Дәріс тақырыбы: «Дене қасиеттерін (қимылды) жетілдірудің физиологиялық механизмдері»


а. Шапшаңдықтың дамуының жас бойынша ерекшеліктері және шапшаңдықтың қорлары



бет4/6
Дата21.10.2023
өлшемі99,14 Kb.
#120137
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
физология

3а. Шапшаңдықтың дамуының жас бойынша ерекшеліктері және шапшаңдықтың қорлары.
Шапшаңдықтың ең көп өсімі шынығу нәтижесінде балалрда 9-12 жас аралығында байқалады, ал максимальды мәніне 14-15 жаста жетеді.
Адамның жасы ұлғая келе бұлшық еттердегі талшықтар шапшаңдығы төмендейді. Бұлшық ет құрамына байланысты бұлшық ет жиырылуының шапшаңдығы төмендейді.
Шапшаңдықтың физиологиялық қоралы: 1) жүйке және бұлшық ет жасушаларының лабилдігінің артуы; 2) мидағы жүйке процестерінің қозғалмалылығынң артуы; 3) қозудың синапстар арқылы өту уақытының қысқаруы; 4) бұлшық еттердегі ҚБ белсенділігінң үйлесімділігі; 5! Антогонист-бұлшық еттердің уақытылы тежелуі; 6) бұлшық еттер босаңсуының шапшаңдығының артуы.
4. Төзімділіктің физиологиялық сипаттамасы.
Төзімділік дегеніміз арнайы жұмысты ұзақ уақыт бойын немесе берілген бір уақыт ішінде тиімділігін төмендетпей орындай алу қабілеті, Басқаша айтқанда, бұл адамның шаршауды жеңе алу қабілеті. Төзімділік – жұмысқа қабілеттіліктің өлшемі.
Төзімділіктің жалпы және арнайы екі түрі бар. Жалпы төзімділік үлкен бұлшық ет топтарының қатысуымен кез келген циклді жұмыстың бірқалыпты қуатты аймақта ұзақ уақыт орындай алу қабілетімен сипатталады. Арнайы төзімділік нақты бір қимыл әркетін орындау кезіндегі жұмысқа қабілеттіліктің тиімділігн сақтай алу қабілеті. Арнайы төзімділіктің өзі статикалық, күшті, шапшаңдықты, циклді спорт түрлеріне төзімділік, ситуациялы спорт түрлеріне төзімділік, айналдыруларға және үдеуге төзімділік, гипоксияға төзімділік болып бөлінеді.
Спорттық физиологияда төзімділік - спортшының негізінен немесе тек аэробты сипатты кең ауқымды бұлшық ет жұмысын ұзақ уақыт орындай алу қабілеті ретінде анықталады. Осыған орай, жалпы төзімділіктің физиологиялық негізін адамның аэробты мүмкіндіктерінің – жұмысты тотығу реакциясының қуаты есебінен орындай алу қабілетінің жоғары деңгейі құрайды.
Аэробты мүмкіндіктер бірқатар жайттарға байланысты: 1) аэробты қуаттылық, ОМҚ-ң (оттегінің максимальды қолданылуының) абсолютті және салыстырмалы мөлшерлерімен; 2) аэробты сыйымдылықпен – барлық жұмыс уақыты бойындағы оттегігінң қолданылуының жинақты мөлшерімен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет