қателіктерге мыналар жатады: түрлі жаргондар мен дөрекі лексикалық бірліктер, тұрақты тіркестердің түрлі өзгеріске түскен варианттары, сөз тіркестерінің мәнсіз байланывсу формалары айтылуда және жазылуда жиі ұшырасады. Айтушының әдеби тілдің орфоэпиялық нормаларын сақтап сөйлемеуі де сһйлеудегі қателіктерге ұрындырады. Бір тіркестің екінші сөзбен тіркесуге болмайтын сәттері болады.
Жеке тұлғаның сөз кемшіліктері нің басты себептері:
Тілдік ортаның ықпалы
Сөйлеу дағдарысының төмендігі
Жеке тілдік тұлғаның өзіне тән кемшіліктері
Сөздік қорының аздығы
Функционалды стильге тән тілдік бірліктерді дұрыс қолданбау
Деректі жағдаятқа байланысты тілдік бірліктерді дұрыс пайдалана білмеу, мысалы, Жаз маусымында елімізде өрт жиі орын алып отыр. Мемлекетке, парламентке шықты. Сау саламатта тұрыңыздар. Ол үйге барады ма? Ол қайтып келеді ме?
Дәріс 14. Этика және сөз мәдениеті. Сөздік қатынастардағы тиімді стратегиялар мен тактикалар. Қарым-қатынас аясында оқу, тыңдау. жазу дағдыларын жетілдіру.
Сөздік стратегия мен тактика.Сөз этикеті және сөз мәдениеті. Этикалық норма. Этика адам мінез құлқы принциптерінің жиынтығы. Этикет дегеніміз өзін өзі ұстаудың, басқа адамдармен қатынас жасаудың, мінез құлықтың қабылданған, қолданылып жүрген тіртібі. Сөйлеу этикеті дегеніміз қоғамдағы мінез құлықтың ережелері, өзара қатынастарда, іскерлік байланыстардла қолданылатын тұрақты сөз формулаларының жүйесі. Әр халықтың өзіне тән ұлттық сөйлеу этикеті болады. В.Овчиников «Сакураның бұтағы» деген кіт абында жапон этикетінің ерекшеліктерін былай суреттейді: «Жапондықтар бір бірімен сөйлескенде «жоқ, «мүмкіндігім жоқ», «білмеймін» деген сөздерді айтпауға тырысады. Тіпті екінші шыны кофеден бас тартқанда, «(рахмет, керек емес« дегеннің орнына «мен өзімді онсыз да тамаша сезініп отырмын» деген сөз қолданыстарын пайдаланады. Клиентпен фирманың жұмыстары бойынша қатынас жасаған кезде сачсат, дін, әйелдер туралы әңгімелер қозғауға және клиенттің табысы, жеке өмірі, тұратын үйі мен көлігінің құны туралы сұрауға болмайды.
Тілдік факторлар арқылы жіберілетін қателіктер интонацияның бұзылуы, дөрекі сөздерді қолдану болса, тілден тысқары факторларға бейвербалды амалдарды орынсыз қолдану жатады. Сөз этикасы нормаларын бұзу тілдік емес факторлар арқылы жасалады. Біреудің ойын, пікірін өзімдікі деп айту,, коммуниканттар арасындағы «ой ұрлау» мәселесі де этикалық норманы бұзу болып табылады. Адамның деке басын қаралау, жеке тұлғаны балағаттау, адамгершілік қасиеттеріне нұқсан келтіру, сен мен сіз есімдіктер орынды қолданбау, мынау деген есімдікті адамға байланысты қолдану этикалық нормаға жатпайды.