Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі 1-дәріс «Қазіргі замандағы білім беру және оның даму тенденциялары»


Тәрбиенің түрлері мен олардың өзгешеліктерінің сипаттамасы



бет18/40
Дата21.12.2022
өлшемі149,69 Kb.
#58604
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40
Байланысты:
крат содер лекции 2

Тәрбиенің түрлері мен олардың өзгешеліктерінің сипаттамасы.
Тәрбиенің барлық түрлері мектептің тұтас педагогикалық процесінде ғылым негіздерін үйренуде, сонымен қатар отбасында да жүзеге асады. Оқушылар мектептегі білім мен тәрбие алған барлық жылдары бойы адамзат еңбегімен құрастырылған өмір мен мәдениет құндылықтарымен танысады.
Педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында тәрбие түрлерінің әртүрлі негіздер бойынша топтастырылатыны көрінеді. Ең жалпылама топтастыру көне дәуір философтарының ілімдерінен бастау алатын ақыл-ой, рухани, адамгершілік, еңбек, дене тәрбиесін қамтиды.
Қоғамдағы әлеуметтік экономикалық өзгерістерге және тәрбие жұмысының көптүрлігіне байланысты азаматтық, саяси, ұлтаралық, адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене шынықтыру, құқықтық, экологиялық, экономикалық тәрбие түрлерін ажыратады.
Әртүрлі әлеуметтік институттарға қарайтындығына байланысты отбасылық, мектептік, мектептен тыс, конфессиялық (діни), балалар, жасөспірімдер ұйымдарындағы, арнайы білім беру мекемелеріндегі тәрбие түрлері болып бөлінеді.
Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты авторитарлық, демократиялық, либералдық, еркін тәрбие түрлері орын алады.
Философиялық тұжырымдардың ерекшеліктеріне сәйкес прагматикалық, аксиологиялық, ұжымдық, жеке тәрбиелеу түрлері болады. Қысқаша түрлеріне тоқталып өткен жөн.
Ақыл-ой тәрбиесі – балалардың ақыл-ой күштері мен қабілеттерін дамыту, ой еңбегін игеру арқылы қоғам, адам туралы ғылыми білімдер жүйесін меңгеру процессіне мақсатты және жоспарлы түрде ықпал ету.
Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты – балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:
– танымдық қызығушылықты дамыту;
– танымдық белсенділікті қалыптастыру;
– белгілі білім көлемін меңгеру;
– ғылыми көзқарасты қалыптастыру;
– ақыл-ой күштерін, қабілеттерін дамыту;
– ғылыми ақпараттар ағысында өз бетінше білім алуға ынталандыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет