Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі 1-дәріс «Қазіргі замандағы білім беру және оның даму тенденциялары»



бет26/40
Дата21.12.2022
өлшемі149,69 Kb.
#58604
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40
Педоцентристік тұжырымдама бойынша оқыту процесінде негізгі рөл бала іс-әрекетіне беріледі. Оның негізіне Д.Дьюй (1859-1952), Г.Кершенштейнер (1854-1932), В. Лай (1862-1926) дидактикасының жүйелері жатады.
Бұл теория баланы және оның әрекеттерін бірінші орынға қояды. Дж.Дьюи, Г.Кершенштейн, В.Лай осы ілімнің жақтаушылары және әзірлеушілері болып саналады. Мұғалімдер оқу процесін оның қажеттіліктеріне, өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, ең алдымен балаға қызықты болатындай етіп құруға ұмтылады. Бұл жағдайда оқу табиғи болып табылады. Баланың өзі белгілі бір білімді алу қажеттілігін түсінеді. Д.Дьюй оқыту процесін баланың қажеттіліктері, қызығушылығы қабілетіне қарай құруды ұсынды. Оқыту мақсаты - баланың жасы және ақыл-ой қабілетін, түрлі іскерліктерін дамыту. Оның тұжырымдауынша оқыту бұл дайын білімдерді айтып беру, жаттау және жаңғырту емес, оқушылардың алған білімдерін іс-әрекетте қолдануы.
B.P. Есіпов бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған дидактика бойынша оқу құралының, педагогикалық училищелер мен институттарға арналған педагогика оқулықтарының, сондай-ақ білім беру және педагогика тарихы бойынша зерттеулердің авторы.
Ы.Алтынсарин педагогикасының мұраларының негізгі идеяларының бірі – адамның өзара қарым–қатынасы, жастарды еңбекке баулу.
20-30жж. қазақтың ағартушы педагогтарының ішінен А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М. Дулатов, М. Жұмабаев және т.б. айтуға болады. Олар отандық педагогика мен мектептегі оқытудың дамуына тарихи-мәдени мұра мен қазақ халқының салт-дәстүрлері тұрғысынан көп үлестерін қосты.
Атақты ғалым, профессор Р.Г.Лемберг өзінің көптеген еңбектерінде шығармашылық оқыту әдістерін қолдану, оқу үрдісінің психологиялық аспектісі, оны белсендендірудің тәсілдері мен жолдарын сипаттайды.
Жаңа педагогиканы шығармашылықпен іздеуде кейіннен өздерінің педагогикалық мектебін ашқан Р.Г.Лемберг мектебінің оқушылары белсенділікпен қатысты. Бұл профессор Г. А. Умановтың ғылыми мектебі еді, мұнда еңбекке оқыту мен тәрбиелеу, кәсіби-техникалық білім беру мәселелері зертеледі; педагогикалық үрдіс мәселелері және педагог кадрларды дайындауды Н.Д.Хмель ғылыми мектебін зерттеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет