5. Шаршаудың биологиялық маңызы. Шаршаудың биологиялық маңызы – ол уақытылы ағзаны зорығып кетуден сақтайды. Шаршаудың қайталануы ағзаның функционалды мүмкіндіктерін арттырады, өйткені физиологиялық және биохимиялық ығысулар ағзаның дене жүктемелеріне бейімделу мүмкіндігін арттыра отырып, қалпына келу процестерін жетілдіреді.
6. Бұлшық ет қызметінен кейінгі қалпына келу процестерінің физиологиялық сипаттамасы. Процестің қалпына келуі дегеніміз ағзаның қызметтік күйден тыныштық күйге көшуі немесе жұмыс аяқталғаннан кейінгі функционалді жүйелердің қызметінде жүретін өзгерістер жиынтығы. Қалпына келу процестері жұмысты орындау кезінде жүруі мүмкін (әсіресе ауыспалы қуатты жұмыстың орындалуы кезінде), бірақ, негізінен жұмыстан кейін жүреді. Қалпына келу процестері жүретін уақыт – қалпына келу кезеңі деп аталады.
Қалпына келу – ағзаның тек қана жұмыс алдыңғы күйге қайтуы емес, бұл кезеңде ағзаның функционалды күйін арттыратын өзгерістер жүреді, яғни шынығудың оң тиімділігі артады.
7. Қалпына келу процестерінің физиологиялық заңдылықтары. Қалпына келу процестерінің бірқатар заңдылықтары бар:
қалпына келу процестерінің біркелкісіздігі. Жұмыстан біте салысымен қалпына келу тез жүреді, кейін оның шапшаңдығы төмнедейді де, баяу қалпына келу кезеңі қалыптасады. Мұндай заңдылық көбіне ауыр дене жұмысынан кейін байқалады. Бірқалыпты жүктемелрден кейін ғана тез қалпына келу кезеңі байқалады;
қалпына келудің гетерохрондылығы (әртүрлі уақыттылығы) дегеніміз ағзаның әртүрлі қызметтері тыныштық күйге әртүрлі уақытта және әртүрлі жылдамдықпен өтуі. Алактатты оттектік борыш тез қалпына келеді. Кейіннен ЖСЖ, ТЖ, АҚҚ және т.б. Баяу, 2-3 тен 7 тәулік арасында гемоглобиннің, эритроциттердің, лейкоциттердің мөлшері, ОМҚ, зат алмасу қалпына келеді;
Қалпына келудің сатылығының мәні – жұмыстан бас тартқанға дейін орындалатын жаттығулардан кейін жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі оның жоғарылауымен кезектесіп отырады. Қалпына келудің екі сатысы бар: 1 саты – жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі және 2 саты – жұмысқа қабілеттіліктің артуы немесе суперкомпенсация;
қалпына келудің таңдаулылығы кезінде жүктеме біршама көп түскен бұлшық еттердің жұмысқа қабілеттілігі аз жүктеме түскендердегілерге қарағанда кеш қалпына келеді.
Қалпына келудің маңызды факторы – адамның жасы. Балаларда жүктемеден кейін қалпына келу тезірек жүреді, бірақ төзімділікке берілген жүктемелерден кейін баяу жүреді. Егде жастағы кісілерде жұмыстың уақытының қысқалығына қарамай қалпына келу баяу жүреді.