Дәріс 4.
Тақырыбы: Инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық құжаттары.
Мақсаты: Инклюзивті білім беруге қатысты халықаралық конвенциялармен, декларациялармен және ережелермен танысу.
Негізгі терминдер: инклюзивті білім беру, мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедектер, даму ерекшеліктері
Дәрістің негізгі сұрақтары:
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығын, еркіндігі мен бостандығын сақтаудағы отандық және халықаралық нормативтік құжаттар.
Халықаралық құқықтық құжаттардағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың еркіндігі мен бостандығы туралы негізгі ережелер
Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін демократияландыру, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, дамытуға және оқытуға гуманистік көзқарастарды бекіту кезеңінде барлық балалардың, оның ішінде осал топтағы балалардың: ауылдық және бөлек жерлерде тұратын балалардың, этникалық және тілдік азшылықтардың балаларының, ВИЧ-инфекциясына және ЖИТС-ға ұшыраған балалардың, көшіп-қонушы балалардың, сондай-ақ даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және оқуда әртүрлі қиындықтарға тап болған адамдардың шығармашылық дамуына, өздігінен білім алуына, кәсіби дамуына қолайды жағдайлар жасау проблемасы аса өзектілікті талап етеді.
Қазақстан Республикасының заңнамасында адам құқықтары саласындағы негіз қалаушы халықаралық құжаттарға сәйкес елдің барлық балалары үшін білім алуға тең құқықтар қағидаты көзделеді. Балалардың білім алу құқығының кепілдіктері Қазақстан Республикасының Конституциясында, "Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы", "Білім туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген.
Халықаралық конвенциялар, декларациялар, ережелер
"Бала құқықтары туралы" БҰҰ конвенциясы.
БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған: 1989 жылғы 20 қарашадағы 44/95 қарары
Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты ережелері.
БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған: 1993 жылғы 20 желтоқсандағы 48/96 қарары
Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға білім беру саласындағы қағидалар, саясат және практикалық қызмет және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға білім беру бойынша іс-қимыл шеңбері туралы Саламанка декларациясы", Саламанка, Испания, 1994
Дакар іс-қимыл шеңбері: барлығына білім беру: ұжымдық міндеттемелерімізді орындау. Дүниежүзілік білім форумымен қабылданды (Дакар, Сенегал, 2000 ж. 26-28 сәуір)
Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы. БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған: 2006 жылғы 13 желтоқсандағы 61106 қарары
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы
Қазақстан Республикасының Конституциясы
Қазақстан Республикасының "Бала құқықтары туралы" Заңы
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы
"Қазақстан Республикасының "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңы
"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңы
"Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңы"
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу процесі қандай нормативтік және құқықтық негіздермен реттеледі?
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның негізгі пікірталас мәселелерін бөліп көрсетіңіз.
Әдебиеттер тізімі:
Саламанская декларация и рамки действий по образованию лиц с особыми потребностями, принятые Всемирной конференцией по образованию лиц с особыми потребностями: доступ и качество, Саламанка, Испания, 7-10 июня 1994года.
Закон РК «Об образовании» (в последней редакции).
Концепция развития образования РК 2015г.-Астана 2015.
Педагогика и психология инклюзивного образования/под ред.Ахметовой Д.З.-Казань: Изд-во «Познание», 2013.
Deklaracia-1948-rus.rar
Konvencia-1989-rus.rar
Deklaracia-1990-rus.rar
Pravila-1993-rus.rar
Salamanskaj-Deklaracia-rus.rar
Dakarskie-ramki-rus.rar
Konvencia-2006-rus.rar
Deklaracia-deti-1990-rus.rar
Достарыңызбен бөлісу: |