Дәріс тақырыбы: «Дене қасиеттерін (қимылды) жетілдірудің физиологиялық механизмдері»



бет1/6
Дата21.10.2023
өлшемі99,14 Kb.
#120137
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
физология


Дәріс тақырыбы: « Дене қасиеттерін (қимылды) жетілдірудің физиологиялық механизмдері »
Құрастырушы: Р.Б.Лесбекова
Дәрістің мақсаты: Дене сапаларын (қимылды) жетілдірудің физиологиялық механизмдерін зерттеу
Дәріс жоспары:
Дене сапаларын жетілдірудің жалпы механизмдері.
Бұлшық ет күшінің физиологиялық сипаттамасы.
2.1. Күштің жетілуінің жас бойынша ерекшеліктері және күштің қоры.
Шапшаңдықтың физиологиялық сипаттамасы.
3.1. Щапашңдықтың жетіліунің жас бойынша ерекшеліктері және шапшаңдықтың қоры.
4. Төзімділіктің физиологиялық сипаттамасы.
4.1. Төзімділікті жетілдірудің физиологиялық механизмдері.
4.2. Төзімділікті анықтайтын және шектейтін факторлар.
5. Ептіліктің және иілгіштіктің физиологиялық сипаттамасы.
1. Дене сапаларын жетілдірудің жалпы механиздері.
Физиологияда төмендегідей дене сапалары бар: күш, шапшаңдық, төзіміділк, ептілік және иілгіштік.
Жеке тіршілік процесінде дене сапаларын жетілдірудің жалпы механизмі – үлкен ми сыңарларының қабықшасында және қабықшаасты бөлімдерінде уақытша шартты-рефлекторлы байланысты түзу.
Дене сапаларының дамуы шынығу кезінде әртүрлі жүйлердің қорлық мүмкіндіктерінің қосылуын сипатттайтын ағзадағы биохимиялық, құрылымды және функционалді өзгерістердің жиынтығы арқылы жүзеге асады.
Дене сапаларының жетілуі кезінде жұмыстың ПӘК (пайдалы әсер коэффициентінің) артуын сипаттайтын бұлшық ет қызметінің үнемделуі жүреді.
Дене сапаларының жетілуі кезінде ағзаның гомеостаздың өзгерістеріне қарсы тұруы артады.
Дене сапаларының дамуы кезінде суперкомпенсация құбылысы байқалады. Мысалы, күштің дамуы кезінде АҮФ-ң және КрФ-ң шоғырлануы бастапқы күйден артып кетеді, бұлшық ет талшықтарының гипертрофиясы дамиды. Төзімділіктің дамуы кезінде ОМҚ, гликогеннің, бос май қышқылдарының жинақталуы артады. Шапшаңдықты дамытқан кезде қимыл орталықтарының лабилдігі және қозғыштығы артады.
Дене сапаларының өзара байланысы бұлшық ет қызметінің (шынығудың) бастапқы кезеңінде барлық дене спаларының өсімін қаматамасыз етеді, ал соңғы кезеңдерде жоғары дәрежелі спортшыларда бір дене сапасы басқаларымен өзара теріс байланыста болуы мүмкін (жалпы және шапшаңдықты төзімділік, төзімділік және шапшаңдық, күш және ептілік және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет